Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет15/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   163
Өзіндік сұрақтар:
1.Талшықталар класы (Mastigophora) және талшықтылардың құрылысына жалпы сипаттама, класс тармақтары.
2.Талшықтылар класы, экологиясы.
3.Фитомонадалар отряды.
4.Жағалы талшықтылар.
5.Опалиналар отряды.
6.Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар.
7.Лейшмания туысының өкілдері
4-лекция


Споралылар типі – Sporozoa
1.Грегариналар класы – Gregarinina
2.Кокцидиятәрізділер класы – Сoccidiomorpha
3. Книдоспоридиялар типі – Сnidosporidia
4. Микроспоридиялар типі - Мicrosporidia
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңце, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар - Gregarinina және кокцидиятәрізділер - Coccidiomorpha.
ГРЕГАРИНАЛАР КЛАСЫ - GREGARININA
Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп кездеседі. Бір ядролы сопақша келген денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы және көлденең жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәтижесіңце грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға карай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде жылжымай бір жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет