Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. Лекция жоспары: 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар



бет4/9
Дата08.11.2022
өлшемі28,13 Kb.
#48323
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.
Бодуэн де Куртенэ жас грамматикалық бағытпен тығыз байланыста болды, көп жағдайда олардың концепциясын жақтады.
20 ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. 19 ғасырдың соңғы он жылы мен 20 ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
Сөздер мен заттар бұл – мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).
Г.Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырды. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән берді. Г.Шухардт «Заттар мен сөздер» деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат – алғашқы, ол еш нәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал, сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол – затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті – соны ашу дейді.
20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайд болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің «Лингвистикадағы позитивизм мен идеализм» (1904), «Тіл – шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм деп аталу себебі – оның өкілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымын – эстетиканың бір саласы, эстетика – оның негізгі, қайнар бұлағы деп қорытады. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904ж.), В.Пизани (1899ж.) т.б.
Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген еңбектер жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет