сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты
күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір
көтеріп,бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ,ерік күші
әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз тез
ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.
Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек.
Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип болуы мүмкін,
немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қощуы шамадын тыс келетін тип те
ұшырайды. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы
ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін
ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы невр
жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибиенің
нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана
емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.
Достарыңызбен бөлісу: