Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Бейбарыс және Кіші Армения



бет23/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

Бейбарыс және Кіші Армения


ХІ ғасырда Евфрат өзенінің бастауындағы жерлерден селжұқтардан бой тасалаған армяндар Византия иеліктеріне қаша бастайды. Босқындарды жылы қарсы алған император оларға Кіші Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан Торос таулары мен Жерорта теңізі арасындағы Қилиқия таулы өңірін береді. Византия мен түріктер арасындағы тартысты ұтымды пайдаланған армяндар осы өңірдегі қамал бекіністерді, Кіші Азия мен Шам арасындағы сауда жолдарын өздерінің бақылауына алып, елеулі күшке айналады. Ендігі жерде бұл өңір Кіші Армения деп аталды. Олар селжұқтарға джизия* төлеп тұрады да, 1243 жылы моңғолдар мен түріктер арасында болған Көсе Тау шайқасынан кейін қалыптасқан жайды пайдаланып, тәуелсіз мемлекетке айналды.

Армян королі Хетум-І Шамдағы кресшілер әмірлерін мәмлүктерге қарсы жұмылдыруға тырысады. Хулагу ханның Бағдатқа шабуылына, Шам елдеріндегі жорықтарына белсене қатысады.

Бейбарыс мемлекеті мен Киликия арасындағы теке-тірес король Хетумның 1264 жылы Бейбарыс иеліктерінің ең солтүстігінде орналсқан Айнтеп қаласына шабуыл жасауынан бастау алады. Екі әскер арасындағы шайқаста жеңілген армяндар моңғолдардан көмек сұрайды. Олардан 700 моңғол келеді. Олар Харим бекінісін қоршауға алады, алайда қар түсіп, кері шегінуге мәжбүр болады.

1266 жылы Бейбарыс кресшілерден Палестинадағы Сафад бекінісін тартып алады да, Дамаскіге келеді. Алтын Ордамен соғысып жатқан басты одақтасы Абағы хан көмек бере алмасын сезген Хетум дипломатиялық айла істеп, Бейбарыспен келіссөз жүргізе бастайды. Бейбарыс одан өзіне бағынып, алым төлеп тұруды, кезінде бітеп тастаған сауда жолын ашуды талап етеді. Бұған көнбеген Хетум Тебризге моңғолдардан көмек сұрауға аттанады. Бейбарыс осыны пайдаланып елге шабуыл жасатады. 1269 жылы тамызда болған Дарбасак шайқасында армяндарды ойсырата жеңеді де Сис қаласына кіреді. Адана, Торос қалаларын отқа орайды. Әскер мол олжамен, тұтқындармен оралады. Соңында Армян королі Хетум бітім сұрап, тұтқынға түскен баласы Левонды өзіндегі әмір Сұңқарға айырбастап, бірнеше бекіністерді қайтаруға келісім береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет