§6. Үғымдарды лексикалық тұрғыдан
ноқтылоу
Сонымен, тілдік ңұбылыстар сол тілде сөйлейтін ужымның
қоғамдық, мәдени өмірін бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір
ұғымдардыңлексикалықжағынан егжей-тегжейліталдануы әлеумет-
тік факторларға байланысты болады. Ал олардыңтілде қалай бейне-
ленетінін анықтау аса қызық. Бұл мәселеге орай, заманауи ағылшын
көркем әдебиеті материалдары негізінде жүргізген арнайы зерттеу-
лерімізден мынаны байқадық. Орыс, ағылшын тілдеріндегі «дәмді»,
«дәмсіз» ұғымдарыныңлексикалықтәсілмен берілуін қарастырдық.
Қазіргі ағылшын тіліндегі ас-суды жағымсыз бағалау ұғымы (дәмсіз
сөзі) егжей-тегжейлі талданбады. Өйткені ұғымның лексикалық да-
муы тым жұтаң екенін байқадық. Аталмыш ұғым негізінен not good
(жақсы емес) деген тіркес арқылы бейнеленеді. Ұғымды эмоционал-
ды бағалау коннотацияларында біршама дәл беретін монолексе-
малық bad (жаман) сөзі қолданылмайды екен. Заманауи ағылшын
қоғамындағы мәдени-этикалыңталапқа сай астуралы жағымсыз сөз
айтуға болмайды, сондықтан бұл ұғым лексикалық тұрғыдан жетіл-
мей қалған. Қарастырған материалдардың ешқайсысында дәмсіз
ұғымын білдіретін сөзді кездестіре алмадық.
Асқа жағымды баға беруде қолданылатын «дәмді» ұғымы
қазіргі ағылшын және америка әдебиеттерінде барынша айшықты
етіп берілген. Бұл ұғым егжей-тегжейлі талданып, лексикалық
тұрғыдан саналуан тәсілмен ұсынылған. «Дәмді» ұғымын беруде
жиі қолданылатын good /жақсы/ сөзімен қатар delicious (өте дәмді),
nice (ұнамды), excellent (өте жақсы), perfect (мінсіз), fine (тамаша),
splendid (керемет), appetizing (дәмі тіл үйірер), beautiful (ғажап),
savoury (татымды) деген сөздермен тіркесе қолданылады. Ас-суды
мақтау (тіпті дәмді болмаса да) өркениетті қоғамдағы мәдени нор-
малардың бірі. Ал ас туралы жағымсыз сөз айту, керісінше, әбестік
болып көрінеді.
Аталмыш этикалық талап қазіргі ағылшын тілінде тікелей бей-
неленіп, ас-суға жағымды баға беру ұғымы антонимдік ұғымы-
на қарағанда, лексикалық турғыдан бай әрі саналуан сөздермен
өрнектелген. Жиналған материалды симтоматикалық әдіспен сұ-
рыптағанда мысалдардың 94%-ы жағымды бағалау ұғымын бейне-
легені анықталды.
Сөйлеудің әлеуметтік аясына, жағдаят контексіне жүргізген зерт-
теулеріміз кезінде де біршама қызық нәрселерді байқадық. Мәсе-
лен, ас-суға баға беру негізінен ауқатты адамдарға, яғни қоғам-
ның жоғары және орта тап өкілдеріне тән екені, олардың «асыра
бағалауға» (overstatement) бейім келетіні белгілі болды. Кедейлер,
қоғамның төменгі тап өкілдері керісінше ас-суға деген қатынаста-
рын өте сирек білдіріп, «бағалай алмаушылық» (understatement)
танытады екен. Екі жағдайға да түсінік беру қиынға соқпайды.
Қоғамның ауқатты бөлігі үшін тамақ ішу - табиғи қажеттілік қана
емес, сонымен қатар әлеуметтік дәстүр, қоғам өміріндегі маңызды
құбылыс. Сондықтан олар үшін тамақ сапасының да мәні зор.
Қоғамның ауқатты бөлігінің асқа баға беруі (немесе тамақта-
нуы), лексикалық саналуандылығымен, реңктерінің көптүрлілігі-
мен ерекшеленеді.
The feature of the feast was red mullet. This delectable fish brought
from considerable distance in a state of almost perfect preservation was
6-264
81
first fried, the boned, then served in ice according to a recipe known to a
Достарыңызбен бөлісу: |