Курс: 2 Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы Ландшафттану термині ландшафттану ғылымының негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Бұл – неміс сөзі, «Жер түрі»


Ландшафттық карталарды табиғатты аудандастыруда қолдану



бет6/6
Дата14.03.2023
өлшемі22,94 Kb.
#74195
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ландшафттану СРСП Ермек Мөлдір ЭиП-21

7. Ландшафттық карталарды табиғатты аудандастыруда қолдану
Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалынды.
Ландшафттық зерттеулердің маңызды элементі болып, белгілі бір аумақтың жан-жақты сипаттамаларын және оның ресурстары мен мүмкіндіктерінің бағасын құрайтын ландшафттық картографиялау болып табылады. Өздігінен ландшафт картасы қорытынды нәтиже бола алмайды, тек қолданбалы мәселелерді шешудің негізін көрсетеді.
Ландшафттық карталар табиғи-территориялық комплексті – әр түрлі деңгейдегі және кез келген таксономиялық рангтегі ландшафттарды зерттеудің нәтижелерін көрсетеді. Табиғи-территориялық кешен – көптеген тура және кері байланыстардың кешен бөліктері арасындағы және қоршаған ортаны құрайтын күрделі динамикалық жүйелер. Ландшафттық карталарды зерттеу табиғи ортаның кеңістіктік дифференциациасының, табиғи-территориялық кешеннің генетикалық және динамикалық байланыстарының факторлары мен заңдылықтарының көрінісін алуға мүмкіндік береді. Ландшафттық карталар ғылым мен өндірістің көптеген мәселелерін шешу үшін қажет. Олар кешендік-территориялық жобалау жұмыстарына, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына кеңінен қолданылуда. Әр түрлі мақсаттағы бағалау және болжау ландшафттық карталары да пайда болды.
Ландшафттық карталар әр түрлі масштабта да жасалуда: ірі, орта және ұсақ. Ұсақ масштабты картографиялауды әдетте камералдық әдіспен жүргізіледі. Орта масшабты картографиялауда картаның дәлдігі жоғарылап, олар далалық жұмыстарды қажет етеді. Ірі масштабты картографиялау толық далалық түсіріліс әдісімен, ладшафттық профильдеу және стационарлық бақылау нәтижелерін өңдеу әдісімен жүргізіледі. Ұсақ масштабты зерттеулерде табиғи-территориялық кешеннің аймақтық деңгейлерінің ланшафттық құрылғылары: олардың ішкі құрылғысы, кеңістіктік, генетикалық, динамикалық және уақыттық – ішкі ландшафттық байланыстарын зерттейді. Ірі масштабты зерттеулерде элементар табиғи кешеннің даму заңдылықтарын, құрылымын, динамикасын және өзара байланыстарын зерттейді.
Ұсақ масштабты ланшафттық карталарды орта масштабты жалпы географиялық карталар бойынша, ланшафт компоненттері туралы мәліметтерді құрайтын салалық тақырыптық карталарды қолдану арқылы құрастырады. Сонымен қатар, ландшафт компоненттерінің аймақтық зерттеулерінің нәтижелерін көрсететін климат, гидрология, гидрогеология, салалық әдебиеттік және картографиялық анықтамаларды қолданады. Соңғы жылдары дистанциондық зерттеулердің мәліметтері – ғарыштық фотосуреттер кеңінен қолданысқа ие болды. Ландшафттық түсірілістер ірі масштабта шектелген аумақта табиғи – территориялық кешеннің орналасуы мен оның құрылымын зерттеу мақсатында жүргізіледі. Тек қана ірі масштабта табиғи – территориялық кешенді зерттеу, сипаттау және картографиялау нәтижесінде табиғатта болған табиғи, және де адамның іс әрекетінің әсерінен болатын өзгерістерді болжауға қажет дәл сандық сипаттамаларды ала аламыз.
Ланшафттық карталарды құрастыру және жаңарту үшін ландшафттың кеңістік орналасуының заңдылықтарын анықтауға әсер ететін, табиғи кешеннің морфологиялық құрылымын зерттеуге мүмкіндік беретін ғарыштық фотосуреттер тиімді пайдаланылады. Фотосуреттермен жұмыс жасағанда зерттеудің екі әдісі де қолданылады – жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға. Фотосуреттерде ландшафттық құрылымдарды автоматтық интегралдаудың арқасында генерализациялау үрдісі жеңілденді, карта дәлдігі жоғарылады, оларда табиғи жүйелердің жағдайын көрсету, ғарыштық фотосуретте жақсы оқылатын табиғи кешендердің кеңістік өзгерістерін зерттеу арқылы олардың уақыттық – кеңістік серияларын айқындау мүкіндіктері пайда болды.
Ландшафттық карталарды безендіруде біріңғай жүйе жоқ. Әдетте, түстермен табиғи-территориялық кешендердің арасындағы сандық айырмашылықтарын көрсетеді. Түстік айырмашылықтарды ландшафттың табиғи ерекшеліктерімен сәйкестендіруге тырысады. Ландшафттың антропогендік түрленулерін штрихтау жүйесінің көмегімен көрсетеді, ал картаның мазмұнының жеке элементтерінің сипаттамаларына ареалдарды, тоғайларды, ормандарды, өсімдіктердің жеке түрлерін және т.б. көрсету үшін масштабтан тыс шартты белгілер қолданылады. Табиғат кешендерінің арасындағы шекараны сызықтық белгілермен көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет