Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет23/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Гистологияның зерттеу әдістері. Гистологияда түрлі зерттеу әдістері қолданылады. Олар: микроскопиялық (жарық микроскопиялық, электронды микроскопиялық), гистохимиялық, иммуногистохимиялық, авторадиографиялық, ұлпаларды өз орнында, орналасқан жерінде (іn situ) гибридтеу, ұлпаларды организмнен тыс (in vitro) зерттеу әдістері.
Гистологияның зерттейтін обьектілері өте ұсақ болғандықтан олар жарық және электрондық микроскоптар арқылы зерттелінеді. Жарық микроскопиясының әдістері: фаза-контрасттық, интерференциялық, ультракүлгін, флуоресценциялық, поляризациялық және қараңғы жазықтағы микроскопия. Электронды микроскопия әдістері: трансмиссиялық электрондық және скандейтін электрондық микроскопия.
Гистохимиялық әдістер арқылы ұлпалар құрылымдарындағы әртүрлі нақтылы химиялық қосылыстардың (мысалы, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, кальций, темір, т.б.) мөлшері мен орналасуы анықталады. Гистохимиялық реакция нәтижесінде анықталушы зат боялынған немесе оптикалық тығыздығы жоғарылаған өнімге айналады. Мысалы, метилді жасыл немесе пиронин бояуларын қолданатын гистохимиялық Браше әдісімен бір мезгілде ДНҚ мен РНҚ-ны анықтауға болады. Бұл жағдайда метилді жасыл хромосомалардың ДНҚ-сын –жасыл түске, ал пиронин ядрошық пен цитоплазманың РНҚ-сын қызыл түске бояйды.
Иммуногистохимиялық зерттеу әдістері ұлпа құрамындағы антигендік қасиеті бар заттарды айрықша дәлдікпен айқындауды қамтамасыз етеді. Антиген деп организмге түскен жағдайда, онда иммундық жауап туғызатын, яғни ол организмде антиденелердің түзілуіне түрткі салатын бөгде заттарды айтады. Антиденелер өте ұсақ болып табылатын антигендерді, мысалы тек бір аминқышқылы бойынша айырмашылығы бар екі белоктарды анықтай алады.
Авторадиография әдісі радиоактивті изотоптармен таңбаланған заттардың ұлпаларда орналасуын, зат алмасуға қатысуын анықтауға негізделген. Изотоптар ретінде 3Н, 14С, 32Р, 35S, 127J, 131J қолданылады. Таңбаланған зат (аминқышқыл, азот негізі, т.б.) тәжірибеде жануар организміне немесе зерттелінуші ұлпаның бөлшектері өсіп жатқан жасанды ортаға – дақылға (культураға) егіледі. Ол алғашқы шикізат ретінде ұлпаларда өтіп жатқан зат алмасу процестеріне қатысып, түзіліп жатқан макромолекулалар құрамына енеді. Зерттелінуші материалдан жасалынған кесінділердің бетін қараңғыда фотоэмульсиямен қаптау қажет. Белгілі мезгілді экспозициядан (радиоактивті изотоптың сәуле-сезімтал фотоэмульсияға әсерінің ұзақтығы) кейін фотоэмульсияны шығарса (проявление), мұнда таңбалы заттың орналасуына сәйкес қара түйіршіктер көрінеді.
Авторадиография әдісі бастапқы заттың макромолекула құрамына ену барысын, макромолекуланың ұлпада тасымалдануын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану арқылы көптеген заттардың синтезделуі және секрециясы зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет