Дәрістің артықшылығы: дәріс білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен бірге айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс жүргізушінің мақсаты – студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Соңғы кезде кредиттік жүйе бойынша студенттерге оқытушыларды таңдау еркі берілген. Бұл оқытушының дәріс оқу шеберлігін арттыру проблемасын алға қояды.
Көп оқытушылардың есептеуінше, дәріс жүргізушінің міндеті – өз пәнін жақсы білу және оны анық түрде баяндау. Бірақ «анық түрде баяндау» деген не? Бұл өте күрделі педагогикалық проблема – бұл баяндаудың жүйелілігі, көрнекілігі, тыңдаушылардың материалды саналы және белсенді түрде меңгеруі, нәтиже ретіндегі түсіну.
Дәріске қойылатын талаптар Дәріс пен оқытудың адамгершілік сипаты, ғылымилық (қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі) және ақпараттық деңгей, дәлелділік және дәйектілік, ашық, сенімді мысалдардың, фактілердің, негіздемелердің, құжаттардың және ғылыми дәлелдердің жеткілікті мөлшерде болуы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойын белсендендіру, ой-толғаныс үшін сұрақтар қою; қарастырылатын сұрақтардың қатаң құрылымы және қисыны; әдістемелік өңделуі – негізгі ойларды және қағидаларды көрсету, қорытындылардың астын сызу, қорытындыларды түрлі формулировкада қайталау; қол жетерлік деңгейде және анық баяндау, жаңа терминдерді және атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше аудиовизуальды материалдарды қолдану. Аталған талаптар дәрістің сапасын бағалау критерийлерінің негізін құрайды.
Дәрістің құрылымы Дәрістер бір-бірінен құрылымы бойынша ажыратылады. Ол берілетін материалдың мазмұнына және сипатына тәуелді. Бірақ кез-келген дәріс түріне ортақ жалпы құрылымдық негіз бар. Бұл ең алдымен дәрістің жоспарын беру және сол жоспарды қатаң сақтау.Жоспарда дәрістің басты сұрақтарының атаулары беріледі. Олар кейін емтихан сұрақтарын жасақтауда пайдаланылады.
Алдыңғы өткен дәрістің мазмұнын еске түсірген пайдалы, оны жаңа материалмен байланыстырып, жалпы курс, пән құрылымында оның орнын және маңызын анықтау қажет.
Тақырыпты ашуда индуктивті әдісті қолдану ұсынылады: ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мысалдар, фактілер; сонымен бірге дедуктивті әдісті де қолдануға болады: жалпы қағидаларды түсіндіріп, оларды нақты мысалдар негізінде көрсету. Талданатын әрбір қағида бойынша қорытынды жасалу керек, оларды интонациямен және қайталаумен айқындаған жөн. Дәріс соңында жалпы қорытынды жасау керек. Колледж және ЖОО-дағы дәстүрлі дәріс ақпараттық болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: кіріспе дәріс, шолу-қайталау дәрісі, шолу дәрісі.
Кіріспе дәріс.Ол студенттерді курстың мақсат-міндеттерімен, оның оқу пәндері жүйесіндегі орны және маңызымен таныстырады. Әрі қарай курсқа жалпы шолу жасалады (аталған ғылымының даму кезеңдері, белгілі ғалымдарының есімдері). Бұндай дәрісте ғылыми проблемалар қойылады, болжамдар ұсынылады, ғылымның даму перспективалары және оның практикадағы маңызы белгіленеді. Кіріспе дәрісте теориялық материалды мамандардың болашақ жұмыс практикасымен байланыстырған жөн. Содан кейін курс бойынша жұмыс жасаудың жалпы әдістемесімен таныстырып, оқулықтар және оқу құралдарына сипаттама береді, міндетті әдебиеттер тізімімен, емтиханда қойылатын талаптармен таныстырады.
Шолу-қайталау дәрісітараудың немесе курстың соңында оқылады. Онда сол тараудың не курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық қағидалар қарастырылады. Бұл курстың квинтэссенциясы.
Шолу дәрісі.Бұл қысқаша конспект емес, білімді жоғарырақ деңгейде жүйелеуге бағытталған. Бұнда емтиханның күрделі сұрақтары да қарастырылады.
Дәрісті оыған кезде оқытушы студенттердің конспект жазатындығын естен шығармаған жөн. Конспект мұқият тыңдауға, жазу барысында жақсы есте сақтауға көмектеседі, семинар сабақтарына, емтиханға даярлық барысында негізгі материалдың болуын қамтамасыз етеді. Дәріс білім алушының міндеті – студенттерге ұғына отырып конспект жазуға мүмкіндік беру. Тыңдауға, ұғынуға, өңдеуге, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру. Бұл үшін оқытушы студенттерге көмектесуі қажет. Бұны аудиторияның реакциясынан көріп отыруға болады.