Мақсат: қан кету ұзақтығын анықтауын меңгеру және орындау
Зерттеу әдісі: Дюке сынамасы. Принципі: сыртқы шағын тамырлардан олардың тұтастылығын скарификатор арқылы бұзғаннан кейін қан кету ұзақтығын анықтайды.
Материалдық ресурстар: Сүзгі қағаз
Скарификатор-инелер
Секундомер
Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Қан кету уақыты айқын тромбоцитопениялар кезінде, Виллебрант ауруы, тромбогеморрагиялық синдромның ауыр түрлері, арта түскен гепаринотерапия кезінде ұзарады.
РЕТИКУЛОЦИТТЕРДІҢ САНЫН САНАУ
Мақсат: ретикулоциттерді санау үшін сүртінділерді өндеу және қанды алу әдістеменің ерекшеліктерін меңгеру
Зерттеу әдісі: микроскопиялық. Принципі: ретикулоциттердің түйіршікті-тор субстанциясын айқындайтын бояғыштармен суправитальды бояу.