ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)


Темірбек  ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ШАРУАСЫ



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Темірбек 
ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ШАРУАСЫ 

Еуропадағы  мемлекеттердің  ең  мықтылары  -  Англия,  Франция,  Германия,  Италия  және 
басқалар  төрт  жылдай  соғысып,  есепсіз  қан  төгіп,  дүние  шашып,  енді  осы  күндері 
конференциядан  конференция  шақырып,  біріне-бірі  ант  беріп,  серттесіп  «Бұдан  былай 
кімде-кім  соғыс  шығарса,  пәлен  болсын,  түген  болсын»  деп  қарғаса  да,  үлкен  Еуропа 
соғысының олжасын қалай бөлу туралы әңгімесін әлі шеше алмай келеді. 

22 
 
Жер  жүзін  қанға  бұлғап,  Еуропа  соғысынан  кейін  14-15  конференциялар  шақырылды. 
Бұлардың  барлығында  да  сөйленіп  келе  жатқан  бір  әңгіме,  шешілмей  келе  жатқан  бір 
мәселе:  Еуропа  соғысында  жеңілген  мемлекеттерге  соғыс  шығынын  қалай  төлету  және 
келешекте соғыстан тартыну 
Соңғы 3-4 жылдан бері бүкіл Еуропа аузынан түспей келе жатқан осы екі әңгіме, жіліктің 
майлы  басы  осы  екі  мәселе  болғандықтан,  құлағын  түріп  тыңдамаған,  өзіне  қарай 
тартпаған жалпы Еуропада жан жоқ. 
Соғыстан  тартыну  керек  деген  соз  әдемі  әңгіме,  жақсы  ниет,  бірақ  Еуропа  сұмдары  сол 
әдемілігін пайдаланып, ішкі сырын жасырып, теңдік, бостандық деген құрғақ сөзге бірін-
бірі  малдандырып  жатыр.  Еуропа  мемлекеттері  астыртын  соғысқа  тағы  дайындалып 
жатыр. 
Жауыздық қанына сіңген зорлықшыл әлсіздердің дүниесін талауды әдет алған Еуропаның 
мәдени жұрты соғыссыз тіпті тұра алмайды. Жақсылық іске еш бастамайды. 
Түрік  мемлекеті  бұзылды  я,  болмаса,  қырғыз-қазақ  жұрты  ел  болудан  кетті,  халық 
болудан қалды деп қайғырмайтыны анық. 
Еуропаның  қай  мемлекеті,  қай  жұрты  қайсы  мәселеде  болса  да  жауыздықтың  қандай 
жолын,  зорлық-зомбылықтың  не  түрлі  әдісін  қолданса  да  өз  үстемдігін  жүргізу,  бұны, 
өзіне  мақсат  көрген  жалғыз-ақ  патшашыл  Россия  емес  еді.  Әзіргі  Англия,  Франция, 
Жапония,  Америка  «мәдениетті»  аталған  жұрттардың  барлығының  да  мақсаттары  осы 
болған.  Сондықтан,  14-  15  конференция  түгіл,  күніне  жүз  ант  берсе  де,  олардың  өзара 
таластары бітпейді, талас түбі келіп соғысқа тіреледі. 
«Мәдениетті» жұрттардың көзіне ылғи қан толып, колонияны іздеп таласқанда мақсаты не 
екен? 
Еуропада  көптің  көбі  завод-фабрика,  Еуропада  миллион  завод  болса  да,  тоқталмай  өне 
бойы  толассыз  жүруі  тиіс.  Өйткені,  іс  тоқтаса,  заводта  істеп  жүрген  жұмыскерлер 
қаражатын завод иесі яки болмаса өкімет беруге тиіс. 
Заводта  істі  тоқтатып,  жұмыскерлер  қаражатын  өз  мойнына  алатын  завод  иесі 
жұмыскерлерменен  пайда  сирек  емес.  Завод  иесі  оз  пайдасын  көздейді.  Басқаға  тіпті 
қайырымы  болмайды.  Заводта  іс  тоқтаса,  заводта  істеп  жүрген  жұмыскерлер  қаражатын 
өкімет мойнына ала алмайды. 
Сөйтіп,  завод  тоқтап  қалса,  завод  жұмысында  жүрген  жұмыскерлер  далада  қаңғырып 
қалмақ. 
«Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады» деген сияқты, жұмыссыз қаңғырып жүрген 
аш  жұмыскерлердің  бүліншілік  шығаруы  мүмкін.  Бүліншілік  шыға  қалса,  оны  басу  өте 
қиын. 
Сондықтан  бір  жағынан  өкімет,  екінші  жағынан  завод  иелері  завод  жұмысы  тоқтап 
қалмай, жүруінің қамында болады. 
Фабрика, завод жұмыстары тоқтаса, капитал өсуі де тоқтамақ. Капитал негізіне сүйенген 
мемлекеттерде қай жағынан қарағанда да завод жұмысы тоқтамай, ылғи жүріп тұруға тиіс. 
Фабрика - завод жұмысы аңырмай жүріп тұрса, үнемі жер көкке сыймайды. Оған алушы 
керек, тағы да завод жұмысы аңырмай жүруі үшін шикізат, отын керек. 

23 
 
Капитал негізіне сүйенген мемлекеттер капиталын ылғи өсіру жолында болады. Ойлаған 
ойы,  баққан  қойы  сол.  Сондықтан,  аты  шыққан  жауыздыққа  бай  болған  капиталшы 
мемлекеттердің іздегені - шикізат, отын, аңқау алушы колония. 
Завод  жұмысының  аңырмауын,  оның  өнімі  көп  болуын,  капиталы  өсуін  көздеген 
капиталшы өкімет колония іздемей, тілегін тіпті жарыққа шығара алмайды. 
Колония - шикізат аңқау алушы жалғыз Франция, Англияға керек болып тұрған жоқ. 
Барлық  капиталшы  негізіне  сүйенген  байлардың  жеке  байлығын  қуаттаған  капиталшы 
өкіметтердің  барлығына  да  тегіс  керек.  Сондықтан,  капиталшы  мемлекеттердің  көздеген 
мақсаттары  бір-біріне  ылғи  қайшы  келіп,  өзара  таластары  бітпей,  Англия  мен  Франция, 
Жапония мен Америка күндесті әйелдей күнде аңдысып отыр. 
Қазіргі  Лозанна  конференциясында  ресми  ретте  бітім  хақында  әңгіме  болып  жатса  да, 
шымылдықтың арғы бетінде отын туралы сөз болып жатқаны да анық. 
Мақсаттары  бір-біріне  ылғи  қайшы  түсіп,  барлығы  да  колония  іздеу  жолында  жүріп, 
соғыстан  тартыну  керек  деген  сөздері  тіпті  ем  болмайтын  әңгіме.  Еуропа  соғысында 
жеңілген мемлекеттерде соғыс шығынын қалай төлету мәселесі де түйіні зор сөз. 
Сұлу  сөз,  эдемі  әңгімелерді  қозғап  жүргенде,  барлығының  да  түпкі  тілектері,  теріс 
айналдырып  сөйлеп  жүргендері  -  біздің  мәселеміз.  Колония  -  шикізат,  аңқау  алушылар 
мәселесі. Солай екені «Лозанна» конференциясында белгілі болды. 
II 
Патшашыл  Россия  алғашқы  Түркістанға  қол  салғанда  көздеген  мақсаты  -  Түркістанды 
колония  ету  болған.  Сондықтан,  Түркістанда  жүргізілген  істің,  қолданған  саясаттың 
бағыты ылғи сол болып келді. 
Түркістанда  қай  шаруа  негізін  алсақ  та,  отаршылдық  салқыны  тимегені  жоқ. 
Отаршылдықтың  талай  түрі  жүргізілді.  Ол  туралы  жазылып  та,  айтылып  та  келді.  Отар, 
отаршылдықтың ең мықтысы, ең басы – жер судан басталады. 
Әсіресе, жылдың осы түрі жергілікті жұрттардың жанына батып, қырғыз-қазақ шаруасын 
қатты күйзелтті. 
Түркістанның  жер  шаруасы  өте  зор.  Хиуа,  Бұқараны  қосып  санағанда  Түркістанда 
152.288.331 десятина жер бар. Бірақ оның көбі үлгертілмей жатқан шикі жерлер. 
Шаруа  керегіне  асу  жағынан  қарағанда  барлық  152.288.331  десятина  жердің  түрлері 
мынадай;  
1. Егістік 3.288.331 десятина яки 2% 
2. Мал жайылымы 64000000 десятина - 42% 
3. Тоғай 6000000 «дес» -3,57% 
4. Үлгіртілмеген жерлер / тау-тас, су – құм / 79000000 «дес» - 515 % 
Барлығы: 152,288,331 десятина. 
Жоғарыдағы  мағлұматқа  қарағанда,  ұшы-қиыры  жоқ  Түркістанда  пайдаға  асатын 
игерілген  жер  ауданы  13288331  десятинадан  асатын  емес.  Даңқы  жер  жарған 
Түркістанның  жұрттан  асқан  байлығы  осы  13288331  десятина  жері.  Түркістанның  бар 

24 
 
байлығы  осы.  Қызыл  алмадай  Түркістанға  әркімдерді  қызықтырған  да  осы.  Жоғарыда 
көрсетілген жерді әзір Түркістанда пайдаланатын жұрттар мыналар: 
1. Өзбек /сарты аралас/ - 2.500.000 жан -37% 
2. Қырғыз-қазақ - 2.400.000 жан - 35% 
3. Түрікпен - 500.000 жан -7% 
4. Орыс - 600.000 жан -8% 
5. Тәжік - 500.000 жан - 7% 
6. Дүнген - 120.000 жан 
7. Араб, қытай, қарақалпақ және басқалары - 360.000 жан 
Барлығы: 498000 жан. 
Тіршілік  көркеюі  бір  жағынан,  жердің  топырағына  қарай  болса,  екінші  жағынан,  судың 
көп  -  аздығымен  байланысады.  Әсіресе,  Түркістанда  тіршілік  негізі  қолдан  шығарған  су 
болады. Қай шаруа болса да, қолдан шығарған суменен көгереді. 
Түркістанда қолдан су шығарылмаған жерлерде тіршілік құру мүмкін емес. Онда тіпті жан 
болмайды. Сондықтан, Түркістанда халықтың ең қалың жері, тіршіліктің ең үлгілі жолға 
құрылған  орны  суы  мол  аудандарда.  Тау  арасы,  жыралар,  су  бойлары.  Сондықтан, 
Түркістанда кейбір ауданда жан басына 10 десятинадан артық жер келіп, кейбірі Ферғана 
сияқты қолдан су шығарылған абат ауданда 1 десятина жерге 20 жан келеді. 
Жоғарыдағы  көрсетілген  сандарға  қарағанда,  2  десятина  үлгіртілген  жерге  бір  жан,  яки 
болмаса  үлгертілген  жермен  үлгіртілмеген  бірақ,  пайдаға  асатын  жерді  қосқанда  19 
десятина  жерге  бір  жан  келеді  екен.  Сонда,  бір  үйде  4  жан  болса,  8  десятина  жер  тиеді 
екен. 8 десятина қолдан су шығарылған жері бар шаруа кедей бола ма? 
Шаруа  басына  8  десятина  жер  қалай  қылғанда  тиеді?  Түркістанда  кейбіреулер  20-30 
десятина жерге ие болып келсе, кейбіреулері жері көптерге жалшылық етіп келді. Өйткені, 
жоғарыда  айтылған  3  млн.  288  мың  331  десятина  үлгіртілген  жер  дегеніміз  -  қолдан  су 
шығарылған жерлер еді және сол қолдан су шығарылған жерлер дұрыс бөлінбей келді. 
1915-1919  жылдар  арасындағы  мағлұматқа  қарағанда,  ол  жерді  пайдалану  реті  мынадай 
екен:  1900000  десятинасы  /5880/  аймақтағы  1941  орыс  қыстақтарының  пайдасында 
болған. Қалған 1.388.331 десятина /4770/ жер 6380000 жан жергілікті жұрттарға берілген. 
Сөйтіп, іштен келген отаршылар жан басына 3 десятинадан артық жер алғанда, жергілікті 
жұрттың  7  жаны  1  десятина  жерге  зорға  иеленген.  «Жеті  үйге  бір  қазан»  деп  осыны 
айтады. 
Жер-су  жағынан  Түркістанның  жергілікті  жұрттары  жауыздықты  жалпы  көрсе,  әсіресе, 
басынан тоқпақ түспеген қырғыз - қазақ болды. 
Өйткені,  отаршылдар  пайдасына  берілген  1900000  десятина  жердің  607  десятинасы 
Сырдария,  1200000  десятинасы  Жетісу  қырғыз-қазақтарынан  алынған  жер  еді.  1.807.007 
десятинадан  басқа  1915-1919  жылдар  арасында  және  отаршы  өз  бетінше  қырғыз-қазақ 
жерін  есеп-қисапсыз  тағы  талап  алған.  Сондықтан,  ішкі  Россияда  маңдайына  тіпті  жер 
бітпеген,  бір  ат,  2  өгіз  есігіне  өмірінде  байланбаған  отаршылар  Түркістанға  келіп, 
байлығы жылдан жылға зорайып, күннен күнге молайып, ақырында өз байлығына өзі не 
бола алмағандықтан малай салып, жалшы жалдайтын болды. 

25 
 
1915  жылдары  Ферғана  және  Сырдария  ауданындағы  119  отаршылар  қыстақтарында 
жалшы  еңбегіменен  пайдаланушылардың  саны  23%  56-ға  жетіп,  қырғыз-қазақ  арасында 
жерсіз - сусыз қаңғырып қалғандардың саны 52%-ға толды. Сөйтіп отаршылдық саясаты 
арқасында жергілікті жер иесі, қырғыз - қазақ ішінен келген отаршыларға жалшылық етіп 
күн көріп, тіршілік құрып келді. 
Диханшылыққа  сүйеніп  те  қырғыз-қазақ  жұрты  ілгері  басудан  қалды.  Қырғыз-қазақ 
жұрты ел болып, есін білгелі қолданып келе жатқан шаруасы - аяқты мал еді. Бірақ, оның 
да  өрісі  тарылып,  жолы  қысқарып,  жайы  кетті,  күйі  қашты.  Сондықтан,  аяқты  мал 
шаруасы  да  әр  2-3  жылдың  ішінде  жұтқа  ұшырап,  індетке  душарланып,  ақырында 
төмендей - төмендей түрі мынадай болды: 
1911 жыл                              1915 жыл                               1919 жыл 
1. Ірі-қара-2430000              2399500 бас                          110100 бас 
2. Жылқы - 2291000 бас     2224000 бас                          666400 бас 
3. Майда қара 
(ешкі, қой)- 19310000?                           ?                                       ? 
4. Түйе                         ?       715400 бас                           270500 бас 
5. Сиырдың майдасы ?       17028900 бас                       870500 бас 
Барлығы: 2420700 бас        22457800 бас                     6881800 бас 
Сөзден көрі мына көрсетілген цифрлардан соқырға таяқ ұстатқандай аяқты мал шаруасы 
жылдан  жылға  түрлі  себептермен  нашарлап  келе  жатқаны  сезіліп  түр.  Бүл  бетімен,  бара 
жатқанда аяқты мал шаруасы тез түзеліп, беті бері қарайды, молаяды деуге сөз бармайды, 
үміт аз. 
Диханшылық пен аяқты мал шаруасы бірдей нашарлап, қырғыз-қазақ шаруасы күйзеліп, 
берекесі  қашты.  Аяқты  мал  шаруасы  мен  диханшылық  осы  күйінде  тұрғанда  қырғыз  - 
қазақтың тамағына талқан, жүрегіне жалғау болатыны көрінбейді. 
III 
Патшашыл өкімет тұсында салынған отаршылдық жолы Октябрь революциясының әуелгі 
жылдары  өте  тездеп  тамырын  жая  бастағаны  жоғарыда  айтылған  сөздерден,  сандардан 
белгілі. 
Бұрын  отаршылдық  не  түрі,  жауыздықтың  қандай  үлкені  болса  да  «законға» 
сыйыстырылатын  еді.  Революцияның  бастапқы  жылдары  әркім  өз  тонын  өзі  пішіп,  өз 
бетінше адасып, законы жұдырығы болды. Күштілердің үстемдігі жүрді. Орнықпай тұрған 
заманды  пайдаланып,  кісі  дүниесін  талауды  әдет  алған  отаршылар  қырғыз-қазақты 
бұрынғыдан да жаман талады. 
Сондықтан, 24207000 бас аяқты малдан 6881800 басы - ақ қалды. Соңғы жылдары жер - 
суға  қырғыз-қазақты  отаршыларымен  теңгеру  ісі  басталып  еді.  Түрлі  себептерменен  ол 
аяқталмай  қалды.  Сонда  да  болса  жер-су  реформасы  кезінде  істелген  жұмыс  нәтижесі 
және қырғыз-қазақ кедейлерін жерге орналастыру үшін берілген жер ауданы мынадай: 
 
 
үлгірген 
үлгіртілмеген 
Барлық 
десятина 

26 
 

1916 ж. 
Басқыншылық  етіп  алғандардан 
босатылған  және  қырғыз-қазақ 
пайдасына берілген жер 
28765,27 
16443,73 
45209,00 

Өз 
еңбегімен 
пайдаланбаған 
дихандардан алынған жер 
30340,02 

30340,02 

Көшпелі  елдер  жүретін  жолдарды 
босату  үшін  және  бөтен  түрлі 
себептермен босатылған жер 
6470,33 
5001 
652 

Еңбек мөлшерінен артық табылып 
алынған жер 
12620 
24104 
12861 

Бөтен түрлі жерлер 
1140,04 
4780,28 
1718 

Бос жатқан жерлер 
10552815 

105528,05 
 
Барлығы: 
154024,002 
17635,00 
171659,083 
 
Октябрь  революциясының  беті  өзгеріліп,  жер-су  реформасы  жүргізілгеннен  бастап  1922 
жылы 1 январьға дейін қырғыз-қазақ кедейлерінің қолына анық берілген жер шамасы осы 
болды. 1922 жылы 1 январьдан июльге шейін жер реформасы жүргізілді. Бірақ, ол арада 
қырғыз-қазақ  кедейлеріне  берілген  жер  шамасы  1922  жылдағыдан  аз  емес  болса  да, 
қолымызда  толық  мағлұмат  болмағандықтан  жүргізген  жер-су  реформасы  нәтижесімен 
оқушыларымызды таныстыруға болмай түр. 
Патшашыл  Россия  колониясы  болған  Түркістанда  ескі  өкімет  тұсында  жүргізілген 
саясатты  кеңестер  өкіметі  жақсы  түсініп,  ақсақты  айыра  қумай,  қырғыз-қазақ  кедейін 
отаршылдармен  жер  -  суға  шын  теңгеру  үшін  екі  жылдай  Түркістанда  әсіресе,  Жетісуда 
жер-су реформасы жүргізіліп, нәтижесі жоғарыда айтылғандай болды. Бұл аз жұмыс емес 
және революцияның қарқынды кездерінде істеліп қалған іс. 
Қырғыз-қазақ кедейлерін жер - суға отаршылармен теңгеру үшін салынған бұл бір мықты 
жол еді және қырғыз-қазақ кедейлеріне үлкен бір сын болды. Жер-су реформасы тұсында 
алған  аяқты  малды  олжа  деп  түсініп,  берілген  жерді  бұрынғыдай  бос  тастап,  салақтық 
қылса,  қырғыз-қазақ  кедейлерінің  басына  бұрынғы  қараңғы  күні  қайта  орнауында  тіпті 
талас жоқ. Ол айдан анық, күннен жарық. 
Ескі  әдетті  тастамай,  алған жерді  үлгертпей, берілген малды өсірмей, тегін тамақ денені 
таза қылады деп атып ауызға ұра берсе, қырғыз-қазақ кедейлерінің тінбесін «тегін тамақ» 
жаңа шаруа саясаты һәм еңбек мөлшерімен жер пайдалану заңы тесіп шығатыны да анық. 
Еңбек ұраны шақырылып, алдыңғы істің алдына бейнет салынып отырған дәуірде «еңбек 
қылмай емемін» деген ой тәтті қиял, құрғақ дәме болады, жер сусыз құр алақан қалады. 
Сондықтан, әрбір жер иесі, қырғыз қазақ кедейі алған жерін өз еңбегімен үлгіртуді өзіне 
міндет  біліп,  жаңа  шыққан  еңбегімен  жер  пайдалану  заңының  қырғыз  қазақ  кедейлері 
арасында мынадай көздеген мақсаты, іс жүзінде жүргізу жолында болуы қажет: 
1 - Жатақ болуды ыңғайлаушы көшпелілерді жерге орналастыру; 
2 - Көшпелі һәм мал шаруасын қолданушылар ауданында жер істерін жөндіктіру. 
Осы  екі  жұмысты  басқару,  екпінді  етіп  жүргізу  үшін  Түркістан  жер-су  комиссариаты 
жанында әдейі де бір кеңсе ашылды. Ел болайын, халық қатарына енейін, жерге иеленейін 

27 
 
деген  әрбір  адал  ниетті  қырғыз-қазақ  кедейі  жоғарыда  айтылған  екі  жұмысты  ескеруі 
қажет. 
Қайғышыл 
ТҮРКІСТАНДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ? 
(бір екі сөз) 
Түркістанның тіршілігінің негізі - ауыл шаруасы: диханшылық, мал шаруасы, мұнда, түрлі 
кәсіптер де нашар. Патша өкіметі Түркістанды өзіне қаратып алғаннан соң, мұндағы ауыл 
шаруасынан шығатын заттарды ішкі Россияға тасумен болды. 
Россияның басқа жерлеріне қарағанда, Түркістанда ауыл шаруасының дүмі күшті, бағасы 
артық.  Мұнда  Россияның  басқа  жерлерінде  шашылмайтын,  шашылса  да  шықпайтын, 
шықса  аз  шығатын  нәрселер  бар:  мақта,  күріш,  жеміс,  жібек  сияқты.  Мал  шаруасынан 
шығатын заттар: жүн, тері, ет, май, бұлар Еуропа¬да алтын орнына жүретін заттар. Міне, 
Россия  Түркістанды  өзінікі  қылғаннан  кейінгі  жерде  осы  нәрселерді  ішкі  Россияға 
тасуменен болды. 
Түркістанның топырағы тіршілік құруға қолайлы, сіңірген еңбек жанады. Бірақ, мұның бір 
мықты шарты бар. Ол жерді қолдан суғару, жер, су, күн тіршіліктің тұтқасы, табиғаттың 
бүл 3 күшінің тепкісі әсіресе, Түркістанда күшті. Бұларсыз еңбек еш, күн кем. Түркістанда 
сумен  жерді  айыруға  болмайды.  Осылардың  ғана  арқасында,  табан  ақы  маңдай  тері 
жанады. Судың мол жылдарында 1 жаздың ішінде бірнеше рет оратын өсімдіктер бар. 
Түркістан  табиғатының  Россияның  басқа  жерінен  өзгеше  байлығы  патша  өкіметінің 
аузынан суын ағызып, аранын аштырған, тез байығысы келгендер бейнетсіз, машақатсыз 
пайда іздеушілер Түркістанға келіп отар ашқан. 
Түркістан  жерінің  мөлшеріне  келсек,  үлкен:  осы  күнгі  күнбатыс  Европадағы  үлкен 
мемлекеттердің  бірнешеуі  сиып  кеткендей.  Түркістан  жерінің  мөлшері  мынау:  166 
миллион  десятина,  бірақ,  жер  көп  болғанымен  оның  әр  түрі  бар,  жақсы  да,  жаман  да, 
табаны күректей 69 миллион десятина жер ешбір  тіршілік қылуға  жарамайтын қолайсыз 
жер (таудың бастары, мұзды, қарлы тау бастары, шақпақ таулар, бетпақ шөл далалар). 20 
миллиондай  десятина  жер  ағаш,  2  млн.  Жарымдай  ғана  қолдан  суғарып  егін  шашатын 
жері бар. Суғармай қардың, жаңбырдың суыменен егін шығатын жері тіпті аз, бірақ оның 
есесіне мал жайылымдығы мол. 64 млн. десятинадай тау жайылымдығы, даласы бар. Бүл 
мал  жайылымдығынан  жаңадан  5  млн-дай  десятина  жерді  қолдан  суарып,  егіндікке 
айналдыруға  болады.  Одан  басқа  тау  етегіндегі  мал  жайылымдықтан  5  млн.  десятина 
жерді егіндік қылуға мүмкін секілді. Бірақ, онда Түркістанда мал шаруасы құрмақшы. 10 
млн. десятинадай жер егіндікке айналдырылса, 50 млн. десятинадай мал жайылымдық жер 
мал өрісінен шығып қалмақшы. 
Сонымен,  Түркістанның  толып  жатқан  жерінің  егіндік пен  мал  шаруасына  жүзден  42-ақ 
жарамды.  Мұның  жүзден  3-і  егіндік,  мал  жайылымдығы  39,  бұған  сексеуілі  бар  жер 
қосылуға тиіс. Оны ағаш деп әлде қандай қылып мал жайдыртпайды. Сексеуілі бар жерді 
қоссақ,  Түркістанның  жалпы  жерінен  жүзден  14-і  мал  жайылымдығына  қосылмақшы. 
Енді Түркістанда бұл жер қалай бөлінген? Ол жерде қалай тіршілік қылатынына келелік. 
1915 жылғы алынған  есептің мағлұматына қарасақ, 1345000 түтін түтететін үй бар екен. 
Мұның  6400000  үй  жер-суы  бар  отырықшылар,  115000  жерсіздер,  5900000  көшпелілер 
(1916- 1918 жылдардағы оқиғалардың әлегінен көшпелілердің саны көп кеміген халықтың 
қайсысы  болса  да  соңғы  жылдарда  кеміген,  кеміген  реті  төменде  көрсетілер,  сонда  да 

28 
 
көшпелілердің  қалғаны  менен  ана  жерсіздерді  алсақ,  әлде  де  түпкілікті  жер 
орнықтыратындар саны көп). 
Түркістанның  өткен  тарихы,  тағдырына  көз  жіберсек,  неше  түрлі  ауыр  оқиға,  әңгіме, 
ұрыс-қағыс, жанжал керісті көргендігі көрінеді. Түркістанда тұрушы ұлттардың арасында 
зор  дұшпандық  болған.  Барлығын  туғызған  жер  мәселесі.  Тіршілік  қылуға  жердің 
тарлығы, аздығы, жетпейтіндігі - жанжалдың көп тамыры осы. 
Түркістанның  өз  ішіндегі  жәйді-күйді  анық  түсіну  үшін  онда  тіршілік  қылып  отырушы 
ұлттардың санын көрсетейік. 
1915-ші  жылғы есептің берген мағлұматына қарасақ, Түркістанда 76900000 мың жан бар 
екен. (1920-шы жылғы есебінде 502310963 жан бар, бес жылдың ішінде 20,4680,037 жан 
кемігенін көреміз). Мұның ішінде 3,800,000-дай жан отырықшы сарт, өзбек, тәжік сияқты 
жұрттар (1920 жылғы санақта бұлардың саны 20,450,667 жан, бес жылдың ішінде кемігені 
1,349,333  жан).  Қазақ-қырғыз  2,400,000  жан  (1920  жылғы  санақта  1,696,609  жан,  бес 
жылдың  ішінде  кемігені  7030391  жан).  Түрікпендер  4000,000  жан  (1920  жылғы  санақта 
266,681  жан,  бес  жылдың  ішінде  133,319  жан  кемігені).  Басқа  жергілікті  түрлі  ұсақ 
халықтар 1600000 келімсектер 9300000 жан (мұның ішінде таза орыс баласы 600000-дай 
жан, 1920 жылғы санақта 5,522,292 бес жылдың ішінде кемігені 73,329 жан). 
Түркістанды  меңгерген  үркердей  өрістің  жуан  жұдырықтары  кешегі  күнге  шейін  қайта 
1920 жылға шейін жуан көкіректің менмендігімен келді. Жергілікті халықты адам баласы 
емес деп қарағандай болды. 
Кеше  тақтан  құлап,  су  түбіне  кетердің  алдында  ғана  патша  үкіметі  Түркістанға  сауын 
сиырдай қарай бермей, Түркістанның жергілікті халқына аз да болса бұрынғы көзқарасты 
өзгерту  керек  дегендей  пікір  қолданғансып  еді.  Оның  бер  жағында,  Октябрь  өзгерісі 
болғаннан  соң,  кеңестер  өкіметі  жан-жақтағы  жаудан  құтылып,  Октябрь  өзгерісінің 
негіздерін сөз - сөзіндей емес, іс жүзінде жүргізбекші  болып, ұлт автономиясын жөндеп 
түзеу жұмысына кірісті.  
Түркістанда  кеңестер  өкіметіне  Октябрь  өзгерісінің  негіздерін  жарыққа  шығару  үшін 
алдыменен  жұмысты  келімсектер  менен  жергілікті  халықты,  әсіресе,  қазақ-қырғыз 
жұртын  шын  теңдестіруге  өзгеріс  жолыменен  кірісуге  тура  келеді.  Бүл  мақсатқа  жету 
үшін  алдымен,  Түркістанда  бар  шатақтың  тамыры  болған  жер  мәселесін  бір  жөнге 
салмасқа болмады, соңғы жылдарғы дабылы жер жарған «жер мәселесі» дегендер осыдан 
туды. 
М. Шағырша, 
Ташкент, 16 январь 1923 жыл 
Ескерту:  Бұл  мақаладағы  көрсетілген  сандар  1920  жылғы  санақтан  алынған  —  оның 
анықтығына күмәндіміз. 
КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРҒА ҚАРАҒАН ЖЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮПКІ НЕГІЗІ 
Патша  заманында  орталық  һәм  күнбатыс  губерниялары  жермен  пайдалану  жұмыстары 
дұрыс  түрге  салынып,  әсіресе,  халық  қалыңдаған  сайын  ол  шаруашылықтарға 
айналдырылып  жатқан  кезде,  бір  оңтүстік  және  шығыс  жақтағы  көшпелілердің  жерлері 
хүкіметтің отарына айналдырылып алынумен болғаны барлығымызға да белгілі. 
Моңғол  шапқыншылығынан  кейін  Ресей  хүкіметі  мемлекет  құрған  жұмысын  жеңілдету 
үшін  халықты  жерлендіру  жұмысына  кірісті:  Әскерде  қызмет  қылып,  болмаса  жай 

29 
 
жұмыспен  үкіметке  жаққандарға  жер  бөліп  беріп,  олардың  жұмысына  жерсіз 
крестьяндарды қалдырды. Күндердің күнінде әлгі жер қожасының қолындағы крестьяндар 
үкімет салығынан бір, өз қожасының салығынан екі зәбірленіп, күн көре алмасқа айналған 
соң,  бос  жерлерге  қаша  бастады.  Ол  кезде  бос  жер  жалғыз  көшпелі  халықтарда 
болғандықтан,  әлгі  ішкі  Россиядан  ауғандардың  барлығы  да  сол  көшпенділердің  ішіне 
келіп, орын алып, жер иеленген. Соңғы кезде бұған қайта үкімет те жәрдем қыла бастады. 
Үкімет  саясаты  ол  кездегіден  бүл  күнде  басқа  бет  алса  да,  1920-21  жылдардағы 
ашаршылықтың шұбырындылығы, бұратана халықтардан жер алудың олардың өздерінің 
жерімен пайдалану талабына көп қиғаштық көрсетіп отыр. 
Өзгеріске  дейінгі  жүргізіп  келген  саясаттың  түрі  (осы  күнде  де  біте  қойған  жоқ)  орыс 
халықтарының шаруасына, пайда - зиянына қарамай тек әйтеуір жер алу еді. «Өзіміз тегіс 
жерлерге  орналасқанша,  жеріміз  шетке  алынбасын»  деген  халықтардың  арыздарын 
үкіметтің  ісіне  қарсылық  деп  санады.  Ондай  қылушыларды  жазалаған  жерлер  де  болды. 
Сол  кездегі  жүріп  тұрған  законында  бұрынғы  халықта  өздерінен  артылмаған  жерді 
иеленуге  болмайды  деп  көрсетушілерді  де  жазалады.  Ол  кезде  ішкі  Россияда  жер 
жетпегендіктен  халық  арасында  көп  шатақ,  қозғалыстар  шығып  жатқандықтан  үкіметте 
отырғандардың  ойлары  -  жерге  наразыларды  бұратана  көшпелі  халықтың  жеріне 
аудырып, ызаландырып, тыныштандыру еді. 
Қазақтың  жерін  аларда  үкімет  «өздерінің  пайдаға  асыратындарыңнан  қалған  артығын 
аламыз»  десе  де,  ыңғай  жердің  шұрайлы  -  шабындық,  егіндігін  алды.  Отырған  елдің 
өздеріне ең қайдағы жаман жерлер қалдырылды. Тіпті, кейбіреулерді қыста үйінен қуып 
жіберілгендер де болды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет