Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет25/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136
116-бап. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

5. Егер осы баптың 5-1-тармағында өзгеше көзделмесе, онда
тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
5-1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің қолданылуы шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылған кезден бастап 15 жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

Қазіргі уақытта уәкілетті органның шешімі шығарылғаннан кейін бірден күшіне енеді. Бұл ретте мұндай шешімге шағымды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда салық төлеуші сотқа жиі шағым жасайды, алайда салық органдары тарапынан шараларды тоқтата тұру сот істі іс жүргізуге қабылдағаннан кейін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, сотқа шағым беру де белгілі бір уақытты қажет етеді (материалдарды дайындау, мемлекеттік баж салығын төлеу). Осыған байланысты, салық төлеушілер құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылмайтын мерзімді көрсету қажет.


117-бап

117 бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл.

3. Өсімпұл есептелмейді:
мәжбүрлеп таратылатын Екінші деңгейдегі банктердің кредиторларына, егер мерзімінде төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомасының пайда болуының жалғыз себебі оларға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің таратылуы болып табылған жағдайда – екінші деңгейдегі банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет