15. Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі пәнін оқытуда оқу үрдісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсіл. Коммуникативті және іскерлік бағытталған тәсіл. Қазақ тіліндегі сабақтардың бағытын анықтайды және мұндай білім беру мақсаты білім процесін нақты қарым-қатынас процесіне максималды оқытудың қамтамасыз етуіне байланысты.
Дамыта оқыту. Зерттеушілік әрекет. (мен не білемін?, не үйренгім келеді?, нені үйрендім?)
Дифференциялды оқыту (тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктеріне қарай орындату).
16. Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде оқу жетістіктерін бағалау. Критериалды бағалауды қолдану. Формативті және суммативті (жиынтық) бағалау.
17. Сауат ашуға үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздері. Сауат ашудың психологиялық және лингвистикалық негіздері. Оқу және жазу үдерістерінің психофизиологиялық сипаттамасы. Дұрыс жазу дағдысын қалыптастыру ескерілетін психо-физиологиялық ерекшеліктер. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдылары. Саут ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар.
18. Балаларды сауат ашуға дайындау. Жазуға үйретудің мақсат, міндеттері мен принциптері. Бастауыш мектепте жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету плакаттан, әліппеден, кеспе әліппеден; Жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету; Жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру; Жаңа әріпті тұтас жазу; Жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу, Сөйлем жазу; Балалардың жұмысына талдау жасау. Дайындық кезеңінің оқу-тәрбиелік тапсырмалары: ұжымды ұйымдастыру, оқытуға бірте-бірте көшу, сөйлеу және балалардың ойлау қабілетін анықтау. 6-7 жаста баланы оқуға және жазуға, мәдениетті сөйлеуге дайындық жүре бастайды. Дайындық мазмұны балалардың тілімен, сөйлем, сөзге, буын, үнге үйрету жүре бастайды. Арнайы схемаға қарап қорытындылау. Балалардың гигиеналық талаптарға сай дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау. Графикалық жаттығулар, қол жаттығуларын шынықтыратын жаттығулар жасау.