«компьютерлік геометрия және графика» пәнінен ОҚу тәжірибесіне арналған тәжірибелік жұмыстар жинағы мамандық: «Акпараттык жүйелер


Курс тақырыбы 2. Графикалық объектілерді құру: төртбұрыштар және эллипстер, түзулер, қисықтар мен өлшемдік сызықтар, каллиграфия



бет20/62
Дата06.01.2022
өлшемі4,26 Mb.
#14484
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Курс тақырыбы 2. Графикалық объектілерді құру: төртбұрыштар және эллипстер, түзулер, қисықтар мен өлшемдік сызықтар, каллиграфия.

Сабақ тақырыбы: Объектілерді салу.

Зертханалық жұмыс №1

Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыда айтқандай CorelDRAW бағдарламасында кескіндермен жұмыс негізінен обьектілермен жұмыс болып табылады.Барлық обектілерді үш категорияға болуге болады:қарапайым, сызықтық және мәтіндік.

Бұл– тікбұрыштар,эллипстер,көпбұрыштар және стандартты фигуралар.

Тікбұрыштар категориясында тек стандартты фигураларды ғана өз қалауымызша құрастыруға болады.

Тікбұрыштың сыртқы түріне қарап көп жағдайларда басқа обьектілерден

ажырату қиынырақ.. Егер сол обьектіге тышқанның батырмасымен бассақ қалып күй қатарында Rectangle on Layer 1 сөзі шығады, бұдан сіз оның тікбұрыш екендігіне сенімді боласыз.

CorelDRAW бағдарламасында барлық қарапайым объектілер сәйкес

саймандардың көмегімен құралады. Тікбұрыштар Rectangle сайманының көмегімен тұрғызылады. Rectangle батырмасын басқан кезде тышқан көрсеткіші айқас сызыққа айналады. Қалып-күй қатарындағы тышқан көрсеткішін Rectangle құралына апарып диоганаль бойынша созу керек.Тышқанмен жылжытып болғаннан кейін оның батырмасын жібергенде, тікбұрыштың жан-жақтарындағы жиектері белгіленеді және орталық маркер шығады. Ал қалып-күй қатарында «тіктөртбұрыш тобына жататын обьекті белгіленді» деген хабарлама шығады.

CorelDRAW-да кез келген графикттік обьектіні құрғаннан кейін ол бөлініп алынған болып табылады және оның айналасында бөліп алу жақтауы пайда болады.

Тіктөртбұрыштардың атрибуттар құралы (1.1-сурет) мына қасиеттерден тұрады:



төртбұрыштың өлшемі, төртбұрыштың орналасуы, масштаб коэффиценттері және т.б. Бұл қасиеттер батырмаларды өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда обьектілермен жұмыс жасау батырмалары орналасқан (бұрау, айналық бейне, бұрыштарды дөңгелектеу және т.б)

1.1-сурет Тіктөртбұрыштармен жұмыс жасаудағы атрибуттар құралы

Объектіні еркін қозғалыспен орталықтан айналдырудан басқа, тышқанның көмегімен орталықтан нақты және дәл айналдырудың мүмкіндері бар. Ол үшін «Өзгерту» (Преобразование) атрибуттар тақтасын көрсетіп қою қажет. «Өзгерту» тақтасы бізге сол тікбұрышты бейненің формасын өзгерту үшін қолданылады.

Бұл атрибуттар тақтасын іске қосу үшін Терезе (Окна) - Тақталар (Панели) -Өзгерту (Преобразование) бұйрықтарын орындаймыз.



1-жаттығу: Төртбұрыштар.

1. Rectangle (тікбұрыш)  құралын алыңыз да, тиісті формада тікбұрышты құрыңыз.

2. Квадратты құрыңыз

3. Тікбұрышты ортадан құру мүмкіндігін қолданып, төмендегідей (1.2-сурет) бейнені келтіріңіз.



1.2-сурет. Төртбұрыштар


2-жаттығу: «Такси» белгісі.

1. Белгілі бір өлшемде квадратты құрыңыз

2. Zoom(масштаб)  құралын таңдаңыз да, салынған квадраттың үстінен басыңыз.

3. Pick(Таңдау)құралын таңдаңыз.

4. Салынған квадратты ерекшелеңіз.

5. Квадраттың көшірмесін алыңыз да, көшірмені 4 рет орналастырыңыз.

6. Қойылған 4 квадратты жеке жеке «таңдау» құралының көмегімен ұстап тұрыңыз да 5-суреттегідей бейнені келтіріңіз

1.3.-сурет. Такси логотипі


3-жаттығу: Өнеркәсіпті гүл.

1. 10х15 мм өлшемімен тікбұрышты құрыңыз

2. Объектінің үстінен 2 рет басып, айналу режиміне өтіңіз. Сол жағдайда мынадай күйге түседі.

3. Соның ортасында орналасқан  орталықты ұстап алып, тікбұрыштың шамамен 7 мм жоғарғы жағына орналастырыңыз.(1.4-суретке қараңыз)



4. Соның 4 көшірмесін алып, 1.4.1 суреттегідей 4 объектіні айналу жағдайына апарып, орналастырыңыз да, келесі 1.5-суреттегі бейнеге келтіріңіз.


4-жаттығу: Mitsubishi көлігінің маркасы

1. 12х10 мм өлшемді тікбұрышты құрыңыз.



2. Оны батырмасына ұстап тұрасыз да, 300 оң жаққа қарай еңкейтіңіз

3. Айналу  орталығын объектінің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырыңыз (1.6-сурет) 

4. Шыққан ромбының 2 көшірмесін алып, оларды 1200 және 2400 айналдырыңыз (1.7-сурет) 



5. Шыққан марка бейнесін терезенің оң жағында орналасқан түстер палитрасынан қара түсті таңдап бояңыз. Нәтижесінде 1.8-сурет шығарыңыз.



5-жаттығу. Әртүрлі тікбұрыштардың таңдау бұрыштарының 0 немесе 100

айналуларын келтіріп, нәтижесінде келесі 1.10-суреттердегідей бейнелерді



шығарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет