Көру талдағышының шеткі бөліміне көздің торлы қабығы жатады, онда таяқшалар мен құтылар бар. Таяқшалар жарық сәулесін, ал құтылар түстерді қабылдайды



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата08.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#72563
1   2   3   4
 
 
 
 
Сурет 2 Көру аймақтарының диаграммасы
 
Сурет 3 Бұзылыс орнына қарай көру аймақтарының жоғалу варианттары
 


2-жұмыс. Көздің торлы қабығындағы соқыр дақтың бар екенін көрсету (Мариотт 
тәжірибесі) 
Соқыр дақ (көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері) жарықты сезбейді, себебі ол жерде 
таяқшалар мен құтылар болмайды. Сондықтан заттың бейнесі соқыр даққа түссе, көру сезімі пайда 
болмайды. Торлы қабықтағы соқыр дақты Мариотт тәжірибесі арқылы көрсетуге болады. 
Жұмысты орындау. Зерттелуші адам ақ түсті крест пен дөңгелек салынған қара қағазды 
қолына ұстап, сол көзін жауып, оң 
көзімен суреттегі крестке қарап (ақ 
дөңгелек сырт жағында қалады), 
біртіндеп оны көзіне жақындатады. 
Шамамен 15-25 см қашықтықта ақ 
дөңгелек көрінбей кетеді, себебі 
крестке көзді тоқтатқанда, одан 
шашыраған сәулелер белгілі бір 
қашықтықта сары даққа түседі де, ал 
дөңгелектен шашыраған сәулелер 
соқыр даққа түседі, сондықтан 
дөңгелек көрінбей қалады. 
 
 
 
 
3-жұмыс. Көздің өткірлігін анықтау 
Көздің өткірлігін анықтауды көз ауруларының тәжірибесінде жиі қолданады. Сыртқы 
дүниенің заттарын анықтау үшін оларды тек қана түсіне және реңіне қарап бөліп қоймай, олардың 
жеке бөліктерін де анықтайды. Көздің өткірлігі (visus) неғұрлым ұсақ бөлшектерді анықтай алса, 
соғұрлым жоғары болады.
Көздің өткірлігі деп біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелерді жекелеп қабылдау қабілетін 
атайды. 
Жаңа туылған нәрестелердің жарық қабылдау қызметі (жарықты сезгіштігі) көзге айтарлықтай 
күшті жарық түскенде, жауап ретінде пайда болатын қарашық және кірпік қағу рефлекстері, басын 
қозғалтуы арқылы анықталады. Жарыққа қарашық рефлексі (қарашықтың тарылуы) жатырдағы 
дамудың алтыншы айында пайда болады.
Нәрестелердің қарашығының жарыққа сезімталдығын анықтаған кезде нұрлы қабықтың 
бұлшық еттерінің толық дамымағанын ескеру қажет, сондықтан жарықтың әсерінен қарашықтың 
тарылу дәрежесі төмен болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет