кіріспе бөлім ахж-10 коды (-тары)



бет24/26
Дата11.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#137479
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Сәулелену көлемі 
Сәулеленудің барабар көлемін таңдау үшін зақымдану аймақтары мен тұстарын анықтау туралы есте сақтау қажет. 2001 жылы Ходжкин лимфомасы бойынша V халықаралық симпозиумда «аймақ» терминімен Ann Arbor жіктемесіне сәйкес ауру сатысы белгіленетін анатомиялық аймақтар белгіленетіні нақтыланды. «Тұс» термині неғұрлым кең ұғым, тұс бір немесе бірнеше аймақты қамтуы мүмкін. Сонымен, бір тұсқа мойын, бұғана үсті және бұғана асты лимфа түйіндері бір жақтан енгізілді. Сондай-ақ, бір тұсқа медиастинальды лимфа түйіндері мен өкпе тамырларының лимфа түйіндері біріктірілген, іш қуысының «жоғарғы қабатының» лимфа түйіндері (бауыр қақпасы, көкбауыр қақпасы және шажырқай тамыры) бір тұс болып саналады және бір тұс - іш қуысының «төменгі қабатының» лимфа түйіндері - параортальды және мезентериалды (1-сурет).


1-сурет. Лимфомалардың зақымдану тұстары мен аймақтары

7-қосымша


Тромботикалық және тромбоэмболиялық асқынулардың қауіп факторлары және алдын-алу
Талидомид немесе леналидомид қабылдаған пациенттерде тромботикалық және тромбоэмболиялық асқынулардың қауіп факторлары және алдын алу

Қауіп факторлары

Ұсынылатын әрекеттер

Жеке қауіп факторлары

  • Семіздік (ИМТ 30 кг/м2 астам);

  • Алдыңғы тромботикалық оқиғалар;

  • Орталық веноздық катетер немесе жасанды ырғақ жүргізушісі;

  • Байланысқан аурулар мен жағдайлар: ССС аурулары, созылмалы бүйрек ауруы, диабет, жіті инфекциялар, иммобилизация;

  • Хирургиялық араласу: жалпы хирургия, жарақат, кез келген анестезия;

  • Эритропоэтинді қолдану;

  • Тромбофилия.

  • Қауіп факторлары жоқ немесе бір қауіп факторы (жеке немесе лимфопролиферативті аурумен байланысты):

Ацетилсалицил қышқылы 80-325 мг тәулігіне 1 рет;

  • 2 және одан да көп жеке немесе лимфопролиферативті аурумен байланысты қауіп факторлары:

- төмен молекулярлық гепарин (эноксапариннің эквиваленті 40 мг тәулігіне 1 рет);
немесе
- варфариннің толық дозасы (ХНҚ нысаналы мақсаты 2-3)



Лимфопролиферативті аурумен байланысты қауіп факторлары:

  • Лимфоманың, миеломаның болуы, әсіресе үлкен инициалды ісік массасымен;

  • Қанның жоғары тұтқырлығы.

Емдеумен байланысты факторлар:
Талидомидтің немесе леналидомидтің үйлесімі:

  • Дексаметазонның жоғары дозаларымен (айына 480 мг астам);

  • Доксорубицинмен;

  • Полихимиотерапиямен.

  • төмен молекулярлық гепарин (эноксапариннің эквиваленті 40 мг тәулігіне 1 рет);

немесе

  • варфариннің толық дозасы (ХНҚ нысаналы мақсаты 2-3).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет