Лекция №1 Тақырыбы Сурдопедагогика жалпы негіздері Жоспары


Сурдотехникалық аппараттар /бақылау және диагностикаға арналған/



бет9/30
Дата01.07.2023
өлшемі117,44 Kb.
#103899
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
2.Сурдотехникалық аппараттар /бақылау және диагностикаға арналған/
Естімейтін балаларды оқыту және тәрбиелеу процессінде балаларда үнемі жеке есту аппараты болу керек, жеке есту аппараттың көмегімен қалдық есту қабілетін дамыту керек. Жеке есту аппаратының турлері болады: аналогты, сандық есту аппараттарының желісі.
Оқу сыныбына және фронтальды оқу қызметін қамтамасыз етуге арналған дыбыс күшейткіш құралдары: 
1.Oticon өндірген A/S (Дания)
"Amigo" сымсыз оқу сыныбы
- жиынтық 1 мұғалім – 10 оқушы 
- жиынтық 1 мұғалім – 8 оқушы 
- жиынтық 1 мұғалім – 6 оқушы 
- жиынтық 1 мұғалім – 5 оқушы 
- жиынтық 1 мұғалім – 4 оқушы 
2.PhonicEar өндірген, Inc. (США)
"FrontRowToGo" дыбыс күшейткіш құралы
Сынып бөлмелеріне, дәрісханаларға, оқу залдарына және т.б. арналған дыбыс күшейткіш жүйе
3.Логопедиялық «Дэльфа» жаттығу қондырғысы
Компьютерлік логопедиялық   «Дэльфа» жаттығу қондырғысы – бұл  есту және сөйлеу тілі дамуының бұзылыстары бар балалардың ауызекі және жазба сөйлеу тілдерін жан-жақты түзетуге арналған көп жақты компьютерлік кешенді бағдарлама. Жеке компьютер негізінде жұмыс істейтін жаттығу қондырғысы қандай да болмасын сөйлеу тілдік бірліктерден дыбыстан мәтінге дейін жұмыс істеуге, сан алуан сурдологопедиялық міндеттерді: сөйлеу тілдік тыныс алуды, дауысты және сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жақтарын дамытуға дейін дыбысты айтуды түзетуге, сөйлеу тілдік бұзылыстарды түзету үдерісіне ойын сәттерін ендіруге, жаттығу мен сөйлеу тілдік материалдардың қажетті түрін қайта-қайта қайталауға, әр түрлі ынталандыру материалдарын (суреттер, әріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер, дыбысталатын сөйлеу тілі) пайдалануға, оқушының даму мүмкіндігіне қарай әр түрлі деңгейдегі күрделілікте жұмыс істеуге, логопедиялық жұмыспен бір мезгілде қабылдау, зейін, есте сақтау қабілеттерін түзетуді шешуге мүмкіндік береді.
Жаттығу қондырғысының жиынтығына сөйлеу тілдік сигналды өңдеуге арналған Блок, микрофон, негізгі бағдарлама мен сөздікпен жұмыс бағдарламасы, топтық сабақтарды өткізу жұмыс тәсілдері мен әдістемесінің сипаттамасы берілген практикалық толық басшылық енген.
4.Әлеуметтік-тұрмыстық оңалтуға арналған сурдотехникалық құралдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет