Анықтама: 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде ЕАЭО шеңберінде уақытша әкелінген тауарлардың құны 289,1 млрд.теңгені (2016 ж. – 245,7 млрд. теңге, 2017 ж. – 21,8 млрд. теңге, 2018 ж. - 21,6 млрд. теңге) құрады. ҚР Кеден кодексінің 302-бабының 1-тармағына және ЕАЭО Кеден кодексінің 221-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап 2 жылдан аспауға тиіс.
453-бап
453-бап. Шот-фактура
…
6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде электрондық нысандағы шот-фактура салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.
453-бап. Шот-фактура
…
6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бір салықтық кезеңде әкелінген тауарларды өткізген кезде электрондық нысандағы шот-фактура салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.
Өзге жағдайларда импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 47-тарауында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі.
Салық кодексінің 453-бабының 6-тармағына сәйкес импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде электрондық нысандағы шот-фактура салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.
Осылайша, электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру мерзімі салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, компанияның пікірінше, салық кезеңінде импортталған және салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей өткізілген тауарларды өткізген кезде ғана қолданылады. Импортталған тауарларды өткізудің өзге жағдайларында Компания шот-фактура электрондық нысанда айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жазып беріледі деп есептейді.
462-бап
462-бап. Акцизделетін тауарлардың тізбесі
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, акцизделетін тауарлар:
…
4) қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған никотині бар сұйықтықтар;