Кітаппен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
ә. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған “Балдырған” журналы мен “Ұлан” газетінің үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керектігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |