Лекция 13. Салық жүйесі >13. 1



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата09.05.2022
өлшемі256,11 Kb.
#33249
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Жер  салығы  1992  жылы  енгізілді.  Жерге  салынатын  салықты  енгізу  мынандай 

мақсаттарды  көздейді:  экономикалық  әдістермен  жерді  ұтымды  пайдалану  және  жерге 

орналастыру,  жердің  құнарлығын  арттыру,  оны  қорғау  жөніндегі  шараларды  жүргізу 

үшін,  сонымен  бірге  аумақтың  әлеуметтік-мәдени  дамуы  үшін  бюджет  кірістерін 

қалыптастыру.  Жер  салығын  төлеу  барлық  жер  иелері,  жер  пайдаланушылар,  соның 

ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады. Жер салығын анықтау үшін жер 

учаскесінің  аланы  салық  базасы  болып  табылады.  Салық  әрбір  жер  учаскесі  бойынша 

жеке салық  базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі. Қорғаныс 

қажеті  үшін  берілген  жерлерге  салынатын  салықты  алу  тәртібін  Үкімет  белгілейді. 

Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді. 



Мүлікке  салынатын  салықтар  тура  нақтылы  салыққа  жатады,  оның  мөлшері 

мүліктің  табыстылығына  емес,  төлеушілер  мүлкінің  құнына  байланысты  болады.  Салық 

мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  меншік,  шаруашылық  жүргізу  немесе 

оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында 

салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің 

мүліктеріне  салынатын  салықты  төлеушілер  болып  табылады.  Заңды  тұлғаның  шешімі 

бойынша оның құрлымдық бөлімшелері салық төлеушілер ретінде қарастырылады. 

Мүлікке  салынатын  салықты  төлеудің  көзі  табыстың  мүлікті  пайдаланудың 

нәтижесі  болып  табылатындығына  немесе  өзге  де  әдістермен    алынатындығына  

қарамастан олардың табысы болып есептеледі.   

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет