Кіріспе мазмұнына қарай 3 салаға бөлінеді


Қорыту сабақтары кезінде оқушының бағдарламаға сай игерген әдеби білімінің көздеріне мыналар жатады



бет2/3
Дата23.05.2022
өлшемі111,23 Kb.
#35381
түріӨмірбаяны
1   2   3
Қорыту сабақтары кезінде оқушының бағдарламаға сай игерген әдеби білімінің көздеріне мыналар жатады:
  • Шығарма мазмұнын біліп, өз сөзімен әңгімелей білу;
  • Кейіпкерге мінездеме бере білу;
  • Жазушы өмірбаянын меңгеру;
  • Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеру;
  • Жаттауға берілген материалды есте сақтау;
  • Мәтінді дұрыс және көркем оқу;
  • Шығарма жоспарын жасап, композициясына талдау;
  • Суреттеу тәсілдерін, түрін, қызметін түсіну;
  • Мазмұндаудың барлық түрін меңгеру;
  • 8-сыныптан бастап автор көзқарасы мен шығарманың идеясын талдай білу;
  • Шығарма, мазмұндама жаза білу.

Бағалау. Бағалау-күнделікті сабақтың бір элементі. Кіріспе сөзде, өмірбаянды өткенде, мәтін оқылып, талданғанда бағалап отыру керек. Бұл күнделікті сабақтық бағалау. Бағалаудың тақырыптық, тоқсандық, жылдық түрлері бар. Осылардың ішінде қорытушы-тақырыптық бағалаудың орны ерекше. Бұл оқушылардың жалпы дағдысын, жинақтаған білімін бағалау. Білімді бағалау сұрақтар қою арқылы анықталады. Олар:
  • Жаппай сұрау.(фронтальдық) Сұрау үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында қойылады.
  • Даралап сұрау. Жаттау, мазмұндау, ауызша мінездеу, теориялық білімге құрылады.
  • Қиысқан сұрау. Аралас сұраулар кезектесіп келуі.

  • Жалпы мұғалім сұрақты дәл, нақты және анық қоюы керек. Сұрақ сұралмақ мәселеге байланысты нақты және жауап та анық болуы керек.

Американ ғалымы Б.Блумның «Сұрақ қою өлшемі»(таксоманиясы):
  • Ақпаратты еске түсіру сұрақтары.( не істеді? Қайтті?). Бұлар ең төменгі деңгейдегі сұрақтар.
  • Түсіндіру сұрақтары (неге өйтті? Неге бүйтті?)- негізгі идеяны түсіну, қабылдау, арақатынасын анықтауға арналған сұрақтар.
  • Аударма сұрақтар –әдеби мәтінді басқа формаға айналдыруға болады(эссе, өлең жазу).


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет