Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


және одан да көп дыбыстарға әріп арнағандар қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде жоқ дыбыстарды да таңбалаймыз деп әуре болған; 2



бет33/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
treatise110635

1. 31 және одан да көп дыбыстарға әріп арнағандар қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде жоқ дыбыстарды да таңбалаймыз деп әуре болған;
2. Дүниежүзі тілдірінің басым көпшілігіне көп жағдайда ортақ болып келетін дыбыстарды латынша таңбалауда, негізінен, бірізділік сақталғанмен, қазақ (түркі) тілінің төл дыбыстарын таңбалауға ағылшын тілінің белгілі бір дыбыстарының таңбасы болып тұрған әріптерді алған.
3. Тіл дыбыстары да шартты таңбаларға жататыны ескерілмей, қазақ тілінің өзіндік дыбыстарын ағылшын тілі дыбыстарын таңбалайтын әріптермен түрлі диакритикалық символдардың көмегімен сәл өзгертіп беру басшылыққа алынған. Бұл қателік, біздің ойымызша, қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінің жаңа нұсқасын құрастыру кезінен бастау алған.
4. Бірқатар жобаларда қазақ тілінің кейбір төл дыбыстары жуан-жіңішке болып жұптасып келетіндігіне байланысты бір ғана таңба беріліп, олардың бір-бірінен айырмашылығын арнай белгілер (дәйекше) арқылы таңбалау ұсынылған. Бұндай әліпбидің аса ықшамдылығы жағынан өзіндік артықшылығы болғанымен, әліпби үйретуде болатын кемшін тұсы да бар екенін аңғардық. Оған ретіне қарай кейінірек арнайы тоқталамыз.
5. Әліпби құрастырушылардың баршасы – қазақ тілі дыбыстарын қалай да ағылшын тілі әліпбиінің 26 әрпі негізінде құрастыру керек дегенді қатаң басшылыққа алып, қазақ тілінде жоқ, бірақ ағылшын тіліндегі бір дауыссыз дыбыстың таңбасы болып тұрған бір әрібіне қазақ тілінің басқа бір дауысты дыбысын теліген.
6. Қазақ тілінің төл дыбыстарын диакритикалық символдардың көмегімен немесе қос әріппен таңбалау – жазу кезінде көптеген қиындықтар тудыратыны мүлдем ескерілмеген.
7. Ең бастысы, ағылшын және тағы басқа да көптеген тілдерде жоқ, бірақ қазақ (түркі) тіл(дер)інде бар, олардың сол төл дыбыстарын өзінше таңбалау қажет екендігі қаперге алынбаған. Атап өтетін жайт – қазақ тілінің 1929 жылғы латынша әліпбиінде және Қытай қазақтарының 1965-1982 жылдар аралығында қолданған латынша әліпбиінде бұл мәселе, негізінен, ішінара ескерілген. Мысалы, «ә», «ө», «ғ», «ң», «ы» дыбыстарына арнай әріптер берілген.
8. «Ең» дегендегі ең бастысы – латынша немесе ағылшынша әріпті сәл өзгертсе болғаны, ол – латынның да, ағылшынның да әрібі (таңбасы) болмай қалатынын әліпби құрастырушылардың ешқайсысы ескермеген. Сөйтіп, олар латын/ағылшын әріптерінің жоғары жағына бір белгі қойсақ, ағылшын тілінің 26 әрібімен (таңбасымен) қазақ тілі дыбыстарын таңбалаймыз деп қате жолға түсіп кеткен.
Біз, осы жобаны орындаушылар, өткен ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап бүгінге дейін дайындалған латыншаға негізделген небір әліпби нұсқаларымен танысып, саралап, зерделеп шықтық. Солардың ішіндегі қазақ тiлiнің табиғи дыбыстық жүйесіне сәйкес келетiндері де, мүлдем қатерлі жолға түсіп кеткендері де баршылық. Барлығына ортақ кемшілік біз жоғарыда атап өткендер деуге болады.
Барлық жобалық әліпбилер ағылшын тілі әліпбиіндегі a, b, c, d, e, g, i, j, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, y, z әріптерін қазақ тілінің а, б, с, д, е, г, и, ж, к, л, м, н, о, п, р, с, т, у, з дыбыстарына балама етіп алса да, қазақ тілінің төл дыбыстары – ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, ы, і дыбыстарын ағылшын әліпбиінен артық қалған f, h, v, w, x әріптерімен немесе бір дыбысты таңбалау үшін қолданылған бір әріпке қосымша белгілер қою арқылы таңбалауға тырысқан. Демек, барлығына қиындық келтірген қазақ тілінің төл дыбыстары болған.
Адамзаттың, оның ішінде белгілі бір ұлттың бір-бірімен қарым-қатынас жасасуы (сөйлесуі) дыбыстық тілге негізделетіні барша жұртқа белгілі. Кез келген ұлттық тіл дүниедегі барлық зат пен ұғымды өзіне ғана тән тіл дыбыстары және солардың қалыптасқан тіркесімі бойынша таңбалап, түрлі сөздерге айналдырады. Сол себептен әрбір ұлттық тілде барлық адамзат танып-білген заттар мен ұғымдар түрліше дыбысталып айтылып, өзіндік ерекшелігін танытады.
Демек, тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшелігі болса, оны жазбаша жеткізуде тіл дыбыстарын дәл таңбалау – аса маңызды. Кез келген таңбаның, оның ішінде тілдік таңбалардың (морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) екі жағы болатыны белгілі. Бірінші жағы – формасы болса, екінші жағы – мазмұны болып табылады [14, 68-80].
Әріп – дыбыстың сыртқы формасы болса, бір әріпке телінген дыбыс оның мазмұны. Екеуінің арасындағы байланыс шартты. Әр дыбысқа қандай таңба берсең де бәрібір. Алайда жаңадан таңбалар ойлап тауып, өзге жұрттан өзгеше жаңа әліпби құрастырғаннан гөрі, бүкіл адамзат тұтынып жүрген әліпбиді өзіне лайықтап құрастырып алудың көпжақты пайдасы бар екені даусыз. Оған тоқталып жатудың қажеті де жоқ болар.
Жанды (ауызша) тілде тілдік таңбалар (сөздер және т.б.) дыбыстармен таңбаланатын болса, сол дыбыстар жазбаша тілде әріптермен таңбаланады. Ал ұлттық жазу (графика) қай елдің әліпбиіне (алфавитіне) негізделсе де, өзінің ұлттық сипатын жоғалтпай, ұлттық тіл болдып қалуы қашан да маңызды.
Қай ұлт, мейлі, кімнің әліпбиін қабылдаса да, өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тілдік зандылықтары бойынша барша адамзатқа ортақ дыбыстармен қатар өзінің төл дыбыстарын, өзіндік дыбыс тіркесімдерін (сөздерін) таңбалау, жазу, оқу, айту үшін алады. Бұл да табиғи заңдылық. Сондықтан да жазбаша тілдік таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы – тіл дыбыстарының дұрыс таңбалануы.
Өзгетілдік дыбыстарды және олардың таңбаларын (әріптерін) немесе ұлттық тілде бар дыбыстардың әріптерімен жазылған, бірақ дыбыс тіркесімдері өзгеше сөздерді, мысалы: лексика, грамматика, синтаксис т.б. деген сияқты т.б. сөздерді «халықаралық сөздер» деген желеумен талғамсыз-талғаусыз қабылдау ұлттық тілдің өзінің табиғи бітім-болмысынан біртіндеп ажырап, бүлінуіне апарады. Оның алдын алу үшін қазақ тілінің болашақ латынша әліпбиі өзінің ұлттық сипатын сақтауы керек. А. Байтұрсынұлы түгендеп беріп кеткен қазақ тілі дыбыстарынан артық та, кем де болмауы қажет.
Осы жерде А. Байтұрсынұлының ә, ө, ү, і дауыстыларын жеке фонема санамағанын және «қ» мен «к», «ғ мен «г» дыбыстарын да бір таңбамен беріп, оларды дәйекше арқылы ажыратуға болады дегенін, сөйтіп, қазақ тілі әліпбиіндегі әріптер санын барынша ықшамдауға болады дегенін [1, 146-147] біз де ойға алдық және «А.Байтұрсынұлының дәйекшесі негізіндегі Интернет әліпби» деген атаумен дайындалған сондай әліпбимен де таныстық [5, 260-266].
Алайда бұндай әліпбиді үйретудің мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас балаға едәуір қиындық келтіретіні байқалады. Өйткені әр дыбыстың әріптерін үйретумен қатар қазақ тілі дыбыстарының сапалық сипатын, яғни дауысты-дауыссыз болып бөлінуін, дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып жіктелуін де оқытуға тура келеді екен.
Заман талабына орай, ағылшын әліпбиі құрамындағы әріптерді қазақ тілі дыбыстарына барынша сәйкестендіріп алудың қажет екенін біз де мойындаймыз, бірақ кезіндегі кирилше әліпби сияқты ағылшын әліпбиі де қазақ тілінің латынша әліпбиін құрастыруға қаншалықты қажет болса да, қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауға жарамай жатыр.
Біз қазір, көп жағдайда, қазақ тілінің (түркі) төл бір дыбысын таңбалау үшін ағылшын тіліндегі (әліпбиіндегі) бір әріпті қосымша белгілер немесе екі әріпті қосарлау арқылы сәл өзгертіп пайдаланғымыз келіп жүр. Қалай дегенмен, бұның бір кемшілігі бар. Себебі ол дыбыстар ағылшын тілінде бір дыбысқа таңба болғандықтарынан және сол әріптер ағылшын тілін оқытып-үйрету (оқып-үйрену) кезінде бастапқы қалпында ұғындырылатындықтан, өзінің бұрынғы дыбыстық мазмұнына тартып кете береді. Сөйтіп, ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра үйретуге немесе ағылшынтілділердің қазақ тілін оқып-үйренуіне кезінде қиындық туғызуы мүмкін.
Бұның нақты дәлелін қазақ тілінің қазіргі кирилше әліпбиінен көруге болады. Онда қазақ тілі мен орыс тілінің дыбысталуы жағынан бір-біріне жуық келетін, алайда өзіндік ерекшеліктері бар «й», «у», «ы» дыбыстарына бірдей таңба берілгендіктен, қайсыбір орыстілді қандастарымыз тұрмақ, қазақтілділердің өздері құрамында осы әріптер жазылған қазақ сөздерін дұрыс оқып, дұрыс айта алмайды.
Мәселен, қазақ тіліндегі «й» мен «у» үнді дауыссыз дыбыстары еш уақытта жанды (ауызша) тілде жалаң қолданыла алмайды. Олардың алдында, яғни «й» дыбысының алдында еркін қолданыла алатын «а/ә», «о/ө», «е» ашық дауысты дыбыстарды айтпағанда, «ы/і» және «ұ/ү» қысаң дауысты дыбыстары қолданылатын (айтылатын) болса, ал қос еріндік жуысынқы «у» үнді даусыз дыбысының алдынан да, соңынан да «ы/і,» соңында «е» қысаң дауысты дыбыстары емес, міндетті түрде «ұ/ү», «ө» еріндік дауысты дыбысы айтылады.
Қазіргі емлеміз бойынша «у», «уыз», «ауыл», «жауын», «тәуір», «жауын», «әуе» «сәуегей» сияқты болып жазылып жүрген тағы басқа да толып жатқан сөздердің «жанды дауыспен» дыбысталуы да, әріптермен таңбаланып жазылуы да басқаша, яғни [ұу], [ұуұз], [ауұл], [жауұн], [тәуүр], [сәуүр], [әуө], [сәуөгөй] болуы керек еді. Жоқ, олай болмай, орыс тілінің дауысты «у/ы» дыбыстарының таңбасы еш талғамсыз-талғаусыз қазақ тілінің дыбыстарына да беріле салғандықтан, біздің атағы «бүкіл әлемге» мәшһүр бір ағамыз: «Сендер, қазақтар, өз сөздеріңді өздерің дұрыс жазып, дұрыс оқып, айта алмай жүрсіңдер. Сендердің «ауыл» деп жазып жүргендерің – қате. Ол сөз және де сол сияқты т.б. сөздер «аул» деп жазылуы керек. Осыны білмеген қазақ тілінің профессорларына қайран қаламын» деп жазады.
О. Сүлейменовтің бұлай айтуының өзіндік себебі бар. Оған қазақ тілі мен орыс тіліндегі «у» мен «ы» дыбыстарының бір-бірінен айырмашылығы бар екені ескерілмей, бірдей таңба берілуі себеп болып тұр. Қазақтың «ауыл» сөзін орыс тілі дыбыстарымен оқысақ, [аууыйл] болатынын орыс тілін біршама жақсы білетін қазақтарға «жүдә» түсінікті. Ал осы сөздің «аул» делініп орысша жазылуы қазақтың [ауұл] деп дыбыстауына әлдеқайда жақын екеніне қай қазақ болсын дау айта алмас.
Біз көп созбайық деп бірер сөзбен ғана ұқсас дыбыстарға ұқсас әріптердің берілуі қаншалықты шатастыруға апаратынын айтып отырмыз. Сондықтан біздің ойымызша, ұлтық төл дыбыстарға өзгеше әріптер берілуі – табиғи талап, табиғи заңдылық.
Өзіміздің осы уәждемемізді (мотивацияны) басшылыққа ала отырып, сондай-ақ қазақ тілінің күні бүгінге дейінгі құрастырылған латынша әліпбилеріндегі біз кемшін тұстар дегендерді ескере отырып, бұрынғы әліпи нұсқаларынан өзгеше, қазақ тілінің латынша негізді әліпбиінің тағы бір нұсқасын құрастырдық. Ол – мынадай сипатта:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет