Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  43.  Сөздің  тұтас  түлгалану  белгісінің  түркі  тілдерінде



Pdf көрінісі
бет75/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   237

§  43.  Сөздің  тұтас  түлгалану  белгісінің  түркі  тілдерінде 
күрделі  сөз  бен  атрибутивті  сөз  тіркесін  бір-бірінен  ажыратуға
66


жарамсыздығы  бұл  тілдерде  сөздің  морфологиялық  тұтастық 
белгісін жоққа шығара алмайды. Бұлай дейтініміз мынадан:  сөздің 
морфологиялық тұтастығы  туралы  ұғым  сөздің түтас  түлғалануы 
туралы ұғыммен тепе-тең емес. Алдыңғы ұғымның мазмұны соңғы 
ұгымнан кеңірек.
Сөздің  морфологиялық  тұтастығы  туралы  ұғыммен  тығыз 
байланысты  бір  ұғым  бар.  Ол  -   сөздің  құрылымдык  тұтастығы 
(структурная  целостность  слова)  туралы  ұғым.  Қү.рылымдык 
тұтастық  сөз  атаулының  барлық  түріне  -   жалаң  сөзге  де  (оның 
ішінде туынды сөзге де),  күрделі сөзге де бірдей тэн,  бірдей ортак 
белгі.  Морфологиялық  құрамы  (немесе  құрылымы)  жағынан  ал- 
ғанда.  түбір  мен жүрнактың қосындысынан жасалған  сөз  болсын, 
түбірлердің  (немесе  негіздердің)  бірігуінен,  қосақталуынан 
немесе  тіркесуінен  жасалған  сөз  болсын,  осылардың  барлығы 
да  біртұтас  (бүтін)  сөз  ретінде  танылып,  құрылымдык  түтастық 
қасиетімен сипатгалады.
Күрделі  сөздің  қүрылымдық  түтастық  белгісінің  мәнісін 
былайша түсіну керек:  күрделі сөздің, эсіресе идиомалық мағына- 
сы  бар күрделі  сөздің,  сыңарлары  орын алмаспайды,  қалыптаскан 
күйінен басқаша түрде тіркесе немесе біріге я  қосарлана алмайды. 
Егер  күрделі  сөздің  сыңарлары  орнын  алмастырып,  қалыптасқан 
күйінен  басқаша тіркесе  қалса,  онда  ол  өзіне тэн  мағынасынан да 
айырылады, күрделі сөз болудан да қалады. М ысалы, көртышцан, 
ңұрбақа,  тасбаца,  көлбақа,  асыц жілік,  цосаяц,  бетпе-бет,  көзбе- 
көз,  сіяц-табац,  цүрт-цүмырсца,  бсща-шаян тэрізді  күрделі  сөздер 
сыңарларының  орнын  алмастырып  айтуға  (мысалы,  «тыищан 
көр»,  «баца  қүр»,  «баца  тас»,  «баца  көл»,  «ж ілік  асьщ»,  «аяц 
цос»,  «бет-бетпе»,  «көз-көзбе»,  «табац-аяц»,  «цүмырсца-цүрт» 
түрінде  айтуға көнбейді.  Ал  еркін  сөз тіркесінде  оның сыңарлары 
ыңғайына  қарай  орындарын  алмастыра  алады.  Мысалы:  таудай 
талап  -   талап  таудай,  айтар  сөз  -  сөз  айтар,  ж үйрік  ат  -   ат 
жүіірік,  өткір пышац -  пышац өткір жэне т.б. Еркін сөз тіркесінің 
қүрамындағы  сөздердің  орны  алмасуынан,  әрине,  синтаксистік 
қатынастың  өзгеруі,  мысалы,  атрибутивті  қатынастың  предика­
ти в ^   қатынасқа айналуы  мүмкін.  Бірақ мұның өзі  еркін  сөз  тірке- 
сінің  күрамындағы  компоненттердің  (сыңарлардың)  орын  алмас- 
тыру мүмкіндігін жоққа шығара алмайды.
67


Құрылымдық 
тұтастығы, 
құрастырушы 
сыңарларының 
орнының  бекемділігі  жағынан  күрделі  сөздер  тұрақты  сөз 
тіркестерімен үқсас келеді.
Сөздің  құрылымдық  тұтастығы,  мейлі  ол  жалаң  (туынды) 
сөз  болсын,  мейлі  күрделі  сөз  болсын,  сөздің  элементтерінің 
(морфемаларының)  аралығына  басқа  бір  сөздің  енуіне  мүмкіндік 
бермейді.  Ал  еркін  сөз  тіркестерінің  сыңарларының  аралығына 
басқа  бір  сөздерді  қойып  айтуға  болады.  Мысалы:  жүіірік  ат
-   ж үйрік  жирен  ат,  тауга  жацын  —  тауга  тіпті  жақын.  Ал 
тасбаца,  цолгст,  асьщ  ж ілік  тэрізді  күрделі  сөздердің  сыңарла- 
рының аралығына, қандай да болмасын, басқа бір сөзді қойып айту 
мүмкін болмас еді.
Сонымен,  жалпы  сөз  атаулыға,  соның  ішінде  күрделі  сөзге, 
өте-мөте тэн белгілердің бірі -  қ ү р ы л ы м д ы қ   гү тасты к  Бүл белгі 
басқа  белгілермен  ұштаса  келіп,  күрделі  сөзді  сөз  тіркестерінен 
ажыратуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет