Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру



бет2/8
Дата31.12.2021
өлшемі2,28 Mb.
#22077
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8

Жоғары оқу орнында оқыту үрдісінде кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты жастарға білім беру жұмысын жетілдіру болып табылады. «Кредит» ұғымының ешқандай қаржылық мазмұны жоқ, аталған ұғым жоғарғы оқу орындарында оқылатын әрбір пәннің еңбексиымдылығын мөлшерлеу және студенттің оқу жұмысын өлшеу үшін қолданылады. Еңбексиымдылық аудиториялық сабақтарда және студенттің өздік білім алуында белгілі бір оқу жұмысын орындауға жұмсалатын уақытты сипатайтын көрсеткіш ретінде қабылданады. Оқу кредиті пәнді оқып үйренуге қажетті еңбектің жұмсалуының бірлігі болып саналады. Білім алушы тұлғаның білімін бағалау жүйесін жетілдіру жалпы оқу үрдісінің жағдайын жақсартуға тікілей әсер ететіні белгілі. В.С.Аванесов бұл мәселеге қатысты былай дейді: «Әлемде білім беру жүйесін реформалау мақсатында жасалған көптеген жұмыстардың қомақты нәтижелер бермеу себебінің негізгісі аталған реформалардың білімді бақылау және бағалау жүйесінің жетілмеуі болып табылады» .

  • Жоғары оқу орнында оқыту үрдісінде кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты жастарға білім беру жұмысын жетілдіру болып табылады. «Кредит» ұғымының ешқандай қаржылық мазмұны жоқ, аталған ұғым жоғарғы оқу орындарында оқылатын әрбір пәннің еңбексиымдылығын мөлшерлеу және студенттің оқу жұмысын өлшеу үшін қолданылады. Еңбексиымдылық аудиториялық сабақтарда және студенттің өздік білім алуында белгілі бір оқу жұмысын орындауға жұмсалатын уақытты сипатайтын көрсеткіш ретінде қабылданады. Оқу кредиті пәнді оқып үйренуге қажетті еңбектің жұмсалуының бірлігі болып саналады. Білім алушы тұлғаның білімін бағалау жүйесін жетілдіру жалпы оқу үрдісінің жағдайын жақсартуға тікілей әсер ететіні белгілі. В.С.Аванесов бұл мәселеге қатысты былай дейді: «Әлемде білім беру жүйесін реформалау мақсатында жасалған көптеген жұмыстардың қомақты нәтижелер бермеу себебінің негізгісі аталған реформалардың білімді бақылау және бағалау жүйесінің жетілмеуі болып табылады» .
  • Жоғарғы оқу орындарының кредиттік жүйеде жұмыс жасай бастауына орай білімді тексеру және бағалау технологияларын жетілдіру мәселесі де бірінші кезекке шықты. Сызықтық оқыту жүйесінде қолданылып келген студенттердің білім сапасын тексерудің рейтингтік және тестік әдістері оқытудың кредиттік жүйесінде кең түрде қолданылу өз артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Студенттің білімін бағалаудың бұрын қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдістері рейтингтік-тестік әдістермен үйлестіріле қолданылса жоғарғы оқу орындарындағы оқыту және оқу үрдістері жоғарғы дәрежеде болатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет