Курстық жұмыс Тақырыбы: А. Байтұрсынов оқыту әдістемесінің негізін қалаушы (Педагогика пәні бойынша) 0105000«Бастауыш білім беру»



бет7/12
Дата12.06.2023
өлшемі168,92 Kb.
#100680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
а.б курсовой

2.2.Байтұрсынов әдістемесі
Жай ғана әліпбиді үйретіп, әріптерді танудың сан мыңдаған әдісі бар.Оның тура пайдалысын анықтау арқылы білімдегі тиімділікпен сауат ашуды құрастырады.Ал, осы Ахмет салып кеткен әдістер тұжырымдамасы арқылы қандай әдістің тиімді екенін анықтай аламыз.Осы тұжырымдамағатоқталар болсақ:

  1. Әдістердің жүзеге асуы бірдей болмайды.Себебі, әр тілдің емлесі, айтылу, жазылуы және тағы басқаша блады. Сондықтан оны ең бірінші дұрыстап зерттеп қайсысы сәйкес келеді соны анықтай қажет.

  2. Барлығымыз үшін сауатты адам ол білімді, шапшаң жазатын, оқитын адам және сол кезеңді айтамыз.Ал оны қалыптастыру үшін сауаттауәдістері қажет.

  3. Жазу үшін әріп алмай, таңба алған жұрттың бірі, мәселен, қытай. «Ауыз» бен «ит» таңбасы қатар тұрса «үреді» деген сөз болады. Мұғалім бұл жазумен сауаттағанда дыбыспен де, әріппен де жұмысы жоқ. Жазу үшін әріп алғанымен, ол әріптері тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін ағылшын, американ сияқты жұрттар. Бұлардың сөздерінің жазылуы мен айтылуы айырылып, алыс кеткендігі сонша «ит» деп жазып, «шошқа» деп оқиды. Сондықтан олардың жазу жүйесі әріпті болғанымен, мағынасы таңба ­жү­й­елі жазуға жақын. Ал тілінің жазылуы мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысалы – орыс халқы. Мұндай жазуы бар жұрттың кей сөздерін дыбыстарына қарай жазуға болады, кей сөздерін тек жатталған түрінде ғана жазуға болады. Сондықтан бұлардың бәрі сөзді таңбаша жазып отырған соң немесе таңбаша жа­зуға жақын түрде жазып отырған соң таңбаша үйрету әдісін қолданып отыр. Тұтас сөз әдісі деген сол таңбаша үйре­ту әдісі болады. Тұтас сөз әдісінне мақсат­пен қолданып отырғандарына назар салмай, тек басқалар қолданып жатқанда бізге де қолдану керек деушілер бар.

  4. Жалқылау әдіс жалпылау әдіс­ке қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылау­дың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқы­лаудың асылы іріден ұсақтату.

  5. Жалқылау әдістің жалпылау әдіс­тен артықшылығын қуаттайтын пікір ХVІІІ ғасырдың аяғында Францияда пайда бол­ды. Оқу үйреткенде сөзді әріптен, буын­нан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұл­ғасынан бастап үйрету керек дейді. Негізгі кемшілігі сөзді жаттату, не үшін «ат» деп сызған нәрсе «ат» болып оқы­луға тиістігі балаларға түсініксіз. Оқы­ған сөздерін балалар неге солай оқыла­тынын білместен жаттау.

  6. Біржерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісіболып бірі­геді. Бұл әдістің өзі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: «Шағын сөзді» түрі – мұның бір артық жері аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрт­тардың бәріне жайылды. «Жазу-оқу» деген түрі – оқуды жазу арқылы үйрету. Бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді. «Жазу-оқу» әдісі шыққаннан кейін оқу мен жазу қатар жүретін болды. «Дыбысты әдіс» түрі – дыбысты әдіспен үйреткендегі істелетін істің негізі бес түрлі (балалармен әңгімелесу; оқу үйретуге даярлайтын жұмыстар; сөзден дыбыстарды айырып шығару; әріптермен таныстыру; берілген әріптерінен сөз құрау, соны оқу).

А.Байтұрсынұлы сол кезеңдегі әлем­ге тарап жатқан оқыту әдістемелерін осылайша, саралап, талдай отырып, со­лар­дың ішінде қайсысы қазақ тілінде сауат ашуға қолайлы екенін анықтады. Өзі шығарған «Әліппені» (Оқу құра­лы) «Дыбысты әдіспен» оқытуды ұсы­нып, мұны мұғалімдерге арналған нұс­қаулығы – «Баяншыда» мұқият тәп­тіштеп түсіндірген. Дыбысты әдісті қол­дану үшін «Дыбыспен жаттығу» тәсілін ұсынған.
А.Байтұрсынұлы «Дыбысты әдісті» не үшін таңдады? Оның басты себебі, балалар «сөздің ішінде қанша һәм қан­дай дыбыстар бар екенін айыруды біл­се, харіфтерін қою қиын болмайды». Ғалым қазіргі айтылып жүрген оқы­лым, жазылым, айтылым, тыңдалым әрекет­терінің негізі осы «Дыбысты әдіс» арқы­лы қалануы керектігін сол кезде-ақ сара­лаған. Мәселен, ұлт ұстазы былай дейді:
Сөз айту – дыбысты ауызбен тізу (айтылым)
Сөз жазу – дыбыстардың белгісін қағаз бетіне тізу (жазылым)
Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді, себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді (оқылым).
Дыбысты білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену қиын (тыңдалым).
А.Байтұрсынұлы осылай түсіндіре отырып, «бұл усул сотиенің (жаңаша оқы­­ту тәсілі) ең жақсы жолы» деген қо­ры­тынды шығарады және жаңаша оқы­ту тәсілінің басты қағидасы ретінде айты­лым әрекетін бірінші орынға қой­ған:
- әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін білдіру;
- екінші балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішінде қандай дыбыстар барын айырту;
- үшінші бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп сөз айтуды білдіру;
- бұларды білмей тұрғанда балаларға харіф көрсету жарамайды («Баяншы»).
Осылай деген ұлт ұстазы «осы күн­де оқуы тәртіпті жұрттар балаларға харіф көрсетпей тұрып, әуелі дыбыс­пен жат­тықтыратынын» ескерткен. Ал өте­тін әріпті дыбыспен оқыту жолын қа­­зақ мұғалімдеріне былайша тү­сін­ді­реді: «Мұғалім созып «А» деп айта­ды да, балалардан сұрайды не дыбыс ес­тіл­ді? Балалар: «А» деген дыбыс естілді. Мұғалім созып басқа бір ды­быс айтады. Мысалы «З», мұның тура­сында да не дыбыс естілді деп сұ­райды. Осылай бірнеше дыбыстарды айт­қаннан кейін балалар дыбыстың әртүрлі болатындығын біледі һәм бір дыбыстан бір дыбысты айырып тануға күші жетеді. Сонан соң сөз ішіндегі дыбыстарды айыруға да шамалары келеді».
А.Байтұрсынұлы сөз ішіндегі дыбыс­тарды балаларға айырту үшін әуелі бір буынды, сонан соң екі буынды, онан соң үш буынды сөздер алынатынын айтады және екі, үш буынды сөздерді буынға бөлуді үйрету аса маңызды екенін ескерткен: «Бұл арада балаларды сөздің буынымен таныстыру керек. Ол үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып, созып айту керек. Созып айтқанда, сөз буын-буыннан бөлініп естіледі. Мы­салы: «аға» дегенді созып айтқанда екіге бөлінеді, «ағалар» деген сөзді созып айтқанда үшке, «ағаларға» деген сөзді созып айтқанда төртке бөлінеді. Осылайша, бірнеше сөзді созып айтып көрсеткеннен кейін балалар да әр сөзді созып айтып, қай сөзде қанша буын бар еке­нін айыруды біледі. Балалар сөздің буын­дарын һәм дыбыстарын қосып үйрен­геннен кейін, харіфтерді көрсету керек».
Ұлт ұстазы өз «Әліппесін» осы дыбысты әдіспен оқытуды мұғалімдерден талап етті және 1920 жылы шыққан нұс­қау­лығында («Баяншы») өз тарапынан «Дыбыспен жаттығу» тәсілін ұсына отырып, онымен балаларды қалай оқыту жолдарын жан-жақты үйреткен. 1913 жылы жариялаған «Қазақша оқу жайынан» деген мақаласында да «Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі», деген болатын.
Ал 1926 жылы А.Байтұрсынұлы «Әліппе» атты жаңа құралды жарыққа шығарды. Бұл кітапта ғалым бұған дейінгі «Әліппесі» тек дыбыстық әдіске негізделгенін, кейінгі кезде дыбыс әдісімен қатар сөз негізді тұтас оқу әдісі шыққанын, сондықтан бұл жаңа құралда дыбыс әдісі мен тұтас оқу әдісі қатар беріл­ге­нін айта отырып, «Әліппе» мен бұл жаңа құралдың қайсысы үйретуге же­ңіл, қайсысымен оқытқанда балалар оқу мен жазуды тез үйренеді, осы жа­ғынан тәжірибе түйілсе екен, деп мұға­лімдерге өтініш білдіреді.
Бұл жаңа құралда сөйлеу әрекет­те­рінің жазылым, айтылым, оқылым түр­леріне әртүрлі тапсырмалар берілген, тың­далым әрекеті «Дыбыстық әдіске» негіз­делген. «Тұтас сөз әдісін» қолдан­ғанда өтпеген әріптер бойынша мысалдар алынбаған. Бұдан А.Байтұрсынұлы­ның бұл әдісті тек керек жерінде ғана қолданып отырғанын аңғарамыз. Бұл оқулықта балалар қызығатындай суреттер, әртүрлі ойын түріндегі топтық, жұптық тапсырмалар, балалардың логи­калық дағдысын жетілдіруге бағыт­талған сұрақтар берілген. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет