Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет8/40
Дата02.12.2023
өлшемі419,89 Kb.
#132467
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленуші дәуірге тән. Ал қоғамдық қызметтің әр саласында сакрализациядан бас тарту феодалдық дәуірде басталып капиталиста дәуірде аяқталады
Сакрализация (қасиетті) - заттарды, құбылыстарды, адамдарды құдайландыру.
Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.
Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік ууы ол үшін қауіпті.
Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді.
Президент жариялаған жаңғырту процесінің бір уақытта үш бағытта: экономиканы жаңғырту, ауқымды саяси жаңғыртуға негіз болған конституциялық реформа және қоғамдық сананы жаңғырту салаларында жүзеге асырылуында.
Сондай-ақ, ол үшінші бағыттың ең күрделі әрі ауқымды екенін мәлімдеді, себебі қазақстандықтардың алдында бұған дейін ешқашан қоғамдық сананы жаңғырту міндеті қойылмаған болатын. Дәл осы бағыт еліміздегі барлық ықтимал қайта түрлендірулердің өзегі болып табылады, ал оның қозғаушы күштері – алты жоба.
Төртінші жоба - «Қазақстанның сакралды географиясы». Мұндағы жұмыс мәдени ескерткішке, символдық, сакралдық және мәдени-тарихи заттарға байланысты болады.
Бүгінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазақ мәдениетінің үздік туындыларымен әлемдік қауымтастықты таныстыру үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бұл отандық шығармашылық зиялыларына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет