Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Темекі және махорканы алғашқы өңдеу және сақтау



бет30/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

18.Темекі және махорканы алғашқы өңдеу және сақтау
Темекіні шығарылғаннан кейін екі жылдан кейін ғана сақтауға болады және ол ашылғаннан кейін алты ай ішінде жаңа күйінде қалуы мүмкін, егер ол ауа өткізбейтін контейнерде сақталса және күн сәулесінің тікелей түсетін жерде сақталса
19..Құрама жем өндіру негіздері Құрама жемнің əртүрлі құрауыштарын сақтау технологиясын анықтайтын принциптер негізінен бірдей. Олар сақтауда жатқан өнімдердегі химиялық реакциялардың жылдамдығын азайту жəне олардағы микроорганизмдер мен нан қоры зиянкестерінің дамуына жол бермеуге бағытталған. Өндірісте оны өнімдердің ылғалдылығы мен температурасын төмендету арқылы жүзеге асыруға болады. Алайда, режимдер, əдістер мен мүмкін болатын сақтау мерзімдері өнімнің табиғатына – оның химиялық құрамына, биохимиялық ерекшелігіне жəне физикалықмеханикалық қасиеттеріне байланысты. Сақтау əдістерін жəне оған қажетті техникалық құралдарды таңдау сақталатын өнім мөлшеріне байланысты. Құрауыштарды сақтаудың қажетті режимдерін жүзеге асыру үшін кептіру, əртүрлі суыту əдістері – желдету, атмосфералық ауамен белсенді желдету жəне т.б. қолданылады. Өнімнің ылғалдылығы, температурасы жəне сақтауға тұрақтылығына байланысты үйінді мен қаптардың биіктігін анықтайды. Бұндай 436 жеңілдеу əдіс сақтаулы жатқан өнім масасындағы жылу ылғал алмасуы мен аэрациясы жағдайын реттеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары құрауыштарды сақтаудың басқа əдістері – оттегінің, консервілеуші құралдардың аз мөлшерін сақтайтын, реттелетін газ орталары кең қолданылуда. Көбінесе, техникалық майлар, шөп ұнындағы каротин, балық ұнындағы майды тұрақтандыру үшін антитотықтырғыштарды қолданады. Құрама жем құрамына антитотықтырғыштарды қолдану дəрумендердің тұрақтылығын жоғарылатады. Құрама жемнің сапалы сақталуын қамтамасыз ететін негізгі шараларға: – құрама жемді дұрыс жайғастыру; – олардың түрлері ме рецептері бойынша араласуын болдырмайтын жағдайларды жасау; – сақтау кезіндегі құрама жемнің күйін жүйелі бақылау; – құрама жем зауытының территориясы мен қоймаларда дұрыс санитарлық жағдайды қалыптастыру жатады. Құрама жемді дұрыс сақтамағанда микроорганизмдердің өміршеңдігіне байланысты онда үдерістер жүреді. Бұл үдерістер оның сапасын нашарлатады. Əртүрлі малдың, құстың түрі мен тобы бойынша құрама жемді рецепт нөмірі бойынша олардың араласып кетуін болдырмайтын етіп, бөлек сақтайды. Дайын құрама жемді жемдік шикізаттар, дəнді дақылдар, ұн жəне жармамен бір қоймада сақтауға болмайды. Шашыранды құрама жемді сақтауда оның күйі мен сапасын бақылауға мүмкіндік беретін дұрыс жағдайлар қамтамасыз етілуі қажет. Сақтауда жатқан құрама жемнің температурасын термоштангалармен өлшейді. Ылғалдылығын 15 күнде бір рет өлшейді. Иісі мен зиянкестермен зақымдануын орташа сынама бойынша құрама жемнің температурасы 100 С жəне одан төмен болғанда 15 күнде бір рет, ал температурасы 100 С жоғары болғанда аптасына бір рет тексереді. Құрамына қан жəне етті-сүйек ұндары кіретін шашыранды құрама жемді температурасы 100 С-тан төмен болғанда биіктігі 2 м үйінді күйінде, ал температурасы 100 С-тан жоғары болғанда 1,5 м үйінді күйінде сақтайды. Жоғарыда аталған құрауыштарды 437 сақтамайтын құрама жемді 2,5 жəне 2 м үйінді күйінде сақтайды. Қаптағы құрама жемді рецептке сəйкес қатарлап жинап сақтайды. Қатарлардың арасының ені 1,25 м жəне қабырғадан – 0,7 м болуы керек. Қатардың биіктігі 2,5 м-ден аспауы қажет. Қапта сақталатын түйіршікті құрама жемді сапасы онша өзгермегенде үш ай сақтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет