Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Атомдық станциялардың, су электрстанцияларының және қосалқы станциялардың ө.м. жүйе құрылымының ерекшеліктері



бет24/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
11.5 Атомдық станциялардың, су электрстанцияларының және қосалқы станциялардың ө.м. жүйе құрылымының ерекшеліктері
АЭС-да ө.м. тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін үш топқа бөлуге болады: I - қорек үзілісіне жіберуге болмайтын ерекше жауапты тұтынушылар; II - 1-3 мин уақытқа үзіліс жасай алатын ерекше жауапты тұтынушылар; III - электрмен жабдықтау сенімділігіне жоғары талаптар қоя алмайтын тұтынушылар.
СЭС-да неғұрлым жауапты жұмысшы машиналары: гидро­турбиналарды майлау және реттеу жүйесіндегі сорғылар, техникалық сужабдықтау сорғылары, сорғылар және желдеткіштер жүйелері, генераторларды және трансформа­торларды салқындату желдеткіштері және сорғылары және басқа өнімділікті реттеуді қажет етпейтін машиналар. Жетек үшін оларға қ.т. роторлы 380/220 В торапқа қосылатын асинхронды электрқозғалтқыштарды қолданады. Тәуелсіз энергия көздері ретінде аккумуляторлық батареяларды қарастырады.
Жергілікті жүктеме және жалпыға арналған қабылдағыштарды электрмен жабдықтау үшін екіншілік кернеуі 6—10кВ екі транформатор қолданылады, олардың қуатын жүктемеге жеткілікті етіп таңдайды.
Қосалқы станцияның ө.м. жүйесінің неғұрлым жауапты электрэнергия қабылдағыштары, телемеханика және байланыс басқару жүйесі болып табылады. Олардың электрмен жабдықталуы айнымалы тоқ торабынан тұрлауландырғыштар (стабилизаторлар) және түзеткіштер арқылы немесе тәуелсіз энергия көзі аккумуляторлық батареялар арқылы іске асуы мүмкін.
12 дәріс. Электроқондырғылардағы жерлендіргіш құрылғылар
Дәрістің мазмұны:
- жерлендіргіш құрылғылар және олардың ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты:
- жерлендіргіш құрылғылардың ерекшеліктерін және оларды
есептеуді меңгерту
12.1 Жерлендіргіш құрылғылардың бағытталуы және жердегі тоқ ағыны
Бағытталуы бойынша келесідей болып бөлінеді: найзағайдан қорғайтын жерлендіргіш - ғимараттарды, электрқондырғыларды найзағайдың тура соққыснан (найзағай тартқыш) қорғайды және тіректерді, разрядниктерді және басқаларын жерлендіру үшін қолданылады; жұмысшы жерлендіру  - электрқондырғылардың қалыпты жұмысын қамтамассыз ету үшін (110 кВ және одан жоғары тораптарда күштік трансформаторлардың бейтараптамасын жерлендіру); қорғаушы жерлендіру -электрқондырғылардың қызмет етуін қауіпсіздендіру үшін қолданылады.
Егер 110 кВ жағынан трансформатордың өтпелі оқшауламасы бұзылған жағдайда ( тиімді -жерлендірілген бейтараптамалы торап) жерге трансформатордың қаптамасы (кожухы) арқылы бір фазалы Қ.Т. болса, жерлендіргіш өткізгіштік және тік таяқшалы жерлендіргіш, 12.1, суретінде көрсетілгендей Қ.Т. тоғы бұзылған фазамен трансформатордың қаптамасына (кожухына) барып жерлендіргіш арқылы жерге өтеді. Жерлендіргіштен алшақтауына қарай жер көлемі ұлғаяды, ал тоқ сыйымдылығы азаяды. Құбыр (труба) жанында потенциал мәні жоғары болады және өте жылдам төмендейді, ал ары қарай - кішірейеді және біртіндеп азаяды. 15-20 м құбырдан (трубадан) арақашықтықта барлық жер нүктелері нөлге тең болады. Бұл нөлдік потенциялар нүктелері әдетте оларды электротехникалық мағынасында «жер» деп атайды. Электрқондырғылардың жерлендірілген бөлігімен «жердің» арасындағы потенциялдар айырымын жерлендіргіш арқылы тоқ өткенде жерге қатысты кернеу деп атайды.
Жерлендіргіш құрылғының кедергісі: жерлендіргіш сымның кедергісінен (жерлендіріген аппараттан, жерлендіргішке дейін); жерлендіргіштің метал бөліктерінің кедергісінен; жерлендіргіш және жердің арасындағы тоқ өткенде жер әсер ететін (сейілу кедергісі) өтпелі кедергіден тұрады.
Өндірістік жиіліктегі тоқта бірінші үш қосынды кедергі аз болады және жерлендіргіш кедергісі жердің меншікті кедергісінен  едәуір тәуелді болады, жердің меншікті кедергісі оның құрамымен, тығыздылығымен, ылғалдылығымен және темпера­турасымен байланысты және өте кең ауқымда өзгереді (20 Ом –нан торф үшін және 400 Ом-ға және одан астам құм үшін). Тиімді жерлендірілген бейтараптамалы тораптың фазалық оқшауламасы бұзылғанда жер беткі қабатында потенциалдар болады және күтуші персонал 12.1. суретінде көрсетілгендей жанасу кернеуімен немесе қадамдық кернеумен жоғары кернеу аумағына түсуі мүмкін .



 Жанасу кернеуі
; қадамдық кернеу ; жерге қатысты кернеу
12.1 Сурет - Токтың жерде сейілуі және потенциалдың тік жалғыз трубкалық
жерлендіргіште таралуы





Шамаларды төмендету үшін және  жобалауда жерлендіргіш құрылғыларды орындағанда ТҚ ауданында неғұрлым бірқалыпты
потенциялдар таратылуына тырысады. Бұл 12.2. суретінде көрсетілгендей электрқондырғы ауданына сәйкесті электродтарды (құбырлар, бұрыштық темірлер, жолақтар) электрқондырғының барлық ауданын қамтитын тұйық контур (сеткалар), түріндегі жерлендіргішті орналастыру арқылы жүзеге асырылады .
Жерлендіргіш құрылғыларды құрастырған кезде бірінші кезекте табиғи жерлендіргіштер қолданылуы керек. Табиғи жерлендіргіштер арқылы жеткілікті түрде жерлендіру кедергісі болмаған жағдайда жасанды жерлендіргіштерді салады, оларды қарапайым жерге тік қағылған болат трубалардан немесе ұзындығы 2-3 м бұрыштық болаттан ара-қашықтығын бір-бірінен 3-6 м алшақтатып орындайды. Құбырларды сыртқы диаметрі бойынша 48 немесе 60 мм, ал бұрыштық болатты - өлшемдері 50x50 немесе 60х60 мм түрінде қолданады. Құбырлар мен бұрыштық темірлердің жоғарғы ұшы жер деңгейінен шамамен 0,7 м төмен қылып жерге қағылады. Электр қондырғыларын құру ( Правила устройства Электроустановок) ережелері бойынша жерлендіргіш құрылғылардың келесі кедергілер мәндері регламенттеледі: тиімді жерленген бейтараптамалы қондырғыларда , яғни жерге тұйықталу тоғы 500 А-ден астам болса , Ом; кернеуі 1000В
жоғары жерлендірілмеген бейтараптамалы қондырғыларда, мұнда - берілген кернеудегі барлық тораптың жерге тұйықталғандағы сыйымдылықты тоғы; жерлендірілмеген бейтараптамалы аппаратсыз қондырғыларда, қарымталаушы сыйымдылықты тоқ, егер жерлендіргіш құрылғы 1000 В-қа дейінгі электрқондырғыларда қолданылса, тең болады. 1000 В-қа дейінгі электрқондырғыларда жерлендіргіш құрылғылардың кедергісі 4 Ом-нан аспауы керек (генераторлармен транс­форматорлардың қосынды қуатымен 100 кВА дан аспаса 10 Ом рұқсат етіледі). Әртүрлі кернеудегі бірнеше ТҚ қондырғыларымен, мысалы, станцияда немесе қосалқы станцияда, бір жалпы жерлендіргіш құрылғы жасалынады.



12.2 Сурет– Қосалқы
Станцияда жерлендіргіш құрылғының жердің беткі қабаты бойынша
потенциалының таралынуы

Жалпы жерлендіргіш құрылғының кедергісі сол қондырғының талаптарын қанағаттандыруы қажет (кедергісі төмен болуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет