Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет23/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Әдебиеттер тізімі
1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
3.Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
5. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
6. Рейвн П. Современнея ботаника. -Москва., 1990.
7. Курсанов Л.И и др. Ботаника . -Москва, 1966.


Лекция №11,12



  1. Тақырыбы: Мүктәрізділер бөлімі.

Мақсаты: Студенттерге жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі құрылымдық ерекшеліктері, мүктәрізділердің шығу тегі, жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы туралы білім беру.


Жоспары:

  1. Мүктәрізділер бөлімі.

  2. Мүктәрізділердің шығу тегі. Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы.

  3. Тіршілік жағдайы мен географиялық таралуы.

  4. Мүктәрізділердің кластарға бөлінуі .



Лекция мәтіні: Мүк тәрізділер бөлімі – Bryopmyta.
Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай құрылысы: Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының – спорофиті мен гомотофитінің алмасуы байқалады. Алайда бұлардың гаметафиті басым болып келеді, ал қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады.Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясында дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырылады.
Гометафит дегеніміз – жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан құратын өсімдік. Тамырлары жоқ олардың қызметін ризоидтары атқарады. Ал ризоидтар дегеніміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады. Жыныстық көбеюі органдары көп клеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті споргон деп аталынады, ол гамтофитке бағынышты морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, элипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағатқа ұқсас аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетім споралар гометафитпен тығыз байланысты болды, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері голетофиті мен спороганын қосып есептегенде 60 см аспайды.
Мүк тәрізділер сырт құрылысы және эколгияс жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сасудтары мен тамырлары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиясы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде, ағаштанған формалары болмайды.
Таралуы. Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрықтарында кездеседі, бірақ таралуы бір келкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлердің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерінде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктердің жабынының қаыптасуында алатын орны ерекше.
Мүктәрізділердің үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы – Anthacerot-psida, бауыр мүк класы – Marschantipsida, немесе Heraticopsida, нағыз мүктер классы Bryopsida немесе Musci. Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтанда біздер осы екі класқа тоқтауды жөн көрдік.
Бауыр мүктер класы – Mepatikopsida.
Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетативті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғанын көрсетеді.
Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция – Мarschantia palymorpha. Ол гаметаларының ұзындығы 10-12 см болатын, дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермис пен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі устьицесі болады. Бұл төрт қатар орналасқан, арнайы клеткалармен қоршалған үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицелердің астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түті қабықшаларға жатқызылад. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады, бағаналы паренхимиялық клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофильдері жоқ паренхимиялық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршинциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.
Талломның үстінгі жағында ерекше бұтақшалар – тіректер пайда болады ал, олардың жоғары жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктерде тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Қалқаншаның жоғары жағында антиридиалды қуыстың ішіне антиридийлері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен спермотозоид қосылғаннан соң, зиготадан спороген жетіледі. Ол қысқа сағақты қорапшадан тұрады және гаустеориялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткалардан мейоздың нәтижесінде гоплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споролардың массасының ыдырауын және қорапшадан сыртқы шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларының маршенцияның талломы өсіп шығады.
Вегетативті көбеюі, линза формалы, түсі жасыл болып келетін өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзіңкелердің ішінде, олардың түбінде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған. Олар көп жағдайда ылғалы мол жерлерден: көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардың, ормандардағы төменгі ярусты өсімдіктердің арас кездестіруге болады.
Нағыз мүктер класы – Bryopsida немесе Musci
Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлердің өсімдіктер жабынына олар басым болып келеді, және құрлықтың сумен қамтамасыз етілуіне үлкен әсері болады. Гаметофитті тік сабақтың өсетін тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер жауып тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ және сабақ деп айтуға болады. Бүйірінен бұтақтанады. Өстің ұзындыққа өсуі үстіңгі пираминальды клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Өсуі моноподиальды немесе симпониальды болу мүмкін. Соған байланысты жыныстық көбею органдары және спороганы гаметофиттің жоғарғы жағында немесе бүйірлік бұтақшаларында орналасады.
Нағыз мүктер класы үш кластармағынан тұрады: андреев мүктері класстармағы, шымтезек мүктері кластармағы, жасыл мүктер кластармағы. Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.
Шымтезек мүктер кластармағы – Spagnidac.
Бұл кластармағы бір қатардан, бір тұқымдастан тұрады. Оған жалғыз сфагнум туысы жатады. Туысқа 300-ден астам түр жатады, оның 42-сі бұрынға одақтас республикалырдың территориясында кездеседі.
Шымтезек мүктерінің құрылысы бір – тектес болып келеді, сондықтанда оларды анықтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғары жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтардан жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды. Оның ортасында өткізгіш және артық қор заттарын жинау қызметін атқаратын өзек алып жатыды. Өзектің клеткаларының қабықшасы жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады. Оның бірі арқаулық қызмет атқаратын склеродермалар, ал екіншісі бойына су жинау қызметін атқаратын гиолодермалар. Гиолодермалардың клеткаларының үлкен, өлі клеткалар, олардың қабықшаларының дөңгелек тесіктері болады, солардың көмегімен іргелес жатқан клеткалардың қуыстары бір-бірімен және сыртқы ортамен қарым-қытынаста болады. Кейде бұл клеткалар спираль тәрізді жулыңдап жуандаған жолақтар түзеді. Жапырағы құрылысы және атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен айқын айырмасы болатын бір қатар клеткалардан тұрады. Олардың біреулері тірі, хлорофил дәндері болатын клеткалар. Соңғыларының клетка қаьықшалары спираль тәрізді жуандап қалыңдаған көптеген тесіктері құрылысы жағынан гиолодерманың су жинайтын клеткларына ұқсас болып келеді, оларды гиолинді клетка деп атайды.
Гиолинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде тіпті өсімдіктердің өз салмағынан 30-40 есе артық суды жинап және осы ұзақ уақыттар бойы ұстап тұра алады. Гомотофиттер қос жынысты және даражынысты да болып келеді.
Шымтезек мүгінің құрылысы өзінің ерекшелігімен: протоммасы табақшасы, өткізгіш шоғы мен ризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дифференцияланған.
Жасыл мүк кластармағы .
Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүгіне қарағанда біршама көп таралған тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарда дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, яғни олардың айқын басым болып келетін немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлер тундра батпақты жерлер батпақты жерлер және омандардың кейбір типтері. Әрбір жердің өзіне тән түрлері болады. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жынысты көбею органдыры бір түрлерінде негізгі өсіне, ал екіншілері бүйірлік, бұтақтарында пайда болады.
Спора арқылы жасыл түсті тарамдалған жіпшелер секілді өскінше жетіледі. Онда бүршіктер пайда болады, келешегінде осы бүршіктердің үлкен галетофиттер түзіледі. Ал галетофит дегеніміз бұл жерде сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет