Әдебиеттер тiзiмi: А) Негiзгi әдебиеттер Ислам энциклопедиясы, Алматы, 1995
Атик М.К., Дәуренқұлов Қ., Мырзабеков М. Ясауитану оқу құралы. Түркiстан, 2002
Пьлев А. Ходжа Ахмед Ясави: Суфиский поэт его эпоха, творчества. Алматы, 1997
Яблоков И.Н. Основы религиоведения. Москва, 1994
Абуов А. Мировозрение Ходжа Ахмета Ясави. Алматы, 1997
Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.
Антология мысли, Суфизм. Москва, 2002
Эрнест К. Суфизм. Москва, 2001
Ахметбек А. Қожа Ахмет Ясауи. Алматы, 1998
Ә) Қосымша әдебиеттер Бегалинова К.К. Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека. Алматы, 1999
Тирмэнгэм Дж. Суфийские ордена в Исламе. М.,1989
Шах И. Суфизм. М, 1994
Жандарбеков З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан, 2000.
Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және Ислам.
Түркiстан халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000
Түркістан тарихы мен мәдинеті. Түркістан, 2000
Есім.Ғ. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мадениет туралы ой. Алматы, 1998
Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы, 1999
Иасауи жолы журналы. Түркiстан, 2004
Бүгiнгi дiнтану мәселелерi. Түркiстан, 2004
Шакизадұлы Н., Ералиева Ж. Әдептiлiк қағидалары. Алматы, 2000
Cebecioglu E. Tasavvuf Terimleri ve Deyimler Sözlüğü. Ankara, 1997
Köprülü F. Türk edebiyatinda İlk Mutasavvıflar. İstanbul, 1993
Mert H. Hoca Ahmet Yesevi. Ankara, 1999
Eraslan K. Divan-i Hikmetten seçmeler. Ankara, 1983
Eraydın S. Tasavvuf ve Tarikatlаr. İstanbul, 1981
9 тақырып
Ахмет Ясауидің өмірі
ХІ-ХІІ ғасырларда жасаған атақты түркі сопысы, кемеңгер ойшыл, дарынды ақын Ахмет Ясауи Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. (Ахмет Ясауидің қай жылы дүниеге келгендігі жайында ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Мәселен, К.Эраслан оны 1083 жылы туылды десе, М.Жармұхамедов 1103 жылы туылды дейді, А.Ахметбек 1093-94 жылы туылды десе, Дәуітұлы 1040 жылы туылды дейді.)
Исфиджаб - Тарым өзеніне қарасты, Шахир өзеніне құятын маңдағы Жібек жолының бойында орналасқан кішкене қалашық. Осы бiр қала 840 жылы Нұх бин Әсәд басшылығымен Самани әскері жаулап алғандығы және халқы көп ұзамай, ислам дінін қабылдағандығы тарихи жазбаларда кездеседi. Кейін бұл қала қарахандықтардың қол астына өткен, Иыған Тегін Сүлеймен Бұғра хан Талас немесе осы Исфиджабта туылған. Аталмыш қала қарахандықтардан кейiн Хорезмшах құрамына, одан кейін Шыңғысханның иелігіне өтті.
әл-Мақсиди өз заманындағы Исфиджаб (Сайрам) қаласы туралы былай деп кеңінен мәлімет береді: “Исфиджаб үлкен сауда орталығы, ол әсіресе киім саудасымен танымал. Бұл қалада төрт есікті мешіт орналасқан және мешіттің әр есігінің алдында қонақжай шатырлар бар…
Исфиджаб қаласы өзінің жеміс ағаштарымен атақты, мұнда жеміс ағаштарының түрлі-түрлісі өсіріледі. Ал халқы көп ұлттан құралған. Исфиджаб халқының жүректері (көңілдері) қатты, мәзћабтарына (дiндерiне) берік, оларда жамандық, жақсылық бірдей кездесіп отырады”.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы Исфиджаб қаласында сопылық тариқаттар мен теккелер де пайда бола бастаған көрінеді. Себебi, Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған.
Шейх Ибраћим орынбасарларының бірі - Мұса Шейхтың қызы Айша Хатунға (Қарашаш ана) үйленген, одан Гауһар Шахназ деген бір қызы және Ахмет деген бір ұлы туылған (Насабнамада келтірілгендей Ибраһимнің Ахметтен басқа Исмаил ата деген тағы бір ұлы болған екен.)
Ахмет Ясауидің ата тегі туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар болғанымен Алматы кітапханасында табылған “Насабнама” бойынша Ахмет Ясауидің ата тегі оның 15-інші атасы - Хазіреті Алиге барып тіреледі, яғни Ахмет Ясауидің тегі хазіреті Алидің әйелі ардақты Пайғамбардың қызы Фатимадан емес, хазіреті Алидің кейінгі әйелі Ханифадан туған Мұхаммед Ханифадан тарайды. Аталмыш жазбада Ахмет Ясауидің ата-тегі былай келтіріледі:
Хазірет Әли радияллаһу анћү;
Хазіреті Әлидің ( р.а. ) ұлы Имам Мұхаммед Ханифа;
Имам Мұхаммед Ханифаның ұлы Имам Мұхаммед Бақи;
Имам Мұхаммед Бақидің ұлы Имам Әли Мұса Риза;
Имам Әли Мұса Ризаның ұлы Имам Хазірет;
Имам Хазіреттің ұлы Садыр баб;
Садыр бабтың ұлы Ысқақ баб пен Абду-л-жәлил баб;
Ысқақ бабтың ұлы Абду-р-Рахим баб;
Абду-р-Рахим бабтың ұлы Абду-л-баб;
Абду-л-бабтың ұлы Исенханжа баб;
Исенханжа бабтың ұлы Қарға баб;
Қарға бабтың ұлы Мәжин баб;
Мәжин бабтың ұлы Хорасан баб;
Хорасан бабтың ұлы Хасан Хожа лақабы Қабаж ата;
Хасан Хожа бабтың ұлы Ибраһим ата;
Ибраһим атаның ұлы Хазірет Қожа Ахмет Ясауи мен Исмаил ата.
Ахмет Ясауидің үлкен ғұлама болуына әкесі Ибраһимнің еңбегі зор дей аламыз. Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ахмет анасынан жастай айрылған, әкесі Шейх Ибраһим де, Ахмет жеті жаста болғанда қайтыс болған. Ахметтің одан кейінгі өмірі әпкесі Гауһар Шахназдың қамқорлығында қалды.
Ахмет жастайынан зерек, ислам ілімдіріне ерекше ықыласты болып өскен. Ол кішкентай кезінде бізге беймәлім бір себеппен әпкесі екеуі Ясы қаласына көшіп келген. Осыған байланысты өз атына қосымша “ясылық” деген мағанадағы “Ясауи” деген атауға ие болған.
Түрік аңызы бойынша Оғыз ханның астанасы болған Ясы қаласы батыс пен шығысты байланыстыратын Жібек жолының бойындағы сауда орталығы болған. Бұл қаланың ескі аты “Шауғар” (Шавгар).
Кейін бұл қаланың орталығы Ясыға ауысқан, осы бiр кезеңнен бастап қаланың аты Шауғар емес, “Ясы” деп атала бастаған. Қожа Ахметтiң заманында бұл қаланың аты Ясы деп аталса керек.
Ахмет Ясауи Ясыға көшіп келгенде бұл қалада сопылық жол кең жайылған болатын. Оған аңыз бойынша Құмшық ата деген сопы мен қазіргі кездегі оның теккесі (дергаћ) дәлел бола алады. Сонымен қатар бұл қалада Арыстан баб есімді мәшћүр шейх құрған сопылық жол да бар болатын. Жас Ахмет Ясы қаласында осы Арыстанбабқа қол беріп, оның заћири (сыртқы), батыни (ішкі) ілімдерін үйренеді. Мұны халық арасындағы аңыздар да қуаттайды және Диуани Хикметте:
Жеті жаста Арыстанбабқа қылдым сәлем,