Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  128.  Сөйлемдер  өзін  құрастырушы  сыңарлардың  (компо-



Pdf көрінісі
бет223/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   237

§  128.  Сөйлемдер  өзін  құрастырушы  сыңарлардың  (компо- 
ненттердің)  сипатына  қарай  жай  сөйлем  және  құрмалас  сөйлем 
болып  екі  топқа  бөлінеді.  Жай  сөйлем  сөздерден,  сөздердің 
формаларынан  жасалса,  яғни  жай  сөйлемді  кұрастырушы  сыңар- 
лар создер мен сөз формалары болса, құрмалас сөйлем жай сөйлем- 
дерге  тән  қасиеті  бар  сыңарлардан  жасалады.  Жай  сөйлем  мен 
құрмалас  сөйлемнің  эрқайсысына  тэн  ерекшеліктерді  әңгімелеу- 
ден бұрын жай сөйлемнің түрлері туралы  мэселеге келейік.
Жай  сөйлемнің  құрылымдық  үлгісі  жайында  жогарыда  ай- 
тылды.  Жай  сөйлемнің  құрылымдық үлгісінің  компоненттері,  яғни 
іъі  құрастырушы  элементтер  болып  саналатындар  -   белгілі  бір 
сөз  формалары.  Сөйлемнің  құрылымдық  үлгісін  құрастыратын 
(жасайтын)  мұндай  сөз  формалары  сөйлемнің  түрлаулы  немесе 
бас  мүшелері деп аталады1. Жай  сөйлемнің екі түрлі  құрылымдық 
үлгісі  бар:  оның бірі -  екі  құрамды  (бастауыш-баяндауышты) үлгі 
(двухсоставные  схемы),  екіншісі -   бір  құрамды  үлгі  (односостав­
ные  схемы).  Екі  құрамды  сөйлемнің  құрылымдық  үлгісі  екі  бас 
мүшеден  құралса,  бір  құрамды  сөйлемнің  қүрылымдық үлгісі  бір 
ғана  бас  мүшеден  қүралады.  М үндай  бас  мүше  бір  компонентті 
де,  екі  компонентті  де  болуы  мүмкін.  Мысалы:  1)  Түн.  Вокзал. 
Өрт! және т.б.; 2) Мыңдаган жүргіншілер.  Сіркіреген жауът.
Жай  сөйлемнің  басқа  түрлері  туралы  мәселенің  жеке  (нақты- 
лы)  тіл  білімінің  грамматика  саласының  үлесіне  енетіндігін  еске- 
ріп,  құрмалас сөйлем жэне оның түрлері туралы мэселеге келейік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет