Өзара бағалау Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.
Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады.
Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді.
Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек.
Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды. Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма және т.б. сұрақтар қойылуы қажет.
.