Кіріспе Кіріспе Негізгі бөлім тж-дың түрлері


Таралу жылдамдығына байланысты



бет2/4
Дата20.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#102656
1   2   3   4
Таралу жылдамдығына байланысты:
  • кенет болатын ТЖ(жер сілкінісі, жарылыс);
  • екпінді ТЖ(өрт, улы заттардың асып төгілуі);
  • бір қалыпты ТЖ( су тасқыны, вулканның атқылауы);
  • созылыңқы ТЖ( қуаңшылық, эпидемия, топырақтың бүлінуі, көл мен теңіздің суалуы).


Негізгі бөлім
ТЖ-дың түрлері
Таралу аумағына байланысты :
ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: шектелген, жергілікті, өңірлік, өңіраралық (ұлттық), жаһандық.

Шектелген ТЖ-ның салдары ШЖО (зауыт, фабрика) көлемінде шектеліп, сол мекеменің өз күшімен жойылады.

Жергілікті ТЖ-ның жайылу мөлшері бір елді-мекен, бір немесе бірнеше әкімшілік аудан немесе облыс көлемінде орын алады, оның салдарын жою облыс қаржысы мен күшінің есебінен жүзеге асырылады.

Өңірлік ТЖ-ның салдары бірнеше облыс немесе экономикалық ауданмен шектеліп, республика күші мен қоры есебінен жойылады
Негізгі бөлім
ТЖ-дың түрлері

Өңіраралық (ұлттық) ТЖ-ның салдары бірнеше экономикалық аудандардың көлемін қамтиды, бірақ мемлекет шегінен аспайды. Бұндай ТЖ салдарларын жою мемлекеттің өз күші мен қорының, көбінесе басқа мемлекеттердің көмегін қабылдай отырып іске асырылады

Жаһандық ТЖ-ның салдары бір мемлекеттің шегінен шығып, басқа да мемлекеттерге тарайды. Бұл зардаптар әр мемлекеттің өз күші мен қорының және халықаралық бірлестіктерді де күші мен қоры есебінен жойылады.
Бұл жоғарыдағы айтылған ТЖ-ның түрлері тек шартты түрде екендігін есте ұстау қажет, өйткені олар кейбір жағдайда араласып жатады. Мысалы: топырақтың көшуі, шөлге айналуы, орман өрті мен шымтезектің жануы, т.с.с. тек табиғат құбылыстарымен қатар адам тіршілігінің әсерінен болатын жағдайлар.
Негізгі бөлім
Табиғат зілзалалары
Табиғат зілзаласы дегеніміз – бұл төтеншелік ерекшелігі бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Табиғат зілзалаларына мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні мен қар басу, сел, дауыл мен құйын, өрттер. Табиғат зілзалаларына қуаңшылық, ұзақ жауған нөсер жауын, күшті тұрақты аяз, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия, орман мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің жаппай таралуы да жатады.
Табиғат зілзалалырынан зардап шекен адамдардың саны айтарлықтай болуы мүмкін, ал зақымдау сипаты алуан түрлі. Адамдар бәрінен көбірек су басудан (жалпы зиянның 40%), дауылдан (20%), жер сілкінісінен (15%), қуаңшылықтан (15%) азап шегеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет