Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет3/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Еңбек психологиясы
адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық 
ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық 
аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып 
табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация 
психологиясы, ғарыш психологиясы. 
 Педагогикалық 
психология
адамға 
білім 
және 
тәрбие 
берудің 
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен 
ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын 
меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарыды 
реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология 
келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы – дидактиканың 
психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік 
мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де 
мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік 
тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, 
еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты 
мәселелерді қарастырады. 
Медициналық психология
дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-
құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: 
психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына 
қатынасын зерттейтін 
нейропсихологиядан;
адамның психикалық әрекетіне 
дәрілердің 
әсер 
етуін 
зерттейтін 
психофармакологиядан

адамның 
денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, 
оның 
әдіс-тәсілдерін 
айқындайтын
 психопрофилактика 
және 
гигиенадан; 
адамның 
психикалық 
ауытқушылықтарын 
зерттейтін 
патопсихологиядан

психикалық 
ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін 
зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін 
клиникалық психологиядан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет