4. Семинар сабақтарын өткiзудiң формалары: - оқу пәнiнiң ең маңызды тақырыптары бойынша білім алушылардың хабарламалары мен
баяндамаларын талқылау;
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң нақты сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- конструктивтiк пiкiрталастар;
- семинар – «дөңгелек стол»;
- семинар – «ақылдасу»;
- семинар – «топсеруен»;
- «аз топтардың» әдiсi;
- «баспасөз мәслихаты» әдiсі;
- «түпдеректердi түсiндiру» әдiсі;
- семинар - iскерлiк ойын;
- оқылатын оқу пәндерiнiң ерекшеліктеріне сәйкес басқа да педагогикалық іс-әрекет
түрлерi болуы мүмкін.
5. Практикалық және семинар сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзуге қойылатын талаптар Практикалық және семинар сабақтары оқу пәнiнiң жұмыс бағдарламаларына сәйкес
жоспарланады.
Практикалық және семинар сабақтары білім алушылардың академиялық тобының
құрамымен ұйымдастырылады, жүргiзiледi.
Практикалық және семинар сабақтары кафедра меңгерушi бекiткен әдiстемелiк
нұсқаулармен қамтамасыз етілуi керек. Сабақтарды өткiзуде әдiстемелiк нұсқаулардың
электрондық нұсқалары да қолданылады.
5.1. Семинар сабақтарына қойылатын ұйымдастыру-әдістемелік талаптар: - семинар сабақтарын курстың сәйкес тақырыбы бойынша лекция оқылғаннан кейін
өткізу;
- семинар сабақтары жоспарларының курс бағдарламасына сәйкестілігі;
- зерделенген тақырыптың түйінді проблемаларын қамтитын айқын сұрақтарды
қалыптастыруы;
- семинарда қарастырылатын сұрақтардың шектеулі (2-3) болуы;
- сабақ жоспарына рефераттар мен баяндамаларды қамтуы;
- тақырып бойынша әдістемелік нұсқаудың болуы;
- сабақта демонстрациялайтын материалдардың (схема, плакат, диаграмма, техникалық
құралдардың және т.б.) болуы.