Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру
Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған:
«Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
«Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
«Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін
түзету жұмыстарының түрлерін түрлі жаттығулармен жүргізелетін жұмыстарамен төмендегіше сипаттауға болады:
Ұсақ қол қимылдарын дамыту жаттығулары;
Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған тапсырмалар:
Қыстырғыштардың көмегімен кірпіге инелерін, күнге оның сәулелерін, ағашқа
жапырақтарын қыстырып көр.
Құм терапиясы. «Бұл құмда не тығылған?»
Құмға қолын түсіріп, тығылған геометриялық пішіндерді тауып көр.
Ал енді үлгіге қарап, осы пішіндерден үйді құрастыр.
3.Екі алақанның арасына ермексазды салып дөңгелет.
Қаламмен жұмыс “тізбекті аяқта” жаттығулары.
Қорытындылай келе, жоба жұмысының негізгі мақсаттарына жету үшін мынадай жұмыстар жүргізілді:
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері сипатталды;
арнайы педагогиканың салалары сурдопедагогика, тифлопедагогика, логопедияға қысқаша анықтама берілді;
Есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктеріне жалпы түсінік берілді;
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдарына жалпы мәлімет берілді;
Есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстар мен жаттығуларға тоқталдым;
Мүмкіндігі шектеулі баламен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлінді: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар баланың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері жеке түзету сабақтарында оқу материалдары баланың даму ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, баланың дамуын, қалыптасуын жетілдіретін жарқын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынуы керек деп қорытындыланды.
Кешенді коррекциялық-дамытушы жұмыс жүйесі түрлі мамандар әрекетінің жұмысынан тұрады, сондықтан да көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларды оқытуда сурдопедагогтың, тифлопедагогтың, логопедтің психологтың, тәрбиелеуші мен ата-ананың біріккен жұмысы қажет. Әр уақытта ата-анамен, қоғаммен, білім беру процесінде мектеп әкімшілігімен бірлескен жұмыс оң нәтижесін берері сөзсіз.Сондықтан да әрбір педагог, ата-ана ерекше балаға жағымды көзқараспен қарай отырып, жауапкершілік танытып, білім, тәрбие процесінде нақты бағыттарды айқындай отырып, нәтижелі жұмыстар жасай алсақ, әрбір ерекше баланы қоғамның саналы, белсенді мүшесіне айналдыра алсақ, жас ұрпақты келешек өмірге жетелей білсек, бұл барлық жағынан ерекше бала, ата-ана үшін де білім беруде, қоғамдық өмірде тиімді, нәтижелі, жемісті болары анық.
Достарыңызбен бөлісу: |