Коммерциялық емес акционерлік



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата10.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#33890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Статистикалық және динамикалық беттер. 

Статистикалық  беттер  Web  сервер  каталогында  орналасқан 

файлдардың  нақ  копиясы  болып  табылады  және  өңдеуші  өзі  онда  бір 

нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде 

қалыптасады,  яғни дискідегі  дайын файлдан  емес,  белгілі  бір  программада 

сұраныстың  өңделу  уақытында.  Осындай  беттердің  қалыптасуының 

бірнеше әдістері бар. 

Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру. 

Web  беттерді  динамикалық  қалыптастырудың  мүмкіндігін  жүзеге 

асыру  үшін  серверге  мынадай  бағыт  берілуі  керек,  қандай  файлдар 

«кәдімгі»  болады,  ал  қандайы  оның  программалық  өңделуіне  нұсқаулары 

болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады (арнайы командалар 

көмегімен 

немесе 

ішкі 


бағдарлама). 

Беттердің 

динамикалық 

қалыптастыратын  командасы  болатын  программа  мәтіні  скрипт  деп 

аталады. 

Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру. 

Бұл  жағдайда  программа  мәтіні  динамикалық  web-  парағын 

қалыптастыру  үшін  алдымен  тұтынушының  локальдық  компьютеріне 

беріледі,  бұнда  браузер  web-  парағын  алу  және  өңдеу  үшін  оған  сәйкес 

заттар  шақыру  керек.  Динамикалық  беттерді  қалыптастыру  үшін  бірнеше 

технологиялар бар. 



CGI- технологиясы. 

Біздің  сұранысымызға  сәйкес  дайындалған  динамикалық  беттер 

«жылдам қалыптасты». Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір 

форманы  көрсетеді,  мұнда  сіз  өз  мәтініңізді  қосасыз,  келесіде  осы  бетті 

ашсаңыз  онда  жаңа  хабарлама  тұрады.  Web-парағына  динамикалық 

мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman 

Gateway  Interface)  болып  табылады.  Ол  сол  немесе  басқа  URL  мен 

статистикалық  документі  емес  программаны  түсінуге  мүмкіндік  жасайды 

нәтижесінде  нақты  уақытта  мәліметтер  қалыптастырады.  Мысалы  егер  сіз 

белгілі  бір  аймақтағы  ауа  райынын  сол  кездегі  мәліметін  бергіңіз  келсе, 

онда сіз әр бір ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының 

негізінде  жүзеге  асыруы  мүмкін.  Серверде  жұмыс  істеу  бастағанда  CGI 

программасы  қосылады,  ол  цифрлы  өлшеуіш  құралына  айналып 

температура,  қысым  және  т.б  мәліметтер  береді.  Әр  кезде  осы  адрестен 

мәлімет  алу  үшін  байланысқаныңызда  сіз  сол  уақыттағы  мәліметті  аласыз. 

Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда 




27 

 

CGI  программасы  жұмысының  нәтижесін  ізделінді  адрестер  жиынтығы 



түрінде аласыз. 

CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде 

қарастыруға  болады.  Сервер  тұтынушының  сұрағын  CGI  программасына 

береді,  ол  оларды  өңдеп  жұмыс  нәтижесін  тұтынушы  экранына  қайтарып 

береді.  Клиент  үшін  адресте  URL  статистикалық  құжат  па  немесе  CGI 

программа  ма  еш  қандай  айырмашылығы  жоқ.  CGI  программалары 

жұмысының  нәтижесі  статистикалық  құжат  сияқты  форматта  болады.  CGI 

терминін  тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл 

жағдайда  CGI  Web  сервер  үшін  стандартты  тәсіл  болып  табылады– 

тұтынушы  сұранысын  бағдарламаға  беру  және  одан  мәлімет  алу.  Сервер 

мен оның қосымшасының арасындағы  бір біріне мәлімет жіберу  жөніндегі 

CGI  протоколы  HTTP  протоколының  бір  бөлігі  болып  табылады.  CGI 

программасының  үлкен  бөлігі  CGI  скрипталары  болып  табылады.  Скрип 

дегеніміз  интерпритацияланатын  немесе  басқа  программаларымен  жұмыс 

жасайтын  ережелер  жинағы.  Perl,  JavaScript  тілдері  тура  осы  скрипталық 

тілдер  түрінде  ойлап  табылған.  Олар  сценарийлер  жазу  тілдері  деп  те 

аталады. Негізінен CGI программасы скрипттік тілде және де компилярлық 

тілде жазылуы мүмкін. C,C++, Delphi. 

CGI 

альтернативті 



технологиясы 

Micrоsoft 

компаниясының 

технологиясы болып табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP) 

ол  да  сол  принциппен  құрылған:  web-серверге  қосылған  скрипт,  парақ 

тұтынушыға  жіберуден  бұрын  серверде  орындалады.  Осы  принциппен 

орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны 

сервер  жағындағы  қалыптасатын  схемадан  өзгеше  динамикалық  мазмұны 

тұтынушы  жағында  көрінеді.  Соңғы  жағдайда  активті  құжаттар  web 

серверде  және  локольдік  компьютерде  сақталады.  Онда  белгілі  бір 

есептеулер орындалады және осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі. 

Активті  құжаттарды  дайындауда  түрлі  технологиялар  пайдаланады:  бұл 

мәліметтер JavaScript те Java апплеттерде жазылған қосымша болуы мүмкін 

және басқару элементі ActiveX болады. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1) 

Web-сервер жұмысының механизмі қандай? 

2) 

Ститистикалық және динамикалық беттердің айырмашылығы? 



3) 

CGI,  ASP    серверлерінің  технологияларының  айырмашылығы 

неде? 

4) 


«Скрипт программа» ұғымы нені білдіреді? 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет