Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Электронды цифрлық қолтаңба RSA алгоритмі



бет20/27
Дата06.01.2022
өлшемі244,16 Kb.
#16830
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
13.2 Электронды цифрлық қолтаңба RSA алгоритмі

Бұл алгоритмде біріншіден кілттер жұбын генерациялау керек: ашық - e және жасырын – d. Ашық кілт цифрлық қолтаңбаларды тексеру үшін хабарлармен алмасатын партнерлерге беріледі. Жасырын кілт хабарларға қолтаңбаны қою үшін автормен сақталады.

Мысалы, жіберуші М хабарды жіберу алдында оған қолтаңба қойғысы келеді. Әуелі хабар (ақпарат блогы, файл, кесте) хэш-функция көмегімен бүтін m=h(M) санға қысылады. Содан кейін m хэш-мәнімен жасырын d кілтті қолданып,  М электронды құжатқа қойылатын S цифрлық қолтаңба есептеледі:

.

(M, S) жұбы алушы партнерге цифрлық  қолтаңба қойылған М электронды құжат ретінде жіберіледі; және де S қолтаңбасы жасырын d кілтінің иесімен жасалды. (M, S) жұп қабылданғаннан кейін алушы М хабардың хэш-мәнін әртүрлі екі жолмен есептейді. Біріншіден ол е ашық кілт көмегімен S қолтанбаға криптографиялық түрлендіруді қолданып,  хэш-мәнін қалпына келтіреді:   



Сонымен бірге алушы қабылдаған М хабардың хэштеу нәтижесін m=h(M) функциясы көмегімен табады. Егер де есептелген мәндердің теңдігі орындалса, яғни



 

алушы (M, S) жұпты ақиқат деп есептейді.  

Тек қана жасырын d кілттің иесі М құжаты бойынша S  цифрлық қолтаңбаны құрастыра алатыны дәлелденген, ал ашық е кілт бойынша жасырын d санын анықтау М  модульді көбейткіштерге жіктеуден жеңіл емес.

    Алгоритмнің кемшіліктері:

            - криптоберіктікті қамтамасыздандыру үшін есептеулерде n, p, q бүтін сандардың әрқайсысының мәндері жуықтап 2512 немесе  10154 кем болмауы керек; бұл жағдай басқа алгоритмдерінің шығындарына қарағанда есептеу шығындарды 20-30% өсіреді;

            - алгоритм мультипликативті шабуылға осалдау. Басқа сөзбен айтқанда егер де құжаттың хэштеу нәтижесін алдында қолтаңба қойылған құжаттардың хэштеу нәтижелерінің көбейтіндісі ретінде есептеуге болса, жасырын d кілтін білмей де құжаттарға қолтаңбаны құрастыруға болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет