Лекция №8 Қазақ- ресей қатынасы. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты Жоспар



бет3/3
Дата27.03.2023
өлшемі32,55 Kb.
#76526
түріЛекция
1   2   3
біріншіден, Қоқан хандығымен (қазақтарды азат ету үшін) соғыс;

  • екіншіден, қырғыздармен қантөгісу соғысы;

  • үшіншіден, өзін қолдаудан бас тартқан қазақ руларына мейірімсіздігі.

    Ал бұлардың барлығына объектівтік әсерін тігізген Ресей империясының экспанциясы, яғни тарихи шешуші роль атқарған.
    XIX ғасырдың 30-жылдарында Қазақстан мен Орта Азия отарлаушы саясат жүргізген ірі мемлекеттердің экспанциялық бақталастығында болуы әр түрлі елдердің әскери-саяси, барлаушылық және насихат қызметтерін едәуір жандандыра түсті. Бұл жағдай Ресейдің осы аймақтағы саясатына тікелей өз асерін тігізді. 1833 жылдың жазында Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып тағайындалған В.А. Перовский өз алдына екі міндет қойды:
    Біріншісі – орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындыру;
    Екіншісі - орыс әскерлерін Орта Азия хандықтарының шекараларына жақындатуды тездету.
    1834 жылы Манғыстауда Ново-Александровск бекінісі мен Орскіден Тройцкіге дейінгі әскері шеп салынды. Орыс әскерлері Сырдарияның сағасын басып алып, онда 1847 жылы Райым бекінісін, ал 1848 жылы Қазалы фортын салды.
    Бұл әскери шептерді құрудан мақсат Сырдария төменгі ағысы Ақмешітке дейін Ресей аумағы деп саналса да, (өйткені ол Кіші жүздің бір бөлігі болатын), бірақ іс жүзінде бұл аумақ Хиуа ханы билігінде болды. Осындай жағдайда қазақ халқы орыстар билігіне бағынбай Хиуа, тағы бір бөлігі қоқандықтарға көшіп кетуге тырысқан. Бұған қарамастан қазақ билерінің орыс әкімшілігіне оң көзқарасы ұзаққа созылған жоқ. Орыс әскерлері өздерінің отаршылдық әрекеттерімен Сыр өңірінің қазақтарын өздеріне қарсы қойылды. Соның салдарынан халық орыстардың әскери күшіне қарулы қарсылық көрсетті.
    Жаңа форпостар орыс гарнизондарының біртіндеп Сырдария бойымен жоғары өрлеуіне және қоқандықтардың ірі бекінісі Ақмешітке жақындауына мүмкіндік берді. В.А.Перовский 1853 жылғы 28 маусымда Ақмешітті басып алып, орнына Форд-Перовск әскери бекінісін құрдырды.
    Сөйтіп, Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылып, оған Райымнан Ақмешітке дейінгі аудандар енгізілді.
    Патша өкіметі Арал теңізінде кеме жүздіру мақсатында зерттеу жұмыстарын бастады. Олар 1848 жылы «Николай» және «Константин» желкенді екі шхунасы Орынбордан Райым бекінісіне бөлшекреліп түйеге артып әкелінді. 1848-1849 жылдарда А.И.Бутаков басшылық еткен экспедиция Арал теңізін зерттеп, соның негізінде теңіз картасы жасалды.


    Бақылау сұрақтары:
    1. ХVІІІғ. аяғы мен ХХғ. басындағы қоғамдағы саяси ахуал
    2. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы
    3. Кіші жүз территориясындағы ұлт-азаттық көтерілістердің мазмұны, тарихи мәні
    4. К.Қасымов көтерілісінің тарихтағы ролі
    5. Қазақ жеріндегі Ресей әскери шептерінің салынуы

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет