«Критериалды бағалау технологиясы» Қорытынды аттестаттау сұрақтары Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»


Жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



бет5/7
Дата17.09.2022
өлшемі32,28 Kb.
#39339
1   2   3   4   5   6   7
7.Жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.
мәселе бойынша мектебіміздің бастауыш класс мұғалімі, І деңгейлік курсты бітірген тренер Г.С.Сейсекенова өз кезегінде баяндама оқи отырып, мұғалімдерді ортақ тақырыпты шешуге шақыра білді. Таратпа материалдар тарата отырып, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арасындағы айырмашылықтар туралы айта кетті. Мұғалімдер үш топқа бөлініп, өз ойларын ортаға тастады. Слайдтар арқылы жиынтық бағалаудың құрылымы көрсетілді.
Екінші мәселеде мектеп үйлестірушісі Г.Т.Мустахимова І тоқсан соңында жиынтық бағалау қандай формада, қалай өтетіндігі туралы түсінік берді.
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Тоқсандықжиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқу бағдарламасы мазмұнын білуі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.
Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде жоғары ойлау деңгей дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды тексеретін түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалаудың нұсқаулығында жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық), нәтижелерді талдау, тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісін ұйымдастыру, өткізу туралы толық сипатталғаны туралы айтылды. Қорытынды жазба жұмыстарының күні белгіленіп, модерация тобының жұмыс түрі туралы айтылды.
Мектептегі қалыптастырушы, жиынтық бағалауға қатысты барлық үдерістерді енгізу мен жүзеге асыруға жауапкершілікті әдістемелік бірлестік жетекшілері өз мойындарына алды.
Келесі мәселеде жиынтық бағалау күнделікті қағаз журналына қойылатындығы туралы айтылды. Тоқсан айының соңында оқушылардың орындаған тапсырмалары модерация тобы қарастыратындығы туралы айтылып, ескерілді.
Әр түрлі мәселелер бойынша оқушылардың портфолиосы туралы сұрақтар қойылды.
Қаулы:



  1. Баяндама қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Жиынтық бағалау бойынша берілген тапсырмалар уақытында орындалсын.

  3. Модерация тобының жұмысы жандандырылсын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет