Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет18/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111
Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Зерттеуге танертеңгі зәрдің орташа порциясын алыңыз

  2. Зәрді жақсылап араластырып, 10 мл. центрифугалық өлшеу сынауыққа құйыңыз

  3. 1500 айн/мин кезінде 5 минут центрифугалаңыз .

  4. Тұнба үстіндегі сұйықтықты алып, тұнбаның 1 мл. қалдырыңыз

  5. Жақсылап тұнбаны араластырыңыз

  6. Горяев камерасын толтырыңыз 1 минутке элементтердің шөгуі үшін қалдырыңыз

  7. 100 үлкен квадратта формалық элементтерді санаңыз (бос 16 кішкентайларға бөлінбеген)

  8. 1 мл. элементтердің санын келесі формуламен есептеңіз:

,онда
а – 100 үлкен квадраттарда элементтер саны
1000 – 1 мл-ғы мкл. саны
1/4000 – кіші квадраттың көлемі

  1. – 100 үлкен квадратта кіші квадраттардың саны

10– центрифугалауға алынған зәрдің көлемі

  1. Талдау бланкін жазып беріңіз

  2. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Қалыпты көлемдер:
Лейкоциттер 2000
Эритроциттер 1000
Цилиндрлар 0-2 4 есеп торда
Ескерту: Цилиндрларды санау үшін 4 Горяев камерасынан қарау керек, 4 Горяев камерасында саналған цилиндрлар санын 4 бөлу керек, кейін зәр тұнбасының 1 мкл цилиндрлар санын анықтау үшін алынған санды формулаға қоюға болады.


II.Зерттеу әдісі: микроскопиялық, Аддис-Каковский әдісі
Принципі: есептеу камерасы көмегімен зәрдің тәулік көлемінде формалық элементтер санын анықтау.
Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Бір сауытқа 10 немесе 12 сағат ішінде жиналған зәрді зерттеңіз

  2. Жақсылап зәрді араластырыңыз, жеткізілген зәрдің көлемін өлшеңіз

  3. 12 минут ішінде бөлінген центрифугалау үшін зәрдің санын келесі формуламен есептеңіз :

, онда
Q- 12 минут ішіндегі зәрдің көлемі
V- 12 (10) сағат ішінде жиналған зәрдің көлемі
t- зәрді жинаған уақыты (12 немесе 10 сағат)
1/5- қайта есептеу коэффициенты, 1/5 сағат
4. 1500 айн/мин кезінде 5 минут центрифугалау жасаңыз.
5. Тұнбаның 1,0 мл. қалдырып тамшуырмен тұнба үстіндегі сұйықтықты алыңыз.
6. Тұнбаны жақсылап араластырып, Горяевтың есеп камерасын толтырыңыз .
7. Камераның барлық торы бойынша бөлек лейкоциттер, эритроциттер, цилиндрлар санын есептеңіз.
8. Зәрдің тәулік мөлшерінде элементтер санын келесі формула бойынша есептеңіз:
, онда
а – формалық элементтер
5 – 1 сағатқа қайта есептеу коэффициенты
24- тәуліктегі сағаттар саны
1000 мкл. – 1 мл.
0,9 (1) – Горяев тордың көлемі
9. Талдау бланкін жазып беріңіз

  1. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Қалыпты мөлшерлер:
Лейкоциттер 2.000.000
Эритроциттер 1.000.000
Цилиндрлар 20.000




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет