Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет50/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   237
(-шылық,  -шілік),  -шы  (-ші)  жэне  -лық  (-лік),  екінші  құранды 
жүрнақтың  (-гылықты)  -гы  -лық  жэне  -ты  морфемаларының 
(жұрнақтарының)  қосындысынан,  ал  соңғы  құранды  жұрнақтың 
(-ыңқы,  -іңкі)  -ың  (-ің)  жэне  -қы  (-кі)  морфемаларының 
(жұрнақгарының)  қосындысынан  жасалғанын  аңғару  қиын  емес. 
Ал  тілдің  қазіргі  қалпы  турғысынан  алып  қараганда,  аталған 
жұрнақтар  жогарыдағыдай  мүшеленіп  (бөлшектеніп)  жатпайды 
да,  біртұтас  аффикс  -   қүранды  жұрнақ  ретінде  танылады. 
Күрделі  (біріккен)  сөздердің  құрамындағы  сыңарлар  (түбірлер, 
негіздер)  дербестігін  жойып,  бір-біріне  қалай  кірігіп  кететіні 
сияқты, қүранды жүрнақтардың құрамындағы  сыңарлар да (жалаң 
жүрнақтар)  дербестігін  сақтамай,  өзара  бір-біріне  кірігіп  (сіңісіп) 
кетеді.  Соның  нэтижесінде  қүранды  жүрнақ  біртұтас  жүрнақ 
ретінде  үғынылады.  Құранды  (немесе  күрделі)  жүрнақтардың 
жасалуында  морфологиялық  сіңісу  процесінің  (морфологиялык 
сіңісу  процесі  жайында  осы  кітаптың  III  тарауын  қараңыз) 
қатысы  бар  екенін  айту  қажет.  Орыс  тіліндегі  қүранды  (күрделі) 
жүрнақтардың  морфологиялық  сіңісу  процесінің  нәтижесінде 
жасалғандығы  жайында  А.А.  Реформатский  былай  дейді:  «В.А. 
Богородицкий  сіңісу  деп  атаған  осындай  процесс  бойынша, 
түбірлердің  аффикстермен 
қосылып  бірігуінің  нәтижесінде 
негіздер  пайда  болады,  ал  аффикстердің  аффикстермен  косылып 
бірігуінің  нэтижесінде  құранды  аффикстер  пайда  болады.  Мы­
салы,  Надюшенько  дегендегі  -уш еньк-  құранды  (күрделі)  жұр- 
нағында (-уш- -ух-)+(-эн-)+(-к- -ьк-) жалаң жүрнақтары қосылып 
біріккен:  (-аш-)+(-ах-)+(-эч- -ьк-)+(-к- -ьк-)...»].
Біз 
бүлар 
тэрізді 
қүранды 
жүрнақтардың 
жасалуына 
морфологиялық  жылысу  процесі  мен  сіңісу  процесінің  бірдей 
қатысы бар деп ойлаймыз. Мүндай түжырымды мына бір деректер 
дәлелдей  түседі:  тіршілік  деген  сөздің  құрамындағы  -шіпік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет