Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары Математиканы оқытудың әдістемесі Дәрістер тезистері


-Лекция. Математиканы оқытуды саралау



бет16/20
Дата13.07.2023
өлшемі403,32 Kb.
#104284
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері м-emirsaba.org

13-Лекция. Математиканы оқытуды саралау

Оқытудағы даралау мен саралаудың негіздері. Білім беруді саралау (білім берудің дифференциациясы) – әртүрлі бейімділіктері бар білім алушыларды бір текті топтарға ұйымдастыру арқылы білім алуға жағдай жасау (технологиясы). Білім берудің индивидуализациясы – білім алушылардың әртүрлі өзіндік ерекшеліктерін, бейімділіктерін ескеру арқылы жүргізілетін мұғалімнің оқушылардың тобымен қарым-қатынасы. Саралаудың пайдалы жақтары: барлық балаларға біркелкі бағалау мен орта деңгейде ғана оқытуды болдырмау; оқуға мүмкіндіктері жоғары оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеру; білім алуды оңайлату үшін және оқу материалын жақсы игеру үшін қабілеттеріне қарай оқушыларды топтарға біріктіру; үлгерімі төмен оқушыларға тиімді жағдай жасау. Оқытудығы кері байланыс: - cыртқы: оқушы – мұғалім оқушы; мұғалім – оқушы; - ішкі: оқушы – оқушы. Қағидалары: кері байланыс қағидасы; таңдау еркіндігінің қағидасы; ашық болу қағидасы; іс-әрекет қағидасы; идеалдылық қағидасы; дамыған кері байланыс әдістері арқылы оқу үрдісін әрдайым бақылап отыру. Саралау (дифференциал (лат. differentia – айырма, айырмашылық)). Саралап іске асыру (дифференциация – франц. differentiation, лат. differentia – айырма, айырмашылық) бүтін нәрсені әртүрлі бөліктерге, формалар мен басқыштарға (деңгейлерге) бөлу. Бұрын «саралап оқыту» деп орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бөліп, айырып жазу деген түсінік болған; бұның нәтижесінде орта мектеп өзінше белгілі бір бағыттарға (өндірістік, физика-математикалық, биологиялық, гуманитарлық т. б.) бағытталуы іске асып отырған. Осы бағыттардың әрбіреуінің өзіндік ерекшеліктері, өзінің пәндері бейіндейтін өзіндік циклы болды. Сол кезде саралауға келесі анықтама берілген еді: Оқытуды саралау – оқушылардың ынталары мен қабілеттіліктерін ескеру арқылы орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бөліп, айырып жазу. Кеңес үкіметі кезінде жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, факультативтік сабақтар, талантты балалар, арналған арнайы мектептер (музыкалық, сурет, хореографиялық, спорттық) арқылы іске асырылап отырған [29]. Оқытудың ерекше формасы саралап оқытумен қоса оқыту үрдісінде оқушыларға «сарау тұрғысы» деген ұғым пайда болды, бұл мұғалімнің оқыту жұмысы мен оқушының жұмысының арасындағы қатынасты анықтайды, Бұдан басқа, педагогика мен психологияның қазіргі заманғы жетістіктері мен математиканың заманауи әдістемесі көп көңіл бөліп отырған оқушылардың оқу жұмыстарына өзіндік қатынасы оқушы мен мұғалім жұмыстарының бірлігі мәслелесінегі үлкен көкейкесті мәселелерді анықтап отыр және ұжымдық қатынас жағдайында оқытуды түгелдей толық саралау мүмкіндігін де қарастырып отыр. Осыған орай, қазіргі заман дидактикасында оқытуды саралау ұғымы мен оқытуды даралау ұғымының арасына нақты шекара жүргізілмегенін айта кетпекпіз. Оқытуды тиімді даралау мәселесі арнайы әдіс – оқытуды программалау әдісінің пайда болуына ықпалын тигізді. Сондықтан оқытуды даралау мәселесі ең алдымен программалап оқытумен айналысатан адамдардың көңіл аударып отырған мәселесіне айналған. Алғашында оқытуды даралау деп оқушылардың оқу жұмысын олардың әрқилы қабілеттеріне қарай әртүрлі темппен ұйымдастыруды қамтамасыз ету деп қана түсіну болған. Мұнда, оқытуды даралауда үлгерімі жоғары оқушыға аздау ал, үлгірімі төмен оқушыға көбірек жаттығу керек деп атап көрсетілген еді. Бірақ, кейінгі кезде оқытуды даралау мәселесі программалық оқыту зерттеулерінің аясынан шығып, өздігінше дамуды бастаған, жалпы оқытуды тиімді етумен байланысты маңызды мәселе ретінде қалыптаса бастады. Оқушылардың оқу жұмысын даралаудың жеткіліксіздігі олардың қабілеттерінің барынша дамуына кедергі жасайтыны, білім деңгейінің төмендеуіне әкелетіні дәлелденді. Бұл мәселенiнің математиканы тиiмдi оқытуды жүзеге асыруда ерекше орны бар екені түсінікті. Бұл оқушылар алдында оны оқып-үйренудегі туындалатын қиындықтардың себебінен де; орта білім беру жүйесінде математикалық білім берудің білімдік жағының артуына да байланысты. Математиканы оқытудағы даралау оны оқытуды міндетті түрде саралауды қажет етеді, бұны барлық оқушылар, сондай-ақ жек бір оқушы үшін оқытудың барлық кезеңдерінде жан-жақты түсініктілік және оң қорытындысының болуы деп түсіну керек. Математикадан оқытуды даралау оқу үрдісінде ұжымдық жұмыстан бас тарту дегенді білдірмейтінін, ол оқушылардың дара және ұжымдық жұмысытарының ұйымдасқан бірлігін көрсететінін айта кету керек. Кез келген оқу пәніндегі, сонымен бірге математикадағы оқытуды саралаудың негізгі мақсаттары ретінде келесі тұжырымдарды санау қажет: 1) оқушының жеке өзіндік қабілеттерін дамыту және оқытуда пайдалану; 2) әрбір оқушының танымдық қызығушылығын дамыту және оқытуда пайдалану; 3) ) әрбір оқушының интеллектуалдық қабілеттері мен дарынын дамыту және оқытуда пайдалану; 4) әрбір оқушының оқуға қабілеттілігін барынша дамыту; 5) саналы түрде мамандық таңдауға дайындау; 6)әрбір оқушының оқуға деген өзіндік жұмыс істеу дағдысын дамыту. Осыған байланысты математика пәнінің мұғаліміне өзінің оқушыларының білімділік деңгейі, оқуға қабілеті, қызығушылықтары мен қабілеттері тұрғысынан жан-жақты, жақсы зерттеуі қажет. Осыны жақсы іске асыру үшін, тесттік жаттығулардың белгілі бір жүйесін пайдалану тиімді. Бұның мақсаты келесі нәрселерді тексеру болып табылады: 1) оқытуды қабылдау деңгейі; 2)өздігінше жұмыс істеу білуі; 3) оқу текстін түсініп, белгілі жылдамдықпен оқи алуы; 4) тапқырлық қабілеті; 5) математикалық ойлаудың қандай да бір құраушысының даму деңгейі; 6) танымдық қызығушылығы т. б. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру Ынтымақтастық педагогикасы – екі тараптардың ісі, балалардың да, үлкендердің де белсенділігін талап етеді. Бірақ, оның орындалуы мен орнығуы үлкендердің үлесінде. Жеке тұлғаға бағытталудың – басты мақсаты: нақтылық төңірегіне бағытталудың педагогикалық әрекеттері синтезінің қағидасы ретінде қарастырылады. Педагогикалық үрдісте болып жатқан әрекеттерінің бәрі тек осы мақсатқа жетуде қаншалықты педагогикалық деңгейде істелгенімен анықталады. Жек тұлғаға бағытталу – бұл педагогикалық үрдісте жеке тұлғалық жаңа бейнелердің механизмін ашып көрсететін түсіндіру қағидасы. Бұл қағиданың мәні жеке тұлғаның өзіндік ашылуындағы адамның өзінің орны мен ролін түсінбейінше оның өміріндегі ешбір өзгерістерді түсіндіру мүмкін еместігін көрсетуінде. Жеке тұлғаға бағытталу – білім беру үрдісінде жеке адамның еркіндік қағидасы ретінде: оның мақсаттарды, білім алу «жолдарын» таңдауы, оқылатын мазмұнды (жеке тәжірибесін) өзіндік, жеке тұлғалық қабылдауын қалыптастыруы мағынасында анықталады. Жеке тұлғаға бағытталуды – педагогикалық үрдістің бүтіндігі жөніндегі көрініспен байланыстырады. Жеке тұлғаға бағыт ұстау – білім беру жүйесін құруда қосындылауды (саяси немесе басқа мақсаттарды), функционализмді болдырмауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағытталу – индивидтің (жеке адамның) өзіндік жеке қаситеттерін дамытуға және өзіндік дамуға бағытталған педагогикалық үрдістің ерекше түрі ретінде де қарастырыла алады. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру адамның өзіндік өмір сүруінің механизмдерін – рефлексиясын, мағыналық шығармашылығын, тапқырлығын, жауаптылығын, жан-жақтылығын т.б. дамытуды білім берудің мазмұндары мен әрекеттік қосымшалары жұмытарын бағыттаған өзінділік мақсаты ретінде қарастырады. Әлеметтік тұрғыдан саралаудың мақсаты қоғамның әрбір мүшесінің, социуммен қарым қатынасында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында қоғамның шығармашылық, интеллектуалдық, кәсіптік потенциалын қалыптастыру болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан саралаудың мақсаты мектептің көкейкесті мәселелерін оқушыларға білім беруді саралау жолымен, жаңа мативациялық негізге негізделген жаңа дидактикалық жүйе жасау болып табылады. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан саралаудың қорытынды мақсаты – әрбір оқушының жасырын жатқан дарынын оятуға, қызығушылығы мен қабілеттерін барынша дамытуға негізделген даралау болып табылады. Оқытудағы саралаудың психологиялық-педагогикалық ұйымдастырушылық негіздері Қоғамның барлық балалардың дарындарының ашылуына тиімді жағдайлар жасау мен олардың қабілеттіктерін барынша дамытуға деген ынтасы оқытуды саралау қажеттілігіне әкеледі. Оқытуды саралаудың қажеттілігі қоғамның адамдардың қажеттіліктері мен қызықушылықтарын қамтамасыз етуден бастау алады. Оқушылардың жоғары оқу орындарында білім алуын жалғастыруы бейіндік саралауды талап етеді, бұл әсіресе орта мектептегі оқудың соңғы кезеңдерінде, жоғары сыныптарда маңызға ие болады. Оқытудағы саралаудың психологиялық-педагогикалық ұйымдастырушылық басқа бір негізі оқушылардың қабылдауы тиіс білім көлемінің артуына байланысты болып отыр. Ғылымның тез қарқынмен дамуы білімнің үздіксіз үлғаюына әкеледі. Жаңа білімнің неғұрлым мәнді құраушылары білім беру аймағына келіп түседі. Бұл мектеп бағдарламаларындағы оқу материалдарының үздіксіз көбеюіне әкеледі. Соңғы төрт жүзжылдық уақыт аралығындағы уақыттан бері оқу пәндерінің басым көпшілігі бойынша оқу бағдарламаларында оқу материалының көлемін азайту, тіпті болмаса тежеу ешбір қорытынды бермеді. Оқушының орта мектептегі оқитын уақыты аралығындағы алуға тиіс білім көлемінің үлкендігі соншалық, оны игеруге қажет уақыттың жетіспеушілігі мен осыған байланысты артық салмақ қазірдің өзінде анық байқалып жүр. әсересе, қабілеттілігі орташа, ұқыпты оқушылар үшін осындай ауыр салмақ ауырға түседі. Мұндай оқушылар, әдетте, өте тырысып жұмыс істейді де, қорытындысында осының олардың денсаулықтарына жағымсыз әсер етуіне әкеледі. Қабілеттіліктері орташа оқушылар саны басым болғандықтан, мұғалім, олардың оқу жұаысындағы қындықтарын байқап, матералды түсіндіру темпі мен тереңдігін азайтады. Бұл қабілеттіліктері орташа оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келгенмен, қабілеттіліктері жақсы оқушыларды ыңғайсыз жағдайға қояды. Соңғылары, жұмыс істеуде қажетті деңгейде тырысуды қояды да, кейбір пәндерден сыныпта ғана жұмыс істеумен шектеледі, бұл қорытындыда олардың қабілеттіліктерінің дамуын тежейді. Бұл үстіртін жұмыс істеу, өркөкіректік т.б. сияқты жеке тұлғаның жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды. Оқытудағы даралау мен саралаудың формалары Саралап оқыту дегеніміз – бұл: 1) оқу үрдісін ұйымдастару форамсы, мұнда мұғалім оқу үрдісі үшін қандай да бір мәні бар ортақ қасиеттері бар оқушылардан құралған топтармен жұмыс істейді (гомогендік топ); 2) ортақ дидактикалық жүйенің бір бөлігі, бұл бөлік білім алушылардың әртүрлі топтарын арнайы мамандандаруды қамтамасыз етеді (16-кесте). Оқытудың саралануы (оқытуға саралау тұрғысы) – бұл: 1) әртүрлі мектептер, сыныптар, топтар үшін олардың құрамының ерекшелігін ескеру мақсатында әр түрлі жағдайлар жасау; 2) гомогендік топтардағы оқу үрдісін өткізуді қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық шаралардың кешені. 16-кесте – Оқытуды саралау Оқытуды саралау Саралауға анықтама беруге әртүрлі жақтан келу психологиялық педагогикалық әдістемелік Оқушылардың барлық мүмкін болатын әртүрлі ерекшеліктерін есепке алу және соған сәйкес топтар ашу Оқушылардың икемділіктерінің дамуына жауапты оқыту жүйесі Оқу материалының мазмұнын саралау Саралаудың түрлері Саралаудың формалары Бейіндік деңгейлік Сыртқы (гомогендік, гетерогендік топтардың болуы мүмкін) Ішкі (гомогендік, гетерогендік топтар) қашықтан Оқытуды саралау – жеке тұлғаның дара-типтік ерекшеліктерін (жалпыға ортақ және арнайы қабілеттіліктер, даму деңгейі, қызығушылықтары, нервтік жүйесінің психологиялық-физиологиялық қасиететтері т.б.) ескеретін оқу үрдісін құру, бұл оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері, ұйымдастыру формалары әрқилылы топтарды құрумен сипатталады. Оқытуды саралаудың қағидасы – педагогикалық үрдіс сара түрде құрылатынына сәйкес ереже. Саралаудың (бөліп оқытудың) ең негізгі түрі даралап оқыту болып табылады . Оқытуды саралау формалары екі түріге бөлінеді: сыртқы (арнайы мектептер, сыныптар) және ішкі (сынып ішіндегі). Ішкі саралау балаларды оқу үрдісінде дара-типтік ерекшеліктеріне қарай тұрақты топтарға кездейсок белгілеріне қарай бөледі. Топтарға бөлу анық немесе анық емес болады, топтың құрамы алға қойылатын оқу мақсатына байланысты өзгереді. Сыртқы саралау – бұл оқушыларды белгілі бір белгілеріне (қабілеттеріне, қызығушылықтарына т.б.) қарай тұрақты топтарға бөледі. Мұнда оқу мазмұны да, оқыту әдістері де, ұйымдастыру формалары да өзгереді, айырмашылықтары болады. Саралаудың түрлері оқушыларды топтарға бөлу негізінде жатқан белгілерге қарай анықталады. Саралаудың дәстүрлік түрлері – бұл жалпыға ортақ және арнай қабілеттіліктер, қызығушылықтар, жобаланған мамандық бойынша саралау. Сыртқы саралау оқу үрдісін ішкі саралауға қарсы емес, керісінше, оны қолдайтынын айта кету керек, себебі, сырқы саралауда құрылатын топтар кейбір жағынан гомогендік (бірдей қабілеттіліктер бойынша топталған) болғанмен, басқа тұсынан гетерогендік (әртүрлі қабілеттіліктер бойынша топталған) болуы мүмкін, бұл ішкі саралаудың қажеттігіне кеңістік қалдырады. Білім мазмұнының бейіндік саралануы Білім мазмұнына қарай оқытудағы саралауды екі түрге бөледі: бейіндік және деңгейлік. Ал, оқыту формасына қарай сырқы және ішкі сараланулар болады. Білім мазмұнының бейіндік саралануы мектеп оқушысының өзінің танымдық қызығушылығын, қабілеті мен жетістіктерін және кәсіптік болжауын ескеріп, оқыту бейінін өзінің еркін таңдауы. Ол басқа жеке оқушыларға қарағанда жеке даралық қатынасты іске асыруға бағытталып, оқушыларды саластырмалы түрдегі тұрақты топтарға бөлуді қарастырады. Бұл топтарда оқыту мазмұн жағынан, оқушылардың білімдері мен біліктеріне қойылатын талапар жағынан ерекше бағдарламалар арқылы жүргізіледі. Топтарда оқыту әртүрлі жолдармен іске асырылады: білім мазмұны жағынан ерекшеліктер болады, кейбір оқыту әдістерінің басыңқы ролі, олардың формасы мен әдістері т.б. өзгереді. Білім мазмұнының бейіндік саралануының негізгі орта мектептің базистік оқу жоспарының пәндері, яғни саралануға «пәндік» жақтан келу болып табылады. Үш түрлі негізгі бейінге бөлу қабылданған: физика-математикалық, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық.. Математикадан білім берудің бейіндік және деңгейлік саралануы Математикадан білім беруде саралануының үлкен маңызы бар, бұл осы пәннің ерекшелігіне байланысты түсіндіріледі. Математика объективтік жақтан алғанда мектептегі ең қиын пәндердің бірі және көптеген оқушыларға субьективтік қиындықтар тудырады. Сонымен қатар, көптеген оқушылардың осы пәнге анық байқалатын қабілеттіліктері болады. Курсты қабылдау мүмкіндігі бойынша әртүрлі екі «полюстағы» оқушылардың арасындағы айырмашылық едәуір үлкен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет