Кәсіби білім беру михеева е. В


  тапсырма.  «Студенттер»  кестесінің  деректері  бойынша  «техно-



Pdf көрінісі
бет100/131
Дата09.04.2022
өлшемі9,21 Mb.
#30424
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   131
25.7  тапсырма.  «Студенттер»  кестесінің  деректері  бойынша  «техно-
лог»  мамандығы  бойынша  жұмыс  істемейтін  студенттерді  іріктеуге  сұ-
рау құрыңыз.  
 
 
26-практикалық сабақ 
Тақырып: ДББЖ MS ACCESS ОБЪЕКТІЛЕРІМЕН  
КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕУ 
 
Сабақ  мақсаты.  Кестені,  пайдаланушылық  формаларды,  ДББЖ  Access 
бағдарламасында  есептер  мен  сұраулар  түрлерін  құру  және  түрлендіру 
бойынша жұмыс істеу дағдыларын тексеру бойынша өзіндік жұмыс (орындау 
уақыты — 1 сағат 20 минут). 
26.1 тапсырма.  
ДББЖ  Microsoft  Access  бағдарламасын  іске  қосыңыз  және  өзіңіз  құрған 
«Менің бос деректер базам» ДБ ашыңыз.  
1. 
«Студенттер»  кестесінің  барлық  жолдары  негізінде  кестелік  автофор-
маны құрыңыз. Кестені онда 15 жазба болатындай етіп толтырыңыз. 


 
2. 
«Студенттер» кестесіне Туылған күні жаңа жолын енгізіңіз. Құрылған 
формада «Күні/Уақыты» деректер түрін орнатыңыз, жол пішімі – «Мерзімнің 
қысқаша пішімі», енгізу маскасы - «Мерзімнің қысқаша пішімі». 
3. 
Туылған  күні  жолын  деректермен  толтырыңыз.  Күнді  01.01.1988  – 
31.12.2000 
аралығында теріңіз.  
4. 
Сұрау  көмегімен  15.03.1989  кейін  туған  студенттер  тізімін  құрыңыз. 
Тегі бойынша сұрыптау жүргізіңіз. 
5. 
«Студенттер»  кестесіне  Қосымша  төлем  жаңа  жолын  енгізіңіз. 
Құрылған жолда деректердің ақшалай түрін құрыңыз. 
6. 
Жаңартуға сұрау көмегімен «Студенттер» кестесінде Қосымша төлем-
дер жолын Шәкіртақының 44 %-ы есебінен есептеңіз. Сұрауға «Қосымша тө-
лем 44» атауын беріңіз. 
7. 
«Студенттер» кестесі үшін «Әкесінің аты» атауымен іріктемеге сұрау 
құрыңыз,  әкесінің  аты  «П»  әріпінен  басталатын  студенттердің  барлығына 
іріктеу жүргізіңіз. 
8. 
«Студенттер» кестесінің деректері бойынша есептер шебері көмегімен 
есеп  құрыңыз,  оның  құрамында  келесі  жолдар  болуы  керек:  Тегі,  Аты, 
Туылған күніҚосымша төлем. Есепке «Студенттер есебі» атауын беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет