Цель: перифериялық қанды пайдаланып, резус-факторды анықтау техникасын меңгеру
I.Зерттеу әдісі: Петри табақшаларында анықтау әдістемесі
Материалдық ресурстар: Центрифугалық сынауықтар
Пастер тамшуырлары
Петри табақшалары
Шыны таяқшалары
Су бұлау
Реактивтер: Екі сериялы стандартты антирезустық сарысулар
Іс-қимыл алгоритмі: 1. Петри табақшасын екіге бөліп, таңбалаңыз
2. Оң және сол жағынан антирезус сарысудың 2 тамшысын құйыңыз
3. Жоғарғы жағына өз сарысуындағы 10% эритроциттер жүзгіннің 1 тамшысынан жағыңыз
4. Ортаға стандартты резус-позитивті эритроциттердің 1 тамшысынан құйыңыз
5. Төменгі жағына стандартты резус-негативті эритроциттердің 1 тамшысынан құйыңыз
6. t˚ 45 – 46˚С кезінде су бұлауға Петри табақшасын қойыңыз, тамшы кеппес үшін табақшаны қалың қағазбен жауып қойыңыз
7. Реакция нәтижесін бағалаңыз: шайқау кезінде 10 минуттан кейін оқыңыз, агглютинацияның бар болуын белгілеңіз – Rh(+) оң, агглютинацияның жоқтығы – Rh(-) теріс