Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Білім беру үдерісіне қатысушылардың қызметі



бет62/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#15854
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
2020-2021ж.-Әдістемелік-ұсынымдар-1

12-тарау. Білім беру үдерісіне қатысушылардың қызметі
БҚББ ұйымының басшысы:

- ішінара штаттық және толық қашықтық форматында білім беру процесін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкер;

- қызметкерлердің келесі тобын анықтау үшін жұмыс берушінің тиісті нормативтік актісін қабылдайды;

- өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастыруды және оқыту форматын таңдауды қамтамасыз етеді;

- ішінара штаттық және толық қашықтық форматында (әкімшілік, техникалық персонал) БҚББ ұйымның тыныс-тіршілігін және қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлер;

- санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, оқыту форматын қашықтан оқытудан ішінара штаттық оқыту форматына, содан кейін өңірдегі және елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту кезінде жұмыстың толық штаттық форматына өзгерту туралы шешім қабылдайды;

- БҚББ ұйымының жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдайды;



  • қажеттілігіне қарай педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;

  • интернет желісіне және байланыс құралдарына рұқсаты жоқ білім алушылардың оқу тапсырмаларын жеткізуді және орындалған жұмыстарын жинауды ұйымдастырады;

  • жеке қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

  • білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша, білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған басқару органына және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына дереу хабарлайды;

  • есептілік құжаттамасының сұрауына жол берілмейді;

  • білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша білім алушыларды, педагогтерді, басқа да қызметкерлерді, ата-аналарды (заңды өкілдерді) байланыстың қолжетімді түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы қашықтан оқыту форматы туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары:

  • қызметтер штаттық режимде оқыту кезінде санитарлық талаптардың сақталуын ұйымдастырады;

  • білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

  • оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  • БҚББ ұйымының интернет-ресурстарында (сайт) орналастырылатын оқытудың таңдап алынған форматын ескере отырып, икемді сабақ кестесін құрайды;

  • оқыту әдістері мен тәсілдерін, білім алушылардың тапсырмаларды алу және олардың орындалған жұмыстарын ұсыну мерзімдерін айқындайды; білім беру процесінің барлық қатысушыларын (педагогтерді, білім алушыларды, білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерді) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік қолдау көрсетеді;

  • педагогтердің қызметтерін бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырады және олармен кері байланыс жасайды;

  • оқыту үдерісін өткізу барысын педагогтермен кері байланыс арқылы бақылайды;

  • педагогтердің оқу жүктемесін орындауы жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

  • БҚББ ұйымының қызметін талдайды.

Педагогтер:

  • штаттық режимде оқыту кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

  • білім беру процесін жүзеге асырады;

  • білім беру бағдарламалары мен жеке жоспарларды әзірлейді (түзетеді);

  • оқу материалдарын вебсайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып құрылымдауды жүзеге асырады;

  • оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қашықтан жұмыс істеу үшін жеке тапсырмалар әзірлейді;

  • білім алушылар мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына қашықтан оқыту түріндегі формат туралы ақпаратты жеткізеді;

  • электрондық ресурстарда тиімді және әр түрлі жұмыс түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін қолдана отырып, педагогтер мен білім алушылар арасында интерактивті өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

  • оқу кестесіне сәйкес офлайн және онлайн-сабақтар өткізеді, өзіндік жұмысты бақылауды қамтамасыз етеді;

  • білім алушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізеді;

  • тапсырмалардың орындалуын бақылайды; жүргізілген жұмыстар туралы БҚББ ұйымдарын хабардар етеді.

Білім алушы:

  • штаттық режимде оқыту кезінде санитарлық талаптарды сақтайды;

  • қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту кезінде педагогтермен байланыста болады;

  • қол жетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

  • оқу кестесіне сәйкес өздігінен оқу мақсатында оқу материалын алу үшін электрондық платформаларға, пошталарға және басқа байланыс жүйелеріне кіреді;

  • оқу тапсырмаларын өздігінен орындайды, орындалған тапсырмаларды қолжетімді байланыс (платформа, электронды пошта және т.б.) құралдары арқылы педагогке жібереді;

  • оқу тапсырмаларын орындау кезінде өзін-өзі бақылау және академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):

- білім алушыға оқу үшін жағдай жасайды;

- мүмкіндігінше, балалардың оқуын, білім алушылардың өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- педагогпен байланыс жасайды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына

жол бермеуге байланысты шектеу шаралары

кезеңінде қосымша білім беру ұйымдарында

оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымша

Кімге _____________

Аты-жөні________________

күні___________________

Мекен-жайы бойынша тұрғылықты жері, көшесі__________________

Телефон ____________

ӨТІНІМ
Менің ұлымды (қызымды) ________________________________ аты-жөні толығымен, бірлестік (топ, сынып) штаттық режимде оқытуды ұйымдастыруды сұраймын. Карантин шаралары кезінде баламды оқыту жағдайымен танысқанымды және келісетінімді хабарлаймын. Менің баламның созылмалы аурулары жоқ.

Баламды қажетті санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуді міндетіме аламын. Ауру қаупімен байланысты жауапкершілікті түсінемін.

Күні ___________

Қолы _____________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет