Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Педагогикалық қарым-қатынас



бет86/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байлансты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г.М.Андреева бойынша):

  • коммуникативті;

  • интерактивті;

  • перцептивті.

Педагогикалық қарым-қатынастың атқарылатын қызметі:

  • әлеуметтік;

  • психологиялық;

  • инструменталдық.

Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:

  • тиімді байланыс орната алмау;

  • сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;

  • педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;

  • оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

  • өзінің психикалық жағдайын басқара алмау және т.б.

Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігін әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынасты төмендегідей іскерліктер құрайды:
- ақпаратты беру іскерлігі;
- оқушы жағдайын түсіну;
- балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде: «Конфликт- құндылық үшін күрес және белгілі бір мәртебе, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру» – деп көрсетіледі.
Педагогикалық қақтығыс, психологиялық кедергілердің ерекшеліктері:

  • Проблемалық жағдаяттарда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;

  • Конфликтіге қатысушылар әртүрлі әлеуметтік мәртебеге ие;

  • Өмір тәжірибесі әртүрлі;

  • Дау тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;

  • Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;

  • Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет