Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет21/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Шошқа шаруашылығында генетикалық ресурстарын селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 6 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Биотехнологиялық (молекулалық генетика, заманауи зоотехникалық, селекцияның ақпараттық-статистикалық әдістері, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін бағалау және болжау) жетістіктері негізінде шошқа шаруашылығында генетикалық ресурстарын жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Индекстік бағалау және цифрландыру элементтерін енгізе отырып, асыл тұқымды шошқа төлін бағалау әдістемесін жетілдіріу.
2.1.1.2. Бордақылау үшін екі және үш буданды төлдерді қамтамасыз ету үшін шошқалардың жетекші тұқымдарының негізінде таза нуклиусты ғылыми негізделген жүйе әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Индекстік бағалау және цифрландыру элементтерін енгізе отырып, асыл тұқымды шошқа төлін бағалау әдістемесі жетілдірілуі тиіс.
4.1.1.2. Бордақылау үшін екі және үш буданды төлдерді қамтамасыз ету үшін шошқалардың жетекші тұқымдарының негізінде таза нуклиусты ғылыми негізделген жүйе әзірленуі тиіс.
Әзірленуі және шығарылуы тиіс:
- шошқалардың асыл тұқымды құндылығын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық;
- шошқаларды тұқым аралық шағылыстыру және будандастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық;
- Қазақстан Республикасындағы шошқалардың жетекші тұқымдарының таза тұқымды нуклиусының ғылыми негізделген жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулық.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 2 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 6 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шошқа өсірудегі генетикалық әлеуетті арттыру, қайта өңдеуші кәсіпорынның жұмыс көлемін қамтамасыз ету, сол арқылы ауылда қосымша жұмыс орындарын құру арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері шошқа етін өндірудің көлемін арттырады, бұл әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Шошқа өсіруде генетикалық ресурстарды сақтау және жетілдіру шошқа өндірісін өндірудің экологиялық таза технологияларын қолдануға бағытталатын болады, бұл экологиялық таза органикалық ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді шешуге ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет