Лекция жоспары: Ядроның құрлысы мен қызметі Ядро қабықшасы Ядро шырыны Ядрошық Хромосомдар



бет2/7
Дата14.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#74080
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Фосфолипопротедтты мембрана




2. Ядро шырыны
Ядроның біркелкі қоймалжың сұйық бөлігі кариоплазма деп аталады. Оның құрамына су, белок, көмірсулар, нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды тұздар иондары кіреді. Кариоплазма митоз кезінде цитоплазмамен қосылып кетеді. Ол ядроның құрам бөліктерін байланыстырып тұрады.
Ядро шырын сөлі ядроның құрылым аралық кеңістігін толтыратын мөлдірлеу тұтқыр сұйықтық, болып саналады. Ядро шырын сөлінің құрамында нәруыздар, ядро ферменттері, хроматин нәруыздары, бос нуклеотидтер, РНҚ-ның барлық түрлері, ядрошық пен хроматин әрекеттерінің өнімі болады.

3. Ядрошық
Ядро құрамындағы қара-көк түске боялған, дөңгелек келген денешікті ядрошық деп атайды. Оның мөлшері 1 – 5 мкм, оның негізін жуандығы 60 – 80 нм жіпше торы құрайды. Ядрошықтың саны 1 – 2, кейде одан да көп болуы мүмкін. Ядрошық нуклеопротеидтен (РНҚ және белок) құралған. Онда рибосомалық РНҚ (р-РНҚ) және рибосомалар түзіледі.
Ядрошықтың саны бір немесе бірнешеу болады. Ядрошықтың 15 пайызы ДНҚ мен 80 пайызы ақуыздан тұрады. Олар рибосомды нуклеин қышқылдары және рибосомаларды синтездеу қызметтерін атқарады. Митоздың (жасушаның бөлінуі) бөліну кезінде ядрошықтар жойылып кетеді және жаңа жасуша пайда бола бастағанда қайтадан синтезделе бастайды, интерфаза сатысында олардың синтезделуі толығымен аяқталады. 
Барлық жасушалардың ядроларында 1-ден 3-5-ке дейін жұмыр пішінді ядрошық болады. Ядрошықтар рРНҚ құрылымы туралы ақпараттар кодталған хромосомалардың белгілі үлескілерінде түзіледі. Ядрошықтарда рРНҚ және рибосомалар түзіледі де, соңынан цитоплазмаға өтеді.




4. Хроиатин,хромосомалар


Хроматин дегеніміз - ДНҚ және нәруыздары бар ядроның жіп тәрізді құрылымы. Ол хромосомалардың шиыршықтана ширатылған және тығыз үлескісі болып есептеледі.
Хромосомадан бірінші реттік кермеленуді немесе центромерді ажыратып көруге болады, ол хромосоманы екі иыққа бөледі. Ағзаның тәндік (жынысқа жатпайтын) жасушалардың барлығындағы хромосома саны бірдей, қосарлы, ал жыныс жасушаларында хромосомалар екі есе аз - жеке жиынтық болады. Бір түрге жататын ағзалардың барлығының жасушаларындағы хромосомалардың құрылысы, саны мен мөлшері бірдей. Ағзаның тәндік жасушаларының хромосомаларының барлық белгілерінің жиынтығы кариотип деп аталады. Ағзалар түрінің көпшілігінде хромосомалар саны тақ болып келеді. Тәндік жасушаларда пішіні мен мөлшері бірдей екі хромосома болады, оның біреуі - аналық ағзадан, екіншісі - аталық ағзадан тұрады. Сондықтан пішіні, мөлшері және құрамы бойынша бірдей хромосомалар ұқсас хромосомалар деп аталады. Тәндік жасушаның екі еселенген хромосома жиынтығы диплоидты хромосома деп аталып, 2n арқылы белгіленеді.
Хромосомалардың морфологиясы және көлемі. Хромосомалардың жалпы морфологиясы оларды ең қысқарған және экватор жазықтығында орналасқан метафаза немесе анафазаның бастапқы стадиясында жақсы байқалады. Бұл кезде хромосомалар жақсы көрінеді, олар пішіні мен үлкендігі жөнінен айрықшаланады (сурет). Әр хромосоманың формасы негізінен алғашқы тартылыс кезінде анықталады, ол жерде центромера бо-лады. Әр түрлі хромосомолардағы центромераның орны түрліше болады, бірақ ол әр хромосоманың өзіне тән және тұрақты болады.
Центромера хромосоманың ең ұшында болмайды деп бол-жайдьц Хромосомалардың ең үшындағы сеғменттері теломера ' деп
аталады./Хромосоманың центромераға жақын орналасқан. учаскесін проксимальді, қашығырақ учаскесін дистальды деп атайды.
Хромосомада алғашқы тартылыстан өзге, ұршық жіпшелерімен байланыссыз екінші тартылыс болуы мүмкін, (сурет). Хромосомадағы бұл тартылыс ядрошықтың қалыптасуымен байланыстьу оны ядрошық уйымдастырушы деп атайды. ;Хромосоманың бұл учаскесінің құрылысы күрделі екені анықталды және рибосомалық РНК синтезіне жауапты.ІЕкінші тартылыс кейде өте ұзын болуы мүмкін, ондай жағдайда ол тартылыс хромосоманың негізгі денесінен шағын учаскені бөліп тұрады, ол спутник деп аталады Мұндай хромосомалар спутникті деп аталады / (2-сурет, 6).
Жоғарыда айтылғандай, метафаза кезінде хромосомаларды полюске тарататын центромераға ұршық жіпшелері бекітіледі. Егер хромосоманың центромерсіз учаскесі (ацентрлік фрагмент) бүзылса, ол репродукциялана алуға қабілетті, бірақ центромераны қалпына келтіре алмайды. Центромерасы болмағандықтан, мұндай ацентрлік фрагмент ориентация жасай алмайды, сондықтан клетка бөлінуі кезінде көбінесе жойылып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет