Кіріспе бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі


Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылық іс-әрекетін



бет11/19
Дата07.01.2022
өлшемі160,59 Kb.
#19599
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСІН ДАМЫТУ


2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылық іс-әрекетін

дамыту

Оқу – іс әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажеттігі білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.


Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы
балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды,
тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен
бұрынғылардың практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру
арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді.
Оларды жан- жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Қызығулар да бейімділік тәрізді балалардың кішкентай кезінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобилге, тракторға жалпы –техника атаулыға әуесқой келеді.Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың маркасы жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика,қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларды оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады[31].

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалай тәрбиелеуге болады?

Оқытуға қызығушылықтың пайда болуын, дамуын жүзеге асыратын негізгі жағдайларды ерекшелеп бөлуге болады.

1. Танымдық қызығушылықтардың дамуына, меңгерілетін пәнге деген, ақыл-ой еңбегінің өзіне деген сүйіспеншіліктердің дамуына оқушының өз бетімен ізденуі әрі жаңа білімді ашудан, проблемалы міндеттерді шешуден тұратын оқытудың осындай ұйымдастырылуы көмектеседі.

2. Оқу еңбегі басқа еңбек сияқты түрліше болған жағдайда ғана қызықты. Біржақты мәліметтер, бірдей әрекет тәсілдері адамды тез жалықтырады.

3. Оқытылатын пәнге деген қызығушылық пайда болуы үшін, берілген пәнді тұтастай және жекелеген бөлімдерінің оқылу қажеттігін, маңыздылығын түсіну міндетті түрде қажет.

4. Жаңа материал ертерек меңгерілген білімдермен неғұрлым көбірек байланысты болса, соғұрлым ол оқушыларға қызықты болады. Оқушыларда бүрыннан бар қызығушылық негізінде жаңа қызығудың пайда болуы да жаңа материал дамуымен сабақтас.

5. Онша жеңіл де емес, онша қиын да емес материал қызығу туғызбайды. Оқыту қиын, бірақ күш жететіндей болуы тиіс.

6. Неғұрлым оқушы жұмысы жиі тексерілсе және бағаланса, соғұрлым оған жұмыс жасау қызығырақ бола түседі.

7.Оқу материалының ашық түстілігі, эмоционалдылығы және жеке басының толғануы, мазасыздануы оқу шыға үлкен әсер етеді, пәнге деген қатынасына әсері болады. Ізденгіштік, проблемалы оқытудың негізгі қозғаушы серіппесі-оқушыларға қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі[32].



Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері- мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларға көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық,оқырмандық қызығулар қалыптасады.Қызығу көбіне баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ, қызығушылардың бейімдіктен бөлек те пайда болатын кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді бейімділігі болмаса да, қызығуы өте күшті келеді. Мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбек сүйетін, жан- жақты, қабілетті адам болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет