6. Тағдырға иман
Тағдырға иман - ислам сенім негіздерінің бірі. Яғни барлық нәрсені Аллаћтың қалауы мен жаратуы арқылы жүзеге асатынына сену.
Тағдыр сөзi - бiр нәрсенi белгiлi бiр өлшем, мөлшерге қарай реттеу, белгiлi есеппен жүйелеу деген мағыналарды бiлдiредi. ¦лы Аллаћ барлық нәрсенің жаратылысынан бастап, соңына дейінгі олардың орны мен уақытын, пайда болу түрлерін және жағдайларын, көлемі мен мөлшерін, олар пайда болмай тұрып біледі. Міне осыны “тағдыр” деп атайды.
Ал ұлы Аллаћтың қалаған нәрселерді уақыты келгенде тағдырға сай жүзеге асуын “қаза” деп атаймыз.
Тағдыр мен қазаның жүзеге асуында адамның да атқаратын рөлі бар. Адам өз білімі мен еркіне сай бір нәрсені жасаса, істеген нәрсесіне жауапты болады. Құлдың өз еркімен қалаған ісін Аллаћ өз қалауы бойынша жаратады, яғни Аллаћ – жақсылық пен жамандықты жаратушы, ал адам өз әрекетімен оны жүзеге асырушы. Аллаћ адамды бір нәрсе жаса деп зорламайды, жақсылық пен жамандықты - таңдау адамның өз еркінде.
Қысқасы жақсы, жаман әрбiр iсiмiздi iстеуге ниет ету, таңдау - бiздiң еншiмiзде, ал оны жарату - Ұлы Жаратушының қалауы мен құдiретiне тапсырылады.
Әдебиеттер тiзiмi:
А) Негiзгi әдебиеттер
Ясауи Қ.А. Диуани Хикмет. Алматы, 1998
Хизметли С. Дiнтану. Шымкент, 2001
Есiм Ғ., Артемов А., Қанаев С., Бiләлов Г. Дiнтану негiздерi. Алматы, 2003
Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы. Алматы, 2003
Сейiтбеков С., Нысанбаев С. Ислам Әдебi. Шымкент, 2003
Жолдыбайұлы Қ. Ақиқат шуағы. Алматы, 2004
Кислук К., Кучер О. Религиоведение. Ростов, 2003
по.ред.Писманик М. Религия в истории и культуре: учебник для студентов. Юнити, 2000
Ислам энциклопедиясы. Алматы, 1995
Яблоков И.Н. Основы религиоведения. Москва, 1994
Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.
Максуд Р. Религии Мира Ислам. Москва, 2000
Достарыңызбен бөлісу: |